жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Нәтиже сабақ.Ұлттық киімдер
Сабақтың тақырыбы:Нәтиже сабақ.Ұлттық киімдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік
: оқушылардың қазақтың ұлттық
киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып,
білімдерін бекіту. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері,
пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік
беру.Грамматикалық тапсырмалар арқылы ҰБТ-ға дайындық жұмысын
пысықтап өту.
Дамытушылық: оқушылардың эстетикалық
талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын
арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс
сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және
қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: қазақ халқының салт –
дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге
тәрбиелеу. Мемлекеттік тілді құрметтеуге, отансүйгіштікке,
адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу. Қазақ тілі мен әдебиеті,
тарихы, салт-дәстүрі мен өнеріне қызығушылықтарын
арттыру.
Сабақтың
түрі: нәтиже
сабақ.
Сабақтың
әдіс-тәсілі:
топтық жұмыс, жұптық
жұмыс,топтастыру,сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу,постер қорғау,жоба
қорғау,рефлексия.
Сабақтың пәнаралық
байланысы:
орыс тілі, әдебиет,
тарих.
Сабақтың
көрнекіліктері:
интерактивті тақтада бейнеленген қазақтың ұлттық киімдері (шапан,
камзол, сәукеле, тымақ т.б) және дидактикалық тапсырмалар, қазақтың
ұлттық киімдерінен көрме.
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі:
Сәлемдесу, кезекшімен сұхбат,түгендеу.
2.Психологиялық дайындық:
«Шаттық» шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне тілек білдіреді.Оқушыларды екі топқа бөлу.
3.Үй тапсырмасын тексеру.
Киімдерге қатысты тыйымдар мен
мақал-мәтелдерді тексеру.Оқушылар орындарынан тұрып үй тапсырмасын
айтады.
4.Сабақтың тақырыбы мен
мақсатын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабағымыз
ұлттық киім тақырыбындағы нәтиже сабақ.
Сабақтың мақсаты мен міндеті айтылады.
Сабақтың түрі мен өтілуі жайлы түсінік беру.
Эпиграф:
Жылы киім тәнді жылытар,
Жылы сөз жанды жылытар.
(мақал-мәтел)
(Теплая одежда тело согревает, теплое слово -душу)
(Оқушылар берілген эпиграфты дәптерлеріне жазып алады)
- Қазақтың ұлттық киімдерінің сән үлгілері алуан түрлі,
ұлттық нақышқа сай ою-өрнекпен әсемделеді. Киім сәндік топтамасын
сәнгерлер жасайды. Қазақтың ұлттық киімінің сән үлгісін жасауда
басқа мемлекет сәнгерлері де қызығушылық танытады.
Ал,
«Ұлттық киім» дегеніміз не? Ол –белгілі бір халықтың киімі. Қазақ
халқының ұлттық киімдерін сонау ХІХ – ғасырдың басында тарихшылар
Бартольд, одан кейін Потанин және Ш. Уәлиханов сынды ұлы адамдар
зерттеген.
5.Топтастыру.Интерактивті тақтада кластер бейнеленіп тұрады.Оқушыларға жұмбақтар мен сұрақ-жауаптар беріледі.
Жұмбақтар мен сұрақ-жауаптар арқылы сабақтың тақырыбын ашу.
Жұмбақтар: Бір жұмбақ,бір сұрақ.
1.
Адамның сәні, онсыз жоқ мәні. /киім/
2. Дорбаға тығып бас жағын,
Байлай салдым бас жағын. /тымақ/
3. Іші егіс, сырты тегіс. /тон/
4. Аузы бір құбыр. /шалбар/
5. Дөңгелек өзі, төртеу көзі,
Ұстайды мықтап, тұрғанды сырттан. /түйме/
6. Әшекейлі күбіні,
Үюлі тұрған шөмеле,
Кигіздім биік төбеге. /сәукеле/
Сұрақ-жауап:
1.
Барқыттан тігілген қыз-келіншектер киетін жеңсіз киім. (Қамзол)
2. Аңның, малдың терісінен тігілген бас киім. (Тымақ)
3. Үлкендер де, балалар да, әйелдер де киетін сыртқы киім. (
Тон)
4. Биік төбелі, ақ киізден, қалың матадан жасалады. (Қалпақ)
5. Тек қана қалыңдық киетін бас киім. (Сәукеле)
6. Әжелер киетін киелі бас киім (Кимешек)
7. Киімге байланысты мақал айтып беріңдер.
8. Ерлердің сыртқы киімінің бірі. (Шапан)
9. Етегіне желбіреуіш салынған әйелдер киімі. (Көйлек)
6.Жоба қорғау. (Оқушылар өздерінің алдын-ала дайындап алып келген жобаларын қорғайды.)Жобаны дайындағандар:Турчина Ольга мен Румянцева Мария.
7.Жаңа сөздерді қайталау.
Ұзатылған қыз- замужняя девушка
Асыл тас- драгоценный камень
Меруерт-жемчуг
Бағалау-ценить
Иық –плечо
Жүн-шерсть
Жең- рукав
Түйме –пуговица
Әшекейлеу- украшать
А)Мұғалім сөздерді оқиды
Ә)Оқушылар ауызша сөйлем құрастырады.
8.Мәтінмен жұмыс.
Қазақ халқының ұлттық киімдері-көненің көзі. Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен. Киімдері ашық түсті болған. Көйлектері ұзын жеңді, етектері кең, желбіректер тігілген. Камзол, шапандарын ою-өрнекпен безендірген. Бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ. Әжелер бастарына кимешек киген. Зергерлік бұйымдардан білезік, алқа, сырға, шолпы таққан. Қазақ халқының ұлттық киімдері өте сәнді және көрікті болған.
1.Сұрақ-жауап. (Оқушылар мәтін бойынша сұрақтар құрастырады)
А)Жіңішке сұрақтар (олардың жауаптары бір сөзден тұрады «иә» немесе «жоқ»)
1. Қазақ халқының ұлттық киімдері-көненің көзі ме? Иә.
2.Көйлектері қысқа жеңді болған ба? Жоқ.
Ә)Толық сұрақтар (олардың жауаптары үлкейтілген,кең,кеңейтілген болады )
1. Қазақ халқы ұлттық киімдерін қалай тіккен және қандай түсті болған?
Жауабы: Қазақ халқы ұлттық киімдерін сәндеп тіккен және киімдері ашық түсті болған.
2. Қазақ халқының ұлттық бас киімдерін атаңдар.
Жауабы: Қазақ халқының ұлттық бас киімдері: үкілі тақия, сәукеле, бөрік, тымақ.
2.ҰБТ-ға дайындық тапсырмасы.Сөйлемдерді толықтырыңдар.
І.
Сәукеле өте әдемі бас киімге жатады және ... . (қалыңдық киімі
болып саналады)
ІІ. Ішік аң терісінен тігіледі, себебі ... . (ол киімнің
бағалысы)
3.Есімдіктерді мағынасына қарай бөліңдер.
Сен,ешкім, неге, өзім, осы,
бәрі, бұлар, қанша, бұл, анау, кімдер, әр, әрқашан, барлық, біз,
олар,күллі,ештеңе,өз-өзіне,біреу,қайсыбір,мен.
|
Жіктеу |
Сілтеу |
Сұрау |
Өздік |
Жалпылау |
Белгісіздік |
Болымсыздық |
|
Сен,біз, олар,мен. |
Осы,бұл, анау,бұлар. |
Неге,қанша, кімдер. |
Өзім,өз-өзіне. |
Бәрі,барлық күллі. |
Біреу,қайсы-бір. |
Ешкім,ештеңе,әр, әрқашан. |
9.Топтық жұмыс.(постер қорғау)
1-топ ерлер киімі.
2-топ әйелдер киімі.
Оқушылар постерге сурет салап жатқанда М.Омаровтың «Қыз сыны» әні тыңдалады.
10.Бекіту.Тест тапсырмалары.
Оқушыларға екі нұсқада тест тапсырмалары беріледі.Олар өзара тексеру жүргізеді.
1-нұсқа.
1.
Қалыңдық киетін бас киім?
а) тақия
в) құлақшын
с) сәукеле
д) мұрақ
е)тымақ
2.Қазақ тілінде неше әріп, неше дыбыс бар екенін белгілеңіз.
а) 40 әріп, 30 дыбыс
в) 42 әріп, 37 дыбыс
с) 39 әріп, 37 дыбыс
д) 40 әріп, 37 дыбыс
е) 38 әріп, 38 дыбыс
3. Ашық буынды сөзді табыңыз.
а) ол
в) қазақ
с) әке
д) мектеп
е) сан
4. «Әдемі», «сұлу», «көрікті» қандай сөздер екенін белгілеңіз.
а) синоним
в) антоним
с) омоним
д) ауыспалы мағыналы
е) көп мағыналы
5. Антоним сөзді көрсетіңіз.
а) оқушы, шәкірт
в) алыс, жақын
с) апа, аға
д) ата, әже
е) мектеп, сабақ
6. Жұрнақ жалғанған сөзді көрсетіңіз.
а) білді
в) білгіш
с) оқу
д) күн
е) ағаш
7. Салалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Ол бөлмесіне кірді де, есігін жауып алды.
а) кезектес
в) қарсылықты
с) ыңғайлас
д) себеп –салдар
е) түсіндірмелі
8. –ақ, - ау, - ай демеулік шылаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
а) күшейткіш
в) сұраулық
с) белгісіздік
д) нақтылау
е) болымсыздық
9. Мақалды толықтырыңыз. «Ер өлсе де, .... өлмейді»
а) қаруы
в) білімі
с) заты
д) аты
е) ақылы
10. «Сегіз қырлы,бір сырлы» фразеологизмінің мағынасын белгілеңіз
а) қуану
в) үйрену
с) қорқу
д) ұялу
е) жан-жақты
Жауаптары: 1-с;2-в;3-с;4-а;5-в;6-в;7-с;8-а;9-д;10-е;
Бағалау: «5» - 9-10б, «4» - 7-8б, «3» -4-6б, «2» -0-3б.
2-нұсқа.
1.Қазақы киім
- ........ .
а) бұлақтың көзі
в) мектептің көзі
с) адамның көзі
д) сабақтың көзі
е) көненің көзі
2.Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар екенін белгілеңіз.
а) 40
в) 42
с) 33
д) 27
е) 44
3.Буын қандай дыбыстар арқылы жасалатынын анықтаңыз.
а) дауысты дыбыс
в) дауыссыз дыбыс
с) ұяң дауыссыз
д) қатаң дауыссыз
е) үнді дауыссыз
4.Синонимдік қатарды белгілеңіз.
а) жақсы, тәуір
в) оңай, қиын
с) үлкен, кіші
д) аз, мол
е) қалам, кітап
5.Антонимдік қатарды көрсетіңіз:
а) дос – жолдас
в) қорқақ – батыр
с) жақсы – тәуір
д) мәнді – мағыналы
е) әдемі – көркем
6.Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
а) терезені
в) ауылдан
с) қалада
д) далалық
е) балалар
7.Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.
а) Қонақтар түгел келді,сен жоқсың.
в) Көктем келді, күн жылынды.
с) Қоңырау соғылды, сабақ басталды.
д) Уақытым болмады, мен келе алмадым.
е) Күн суытып, қар жауды.
8.Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті белгілеңіз.
а) орта мектеп
в) жиналыстан кейін
с) дәл өзі
д) уайымдағандықтан шықты
е) Уәлидің жоспары
9.Мақалды аяқтаңыз: «Мектеп-кеме, білім-..........»
а) қайық
в) теңіз
с) қазына
д) кітап
е) байлық
10. «Жерге кіріп кете жаздау» фразеологизмінің мағынасын анықтаңыз.
а) күлу
в) қуану
с) шошу
д) қорқу
е) ұялу
Жауаптары: 1-е;2-в;3-а;4-а;5-в;6-д;7-е;8-в;9-в;10-е;
Бағалау: «5» - 9-10б, «4» - 7-8б, «3» -4-6б, «2» -0-3б.
11.Үй тапсырмасы.
«Ұлттық киім» тақырыбын негізге ала отырып сөзжұмбақ құру.Кілт сөздері мысалға «сәукеле,тымақ,қамзол» және т.б.
12.Бағалау.
13.Рефлексия.(қорытынды)
Смайликтердің көмегімен оқушылар сабақты бағалайды.
Батыс Қазақстан облысы
Теректі ауданы
Федоров селосы
№1 Федоров жалпы орта білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы:
«Нәтиже сабақ. Ұлттық киімдер.»
Өткізген:
Шагиева Нурбике Тельмановна
2016 жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген