жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нәтиже сабақ 1 сынып
|
Пән: Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспардағы бөлімі: 1.6. 1.5. |
Мектеп: №136 м/г |
||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні:Нурсейтова Н.О. |
||
|
Сынып: 1 |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|
|
|
Сабақ тақырыбы |
Нәтиже сабақ 1.6 Тыңдаушының назарын аудару. 1.5 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану. 1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту, орфографиялық нормаға сәйкес дұрыс жазу. |
||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
1.1.6.1 сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану) 1.1.5.1 Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана білу. 1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау, сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу. |
||
|
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар: сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын, дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолданады. Түрлі жағдаяттарда этикет сөздерін қолдана біледі, сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажыратады және дұрыс дыбыстайды, сөздерді орфографиялық нормаға сай дұрыс жазады. Көптеген оқушылар: Ойын еркін, көркем сөздердің көмегімен жеткізеді. Кіріктірілген тапсырмаларды тез орындайды. Кейбір оқушылар: Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, образды дәл жеткізу, дауыс интонациясын қолданады, күрделендірілген тапсырмаларға жауап береді. |
||
|
Бағалау критерийлері |
|
||
|
Құндылықтар-ды дарыту
|
|
||
|
Пәнаралық байланыстар |
Математика; Дүниетану; Орыс тілі және ағылшын тілдері; Жаратылыстану |
||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Интерактивті тақтаның мүмкіндігін пайдаланып, топтастыру жұмысын жүргізу, ҚБ тапсырмасын тексеру |
||
|
Бастапқы білім |
Түрлі жағдайлардағы этикет сөздері, дыбыстарды тану, сипаттау, кіріктірілген тапсырмалар |
||
|
Сабақтың кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||||||
|
Сабақтың басы 1 минут 2 минут 1 минут |
Шағын топтарға топтасу. «Баспа әріптер қоржыны» арқылы топтасу. Қоржыннан әріптер жазылған қималарды алып, сол бойынша шағын топтарға орналасады. Неше топ болды? Жұмыс ережесін еске түсіреді Сабаққа психологиялық дайындық: Екі көзің не үшін
керек? Сабақтың мақсатын анықтау. (ҰЖ) Белсенді оқыту 1-тапсырма: Оқушылар ашық сұрақтарға жауап беру арқылы проблеманы анықтайды Мақсат: Айтылым және тыңдалым дағдысын қалыптастыру. Тақтаға сабақ тақырыбы ілінеді. Оқушылар тақырыпты оқиды. Сұрақтарға жауап береді. 1. Бүгінгі тақырыбымыз қандай? 2. Демек, бұл қандай сабақ? 3. Нәтиже сабақтарды қалай өткізуші едік? Ал кіріктірілген дегенді қалай түсінесіңдер? 4. Неліктен біз ол сабақтарды кіріктіреміз? 5. Осы уақытқа дейін қандай ортақ тақырыптарымыз болды?
ҚБ: «Бас бармақ» әдісімен ҚБ беріледі. Сабақтың мақсаты: Бүгін біз сөйлеу барысында сипаттау/ салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолданамыз. Сөздерді орфографиялық ережелерге сай жазу, орфоэпиялық ережеге сай айту дағдыларымызды пысықтаймыз. |
Интербелсенді тақта Топ аттары жазылған бұрыштамалар, топтық жұмыс ережесі. Ашық сұрақтар |
||||||
|
Сабақтың ортасы 1 минут 8 минут 2 минут 3 минут 1 минут 2 минут 2 минут 5 минут 3минут 5 минут |
Ширату: Белсенді оқыту (ҰЖ): 2-тапсырма: «Сипаттау» ойыны Мақсат: Айтылым және тыңдалым дағдысын қалыптастыру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды айыра білу. Дүрбі өлеңін хормен айтады. Әкелді әкем дүрбі, Қарашы деп күлді. Дүрбіні ұстап көрдім. Төңіректі шолдым. Дүрбіні енді білдім, Бар ма сенің дүрбің? Оқушылар өздері отырған топтың аты аталған дыбысқа сипаттама береді. Сол дыбысты қатыстырып сөз айтады. Сол сөзді қағазға жазып, дыбыстық талдау жасайды. Сол сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды. (Сабақ мақсаты еске түсіріледі. Сөйлеу барысында сипаттау/салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдану) ҚБ: Бірін-бірі бағалау: Смайликтер арқылы. Қарапайым дүрбіні алғашқыда не үшін қолданған? Ал дүрбімен ғарышты зерттеген кім еді? (Жаратылыстану пәнімен байланыс) Сергіту сәті: «Ғарышқа саяхат» Т: Саралау 3-тапсырма: «Сөз ойла, көп ойла» әдісі «Қазақстан» сөзінен бірнеше сөз жасау. Қазақстан, қаз, қазақ, аз, ата, атан, нан, ана т.с.с АС: Біздің отанымыз қалай аталады? Отан неден басталады? Топтардың аты өзгереді. Туыстық атаулар арқылы топтасу М: Хормен айту дағдыларын қалыптастыру. Кім қайда барады?
Топтың аттарын үш тілде айту. ЖЖ: 4-тапсырма: Саралау Кім не әкелгенін жазып, дыбыстық талдау жасайды. Қарбыз, сағыз, күшік, ішік, доп. Осы сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрайды. ҚБ: Жарайсыңдар! (Мұғалімнің қошемет сөзі) Бірін-бірі бағалау: «От шашу» әдісі Күтілетін нәтиже: Айтылым және жазылым дағдысы қалыптасады. Сұрақ: Базардан бұл заттарды сатып алу үшін не қажет? Монеталар мен банкноттар туралы айту. ЖЖ: 5-тапсырма: Саралау
МАЛ - ТАЛ НАР – ШАР - ҚАР АРА - ОРА ТӨЛ - КӨЛ - ШӨЛ ТАҢ - ШАҢ САБАҚ -ТАБАҚ - ҚАБАҚ Дескриптор: - Дыбыстарды бір-бірінен ажыратады; - сызықпен көрсетеді; - соңғы сөзге дыбыстық талдау жасайды. ТЖ: 6-тапсырма: «Зеректік» (Аудиожазба арқылы тыңдалым жүргізіледі) . Өлеңді мұқият тыңдаңыз. Мақсат: Айтылым және тыңдалым дағдысын қалыптастыру. Маған да, саған да, Жақын туыс бес адам. Үш әріптен тұратын. Оңға оқы, солға оқы Өзгермейді еш одан. Бәріне де ең жақын Айтады, қане, кім атын?
ата
апа
Туыс іні
ана аға Дескриптор:
Еңбек пен шығармашылық (интербелсенді тақтада жұмыс жасағанда және топта жұмыс жасағанда еңбек және шығармашылық құндылығы дарытылады) ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі. Мұғалімнің марапаттауы |
Өздері әкелген заттар немесе суреттер
Смайликтер
Интербелсенді тақтадағы жазба
Жазбалар
Монеталар, банкноттар (математика пәнімен байланыс)
Үлестірмелер ҚБ-ға арналған тапсырмалар
Интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, топтастыру жасау
Дүниетану пәнімен байланыс
|
||||||
|
Сабақтың соңы 4 минут |
«Көз жұмып ойлану» әдісі Оқушылар көздерін жұмып, мына сұрақтарға іштей жауап береді: - Мен бүгін не білдім/үйрендім? - Сабақта мен өзімді қалай сезіндім? - Мен үшін не ең қызық болды? - Мен кешегі күнмен салыстырғанда өстім бе? «Бағдаршам» әдісі Мен бәрін түсіндім – жасыл түс Маған әлі іздену керек – сары түс Маған көмек керек – қызыл түс Осы түстерге тұрып, рефлексия жасайды. |
Текшелер |
||||||
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген