15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нәтиже сабақ Мен не үйрендім?
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ Мен не үйрендім? |
Мұғалімнің аты-жөні: Кусайнов А.А. Күні: 16.01.2019 ж |
|||
СЫНЫП: 2 Пәні қазақ тілі |
Қатысқан оқушылар саны: 10
|
Қатыспаған оқушылар саны: 0 |
||
Сабақ негізделген оқу мақсаттары |
2.1.3.1 - күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты сөйлеу мәдениетін сақтап, диалогке қатысу 2.3.3.1* - оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құру және тірек сөздерді пайдалана отырып шағын мәтін жазу 2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу 2.4.2.6 - сөйлемдегі бір-бірімен байланысып тұрған сөздерді табу |
|||
Сабақ нәтижесі:
|
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. |
|||
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады. |
|||
Ресурстар |
Оқулық, суреттер,, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, |
|||
Әдіс-тәсілдер |
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, сөзжұмбақ, көрнекілік. Рефлексия. |
|||
Пәнаралық байланыс |
Музыка, қазақ тілі. |
|||
Сабақтың жоспары |
||||
Жоспарланғануақыт |
Сабақ барысы : |
Бағалау түрлері |
||
Басталуы 5 минут |
Психологиялық ахуал қалыптастыру: Оқушылар шеңберге жиналып, бір-біріне тілектерін айтысады. Мұғалім : Балалар! Мейірімді жүрекпен, Ақ пейілді тілекпен. Амандасып алайық, Бір жадырап қалайық! Оқушылар : (артқа бұрылып) Үлкенге де сіз, кішіге де сіз, Сәлембердік сіздерге, құрметпенен біз! |
|
||
Үй тапсырмасын тексеру
Жана сабақ 10 мин |
Аукцион» ойыны Мәтін , сөйлем туралы білімдерін тексеру. -Мәтін дегеніміз не? -Мәтін бөліктері. -Мәтіннің неше түрі бар? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің неше түрі болады? Хабарлы,сұраулы,лепті сөйлем дегеніміз не
- Балалар «қазақ тілі» елінде бір оқыс оқиға болыпты. Ондағы барлық сөйлемдер араласып кетіп, шатысып түсінісе алмай жатыр екен. Оларды ажыратып орындарына қоюға көмектесейік. Онда әрбір сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқып, өз белгілерінің тұстарына қояйық. 1. Менің балаларым сабаққа әзір ме екен? 2. Мен мұғалімнің көңілінен шыға аламын ба? 3. Сабақ басталды. 4. Мұғалімдер сабаққа қатысты. 5. Алақай, мен «5» алдым! 6. Менің балаларым неткен ақылды! - Міне, осы сөйлемдердегідей біздің бүгінгі сабағымыз өте жақсы өтеді деп ойлаймын. Білу және түсіну Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Жеке жұмыс. Берілген сөздерден 4 сөйлем құрап жаз. Тиісті тыныс белгілерін қой. Жұптық жұмыс.
|
Оқулық, мәтіндер. |
||
Ортасы 10 минут
|
Ойды шынықтыруға тапсырма. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрастыру. А) Әсел, айтады, ән, Отан туралы. Ә) Болат, тартады, домбыра. Б) Концерт, қоясыңдар, ма, сендер. В) Қандай, керемет, даусы. Карточкамен жұмыс: орамал, құлақшын,қамзол сөздеріне дыбыстық талдау жасау. |
. |
||
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәті "Қызыл гүлім - ай"
|
Оқушылар би билеп сергіп қалады. |
||
Аяқталуы Сабақты бекіту 10 минут |
«Тез ойлан!» ойыны. Ойынның шарты: айтылған сөйлемдерді балалар тез анықтайды. Егер сөйлемнің соңында нүкте болса отырып калады, сұрақ белгісі болса қол соғады, ал леп белгісі болса аяқты еденге ұрады. Бәйтеректің басына сен шықтың ба? Ыстық қой, шіркін, туған жер! Алақай, мен Астанаға баратын болдым! Райхан апай көйлек тікті. |
|
||
Бағалау
5 минут
Кері байланыс 3 минут |
|
Кері байланыс кемесі |
||
Үйге тапсырма: 4 жаттығу 97 бет. |
||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген