400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Нәтиже сабақ"Менің сүйікті қалам" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілді мектептерде бастауыш сыныптарда Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беретін мұғалімдер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі : Амирсеит Ақгүл Қайратқызы

Сынып: 4

Тақырыбы: Нәтиже сабақ

Білімділік: «Менің сүйікті қалам» тарауы бойынша өтілген тақырыптардың меңгерілуін білу, түсініктерін кеңейту, пысықтау, бекіту.

Дамытушылық: Отанға деген сүйіспеншілікті дамыту, дұрыс сөйлеу, ойланып жауап беруге дағдыландыру.

Тәрбиелік: қоғамға деген құрметті арттыру, әдептілікке, қонақжайлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Нәтиже сабақ

Әдіс-тәсілі: Ойшақыру, топтастыру, сұрақ-жауап, «адасқан сөздер», «суреттер сөйлейді».

Сабақтың көрнекілігі: презентация, жаңа сөздер, үлестірмелі карточкалар,ватман.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі /

Амандасу: Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтар бізге келгенде,

Сәлемдесіп аламыз.

Шаттық шеңберін құру. Бәріміз бір-біріміздің қолымызды ұстап,алақан жылуын сезінейік. Қандай тамаша! Біздің ұранымыз!

«Сәттілік тілейміз!»

Қайырлы күн, балалар, құрметті әріптестер! Бүгін біз үшін өте ерекше, әрі әсерлі сабақ.Бүгін бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан сабақта белсенділік танытып отыруларыңа тілектеспін. Сәттілік тілеймін!

Топқа бөлу. Үстелдерге әр топтың атауларын қойылады.

Мотивация кезеңі . Қызығушылығын ояту. Оқушыларды өздігімен тақырыпқа келтіру

-Балалар, бүгін аптаның қай күні?

- Бейсенбі.

- Қазір қандай сабақ?

- Қазақ тілі сабағы.

- Соңғы өткен бес сабағымызда не өткен едік?

- Алматы қаласындағы субұрқақтар мен балмұздақ жасаудың жолдарын өткенбіз

- Сонымен, осы тақырыптарды қорытындыласақ, бүгін қандай сабақ деп ойлайсыңдар?

-Нәтиже сабақ !


1. сұрақ-жауап (үй жұмысын сұрау)

-Сенің сүйікті тағамың қандай?

-Менің сүйікті тағамым-балмұздақ.

-Балмұздақ қайда сатылады?

-Балмұздақ дүкенде сатылады.

-Саған қандай балмұздақ ұнайды?

-Маған құлпынай дәмімен ұнайды.

-Балмұздақты қайда сақтайды?

-Балмұздақты тоңазытқышта сақтайды

2.Топтық жұмыс. Сергіту сәті

3. «Адасқан сөздер»

Адасқан сөздер арқылы топ үш сөйлемді құрау керек

І-топ:

  1. Алматы өте әдемі, жасыл қала.

  2. Мен сабақты жақсы оқуға тырысамын.

  3. Ертең саябаққа достарымызбен баратын болып шештік

ІІ-топ:

  1. Алматыда 152 субұрқақ бар екен.

  2. Сен соңғы рет қандай кітап оқыдың?

  3. Бүгін қазақ тілі сабағы қызықты болады.

Жұмысты қорытындылау:

- Балалар, сөйлем құрудың қандай қағидаларын білесіңдер?

- Зат есім сөйлем басында, етістік сөйлем соңында болады.

4. Топтық жұмыс. Бір минут ішінде өткен сөздерді орыс тіліне аудару керек.

(Өткен тарау бойынша қорапқа 30 сөз салынады.)

Жұмысты қорытындылау:

-Оқушылар, тарау бойынша өткен сөздерді күнделікті өмірде пайдалана аласыңдар ма? Осы сөздермен 1-2 сөйлем құраңдаршы?

- І-топ: Мен аспажолмен тауға көтерілдім.

- ІІ-топ: Алматыға ертең барамын.

Жарайсыңдар ,балалар, енді осы сөздердің арасынан екі сөзге фонетикалық талдау жасайық.

5.Грамматикамен ұштастыру. «Субұрқақ», «балмұздақ» сөздеріне фонетикалық талдау жасап, бір-біріне қорғайды.

Субұрқақ- 8 әріп, 8 дыбыс

С-дауыссыз, қатаң дыбыс

У-дауысты, жуан,қысаң, еріндік дыбыс

Б- дауыссыз, ұяң дыбыс

Ұ-дауысты, жуан, қысаң, еріндік дыбыс

Р- дауыссыз, үнді дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң дыбыс

А-дауысты,жуан, ашық, езулік дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң дыбыс



Балмұздақ – 9 әріп, 9 дыбыс

Б- дауыссыз, ұяң дыбыс

А- дауысты,жуан, ашық, езулік дыбыс

Л- дауыссыз, үнді дыбыс

М- дауыссыз, үнді дыбыс

Ұ- дауысты, жуан, қысаң, еріндік дыбыс

З-дауыссыз, ұяң дыбыс

Д- дауыссыз, ұяң дыбыс

А- дауысты,жуан, ашық, езулік дыбыс

Қ- дауыссыз, қатаң дыбыс


Жұмысты қорытындылау: Балалар, енді топтық жұмыстарыңды қорғап, топ арасында бір-бірлеріңе сұрақ қойыңдар.

  • І-топ: Ашық пен қысаң дыбыстарды қалай ажыратады?

  • Жауап: Ашық дыбысты айтқанда жағымыз қатты ашылады, ал қысаңды айтқанда жағымыз қысыңқы болады.

  • ІІ-топ: Жуан мен жіңішке дыбыстарды қалай ажыратады?

  • Жауап: Жуан дауыстыларды айтқанды тіліміз артқа жылжиды, ал жіңішке дауыстыларды айтқанда тіліміз алдыға қарай жылжиды.

Балалар, енді осы сөздерімізде сурет түрінде көрсек, байланыстырып, сөйлем құрай аламыз ба? Соны тексерейік...

6.Суреттер сөйлесін. Тақтада көрсетілген бірнеше суретті сәйкестендіріп, сөйлем құрайды.

Екі топ презинтацияда көрсетілген суреттер бойынша, сөйлем құрап жарысады.


Жұмысты қорындылау: Балалар, құраған сөйлемдеріңнің дұрыстығын тақтаға қарап, тексереміз

7.Бағалау. Оқушылардың сабақтағы белсенділігін атай отырып, әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

8. Үйге тапсырма беру «Менің сүйікті қалам» тақырыбында шағын мәтін жазу

9. Рефлексия

- Сабақ сендерге ұнады ма?

Ұнаса – көңілді смайлға, орташа деңгейде өтсе- жымиған смайлға, түсінбегенің көп болса- көңілсіз смайлға қолыңдағы қағазыңды жабыстыр.


Келесі сабаққ дейін!



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
1495
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі