400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Материал туралы қысқаша түсінік
тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру; жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6 бөлім. Астана-мәдениет пен өнер ордасы


Мектеп: «Приурал мектеп - бөбекжай - балабақша кешені» КММ


Күні: 22.12.2021

Мұғалімнің аты-жөні: Джумагалиева Ж.К.

Сынып:6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6 б

Сабақ тақырыбы

Нәтиже сабақ. Мен не үйрендім?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.6.1 - тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыру;

6.4.5.1 - жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану

Сабақ мақсаттары

Жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады;

Тірек сөздерге сүйеніп, сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастыра алады;

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Құрал-жабдықтарын тексеру.

  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

  4. “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер (Карточка бойынша) 2 балл


Амандасады, дайындықтарын білдіреді.

Ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар бір-біріне тілек айтады.










Сұрақтарға жауап берген оқушыларды мадақтау


Интерактивті тақста, интернет ресурстары таратпа материалдар


Слайд№1,2,3


Негізгі бөлім Тақырыпты ашу

8 мин


































5 мин








7мин








5мин
























10мин





















Осы бөлімдегі тақырыптарды еске түсіру мақсатында «Тауып көр» тапсырмасы беріледі. Тапсырмада көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, өтілген тақырыптың атауын тауып айтады.

1) ... - елімнің мақтанышы

2) Біздің төріміз - ...

3) “... ...” ескерткіші

4) Әкім Ысқақ “ ... ұлымын”

5) “... Опера”

6) ... музей

Тілдік бағдар. Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгі туралы ақпарат беріледі.

Сөйлем соңына қойылатын тыныс белгілерінің бірі – нүкте. Нүкте сөйлеуге қатысты бір сөйлемді басқа бір сөйлемдерден ажыратып, бір ойды, екінші оймен шатастырмау үшін қолданылады. Сондай-ақ, сөйлем соңына тек қана нүкте емес, сұрау белгісі, леп белгісі, т.б. тыныс белгілері қойылады.

Мен қаладан келдім. (нүкте)

Астана – әсем қала! (леп белгісі)

Астана қаласын көрдің бе? (сұрақ белгісі)


Берілген сөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгілерді атап айт.

  • «Астанада армандар орындалады» дегені рас па

  • Әке, демалыста Астана қаласына саяхаттап барып қайтайықшы

  • Балалар, әкең екеуіміз Астанадан базарлық алып келдік

Қажетті тыныс белгілері: (?), (!), (.)

Айтылым. Жұптық жұмыс.

1-тапсырма. Суреттер бойынша бірнеше сұрақ дайындап, көршіңмен сұхбаттас.

Рисунок 2 Рисунок 6

Дескриптор: 2балл

- сұрақ дайындайды

- көршісімен сұхбаттасады


Оқылым.

2-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер. Мәтінге тақырып қой.

Дескриптор: 3 балл.

- мәтінді оқиды

- сұрақтарға жауап береді


Жазылым.

3-тапсырма. Оқушылар Ә.Ысқақтың «Күн ұлымын» өлеңі негізінде берілген тапсырманы орындайды

Қажетті сөздер: тұғыр, өртенген, ғаламшар, демеуі, арман, халайық, ел, Жер, биік, көреді, соққан.


1. Тұғыр бердің сен маған: «... ойла!» — деп, Сол ... шығады үнім менің.

2.Ұғамысың, ...., жүрек үнін, «Сен!» деп ... сол үнді біледі кім?

3. Мен-дағы …тұрғынымын: сүйеуі — ..., ...— Ай, тірегі — Күн.

4. Мақсатым ... менің, Биігімді ... киіктерім.

5. Өзің үшін ... жырларымды, Жеткізе алсам, ... не, сүйікті елім!

Дескрипторы: 2 балл

- өлеңнің түсіп қалған сөздерін қойып жазады.

Топпен жұмыс:

1-топ Суретке қарап, тірек сөздерді пайдалана отырып, «Ару қалам- Астанам» тақырыбында әңгіме/мәтін құра.

Тірек сөздер: Астана, бас қала,

бабалар арманы, көркейе берсін, тағзым етемін

Рисунок 7 Рисунок 8


Рисунок 9 Рисунок 10

2-топ

«Астана- мәдениет пен өнер ордасы» тақырыбында фотоколлаж дайындайды.


Бағалау критерийі:

- ой жүйелілігі сақталуы тиіс;

- Астана туралы нақты мәлімет берілуі керек;

- орфографиялық нормалар қатаң сақталуы керек;

- өзіндік қорытынды жасалу керек;

Дескрипторы: 3 балл

-тақырыпқа сай әңгіме-мәтін құрайды;

-берілген тақырып бойынша фотоколлаж дайындап, қорғайды

-тірек сөздерді қолданады;

-әңгіме құрайды;


Өтілген сабақтың тақырыптарын еске түсіреді, көп нүктенің орнына бөлім атауына байланысты сөздерді қояды, тауып айтады.

Жауабы:

1) Астана - елімнің мақтанышы

2) Біздің төріміз - Ақорда

3) “Мәңгілік ел”ескерткіші

4) Әкім Ысқақ “Күн ұлымын”

5) “Астана Опера”

6) Ұлттық музей Берілген ақпаратты тыңдайды, мысалдарына көңіл бөледі.












Қажетті тыныс белгілерді негізге ала отырып, сөйлемдердің соңына тиістісін қойып айтады. Жауабы:

1. «Астанада армандар орындалады» дегені рас па?

2. Әке, демалыста Нұр-Сұлтан қаласына саяхаттап барып қайтайықшы!

3. Балалар, әкең екеуіміз Астанадан базарлық алып келдік.



1.ЭКСПО-2017 көрмесі қай қалада өтті?

2. Бәйтеректің биіктігі неше метр?

3. «Мәңгілік ел» қақпасы нені білдіреді?




Жауап:

«Ару қалам- Астанам»

Астана ару қала. Ай қала

8 мың адам болған

«Ақмола» деп аталған

1997ж10 желтоқсаннан

Астана болып өзгертілді





1. Тұғыр бердің сен маған: «Елді ойла!» — деп, Сол тұғырдан шығады үнім менің. 2.Ұғамысың, халайық, жүрек үнін? «Сен!» деп соққан сол үнді біледі кім?

3. Мен-дағы ғаламшардың тұрғынымын: сүйеуі - Жер. Демеуі — Ай, тірегі — Күн.

4. Мақсатым биік менің, Биігімді көреді киіктерім.

5. Өзің үшін өртенген жырларымды, Жеткізе алсам, ... арман не, сүйікті елім!












Оқушының ықтимал жауабы:

Астана- еліміздің бас қаласы. Әлемге танымал жас қалалардың бірі. Мен өз қаламмен мақтанамын.

Елімізде осындай әсем қаланың болуын сан ғасыр армандадық. Бүгінде бабалар арманы орындалды. Болашақтың іргетасын бүлдірмей жеткізген бабаларымызға тағзым етемін! Өз елімде осындай керемет қалалардың көп болғанын қалаймын. Біз бір отбасымыз,біз бір елміз. Астанамыз көркейе берсін!






Мадақтау сөздері:

Мені таң қалдырдың! Жарайсың! Бәрекелді



























Мадақтау сөздері:

Мені таң қалдырдың! Жарайсың! Бәрекелді!























































Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру






Слайд№4,5








Слайд№6,7,8







Жалпы білім беретін мект. 6-

Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т.Дәулетбекова




















Слайд№9











Слайд№10,11







Слайд№12,13























Слайд№14,15,16


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

5 мин.



Қорытынды

Тірек сөздерге сүйеніп суреттер бойынша әңгіме құрастырдыңыз;

Жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдандыңыз



Өз

Кері байланыс. «Сөйлемді аяқта» әдісі

1. Мен мынаны білдім...

2. Маған қызық болғаны...

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
25 желтоқсан
505
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі