НӘТИЖЕ САБАҚ «ҚАЗАҚТЫҢ КИЕЛІ
ДАЛАСЫ» 11-сынып
1.Кең байтақ қазақ
жерінің қандай атауларын білесің?(Сарыарқа, Жер жаннаты Жетісу,
Алтай,Мұнайлы өлке)
2. Сарыарқа атауы қандай
мағынаны білдіреді?(ұлан-байтақ, далалы
жер)
3. Сарыарқаның солтүстігі қай
жерлерді алып жатыр?(Құлынды-Бараба даласынан Балқаш көліне дейінгі
жерді)
4. Сарыарқаның батысы қай
жерлерді алып жатыр?( Торғай үстіртінен Сауыр-Тарбағатай тауларына
дейінгі жерлерді )
5. Сарыарқаны неге ұлы дала
дейміз?(Бұл жер сан ғасырлық көшпенділер тарихының куәсі
болған)
6. Сарыарқаның ұлы даласында
кімдер өмір сүрген?(Қазақ Ордасының ұлы ханы Абылай хан мен қол
бастаған батырлар, ақындар мен шешендер, әнші-күйшілер, сал-серілер
өмір сүрген.)
7.Сарыарқаның табиғаты ерекше
сұлу, аңызға айналған киелі жерлерді ата. ( Мұнда Қызыларай,
Қарқаралы, Баянауыл, Шыңғыстау, Ұлытау, Ерейментау, Көкшетау және
т. б.).
8.Сарыарқада орналасқан
тәуелсіз қазақ елінің орталығы -.....(Астана
қаласы)
9.Сарыарқа жері қандай
кендерге бай?( қорғасын, темір, мыс,
қалайы,
алтын және т.
б.)
10. Қарағандыда не өндіріледі?
(жоғары сапалы коксті көмір)
11. Жезқазғанда не
өндіріледі?( таза мыс)
12.Арқа жеріндегі кенді аймақ,
Қарағанды облысында Нұра
өзенінің бойында орналасқан
қала, еліміздің ірі индустриялды орталығы? (Теміртау
қаласы).
13.Теміртауда шойын, болат,
агломерат және т. б. металдар өндіретін ірі зауыт? (металлургия
зауыты)
14.
Археологтар мен тарихшылар
Алтай қандай жер екенін дәлелдеді.?(
Алтай-ғаламшардың киелі мекен,
тарихы терең, табиғаты ерекше жер,аңыздар
мекені..)
15. Алтай жері неге адамзаттың
алтын бесігі деп саналады?(Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша,
Алтай — түркілердің ғана емес, адам баласының ең ежелгі
қоныстарының бірі саналады)
16.Алтайдың ≪алтын
тау≫
ұғымын білдіретін себебі
қандай?( Өйткені оның қойнауы толған қазына. Әлемге танымал
Орхон-Енисей жазбалары осы жерден
табылған! Түркі халықтарының
өркениетін бүкіл ғаламға мойындатқан
≪Күлтегін≫
,
≪Білге
қаған≫
ескерткіштеріндегі жазулар
табылған).
17.Алтайды неге аңыздар мекені
деп атайды? (Оның әр тасы мен тауы, бұлағы мен көлі туралы көне
замандардан жеткен аңыздар өте көп).
18.Ежелгі өркениет пен
мәдениеттің мекені қай жер?( Алтайдағы Берел
қорымдары)
19.Берел қорымын ғалымдар
қалай атайды?( «патшалар алқабы» деп
атайды).
20.Берелдегі Сақ бекзадасының
қорымында археологиялық қазба жұмыстарын кім жүргізді?( 1998 жылы
Әлкей Марғұлан атындағы археологиялық институттың Халықаралық
Қазақ-Француз-Итальян археологиялық экспедициясы
жүргізді)
21.Берел қорымынан не
табылған?(сақ көсемі мен оның әйелінің
мәйіті)..
22.Алтайдың табиғаты
қандай?(Табиғаттың бар сұлулығын бойына жинаған Алтайдың
көркемдігіне сөз жетпейді! Биік шыңдары, ну орманы, таңғажайып
өсімдіктері мен жан-жануарлары қандай!? Алтайда бұлан, марал, елік,
қоңыр аю, сілеусін, бұлғын, қара күзен, кәмшат, тиін, түлкі
мекендейді. Құстардың 100-ден аса түрі кездеседі. Онда бұғы
шаруашылығы да бар.)
23.Алтайда қасиетті орындар
бар? (Мұзтау, Рахман көлі)
24.Алтай мен Сібірдің ең биік
шыңы деп неге Мұзтауды айтамыз?( Оның биіктігі — 4506
метр).
25.Алыстан қарасаң,Мұзтау неге
ұқсайды?( аттың күміс еріне ұқсайды).
26.Мұзтау несімен киелі?(Оның
энергетикалық өрісі ғарышпен байланысты, адамдарға Мұзтау күш-қуат
беріп, денсаулығын түзейді).
27.Мұзтауды қалай
атайды?(«сарқырамалардың патшасы» дейді).
28.Алтайдағы ең ғажайып орын
қандай?( Рахман көлі.)
29.Рахман көлі несімен киелі?(
суы шипалы, жыл, емдік қасиеті күшт)
30.Термалді көздердің ұзақтығы
қанша?( 80 метр болады).
31.
Қазақ даласының Жетісу жерін
халық қалай атайды?(жер жаннаты)
32. Жетісу жері қай облысты
қамтиды?( Алматы облысын)
33.Алматы облысындағы өңір
неліктен ≪Жетісу≫
деп аталып кеткен?(Лепсі,
Басқан,
Сарқан, Ақсу, Бүйен, Қаратал
және Көксу өзендері бар )
34.Жетісу жерінде қандай
тарихи-мәдени ескерткіштер бар?( ≪Алтынемел≫
ұлттық табиғи
саябағы, ≪Ақсу
Жабағылы≫,≪Іле-Алатауы≫
ұлттық табиғи
саябағы)
35. Қазақстанның Қызыл
Кітабына нелер енген? (өсімдік, құстар,
жануарлар)
36. Қазақстанның
ең көне
қорығы≪Ақсу
Жабағылы≫)
37. ХХ ғасырдың 70 жылдары
алтын киімді сақ жауынгері қай жерден табылған?( Есік
қорғанына)
38. Көлсай қай жерде
орналасқан? (Алматы облысы Райымбек ауданында
орналасқан).
39.Көлсай көлдері ненің
қатарына жатқызылған? (Мемлекеттік ұлттық
табиғи
парк
қатарына)
40.Көлсай
жері
несімен бай? (өсімдіктер
мен жануарлар
дүниесіне
өте
бай)
41.Көлсай көлдерін қалай
атайды? (≪Солтүстiк Тянь-Шаньның
iнжуі≫
деп
атайды)
42.Көлсай көлі неше көлден
тұрады?(3)
43.Көлсай-1 көлі қайда
орналасқан.? (Алматы қаласынан 295 км
қашықтықта)
44.Көл қанша ұзындыққа
созылған?(1.5 км)
45.Көлдің
тереңдігі
қанша? (80
метр).
46.Айналасында нелер өсіп тұр?
(шыршалар)
47.Суы қандай?(
таза, мөлдір)
48.Екінші, үшінші көлге қалай
баруға тура келді? (жаяу)
49.Екінші Көлсайға неше
сағатта жетуге болады? (3-4 сағатта)
50.Үшінші көл екінші көлден
қанша қашықтықта орналасқан?( екінші көлден 6 км
қашықтықта)
51.Үшінші көлдің суы қандай?(
суы өте суық)
52.Тянь-Шань және Жоңғар
Алатауының биік шыңының басында не өседі?
(әлемге әйгілі
еңлікгүл)
53.Кептірілген
еңлікгүлдің қандай қасиеті бар екен?
(көп жыл сақталады және өңін
жоғалтпайды)