400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Нәтижеге бағытталған педагогтың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша педагогтарға және студенттерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Нәтижеге бағытталған педагогтың кәсіби құзіреттілігі мен шығармашылығы.

Мектепке дейінгі педагогика кафедрасының оқытушысы

Орынтаева Шұғыла Раманқұлқызы

Тараз қаласы


Қазіргі заман ақпараттық технологиялар заманы. Қоғамымыздың барлық салаларына дерлік ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері кеңінен енгізіліп, пайдаланылып отырғаны баршамызға белгілі. Білім беру жүйесі де қоғамдағы жаңашыл бетбұрыстардан тыс қалмай, оң өзгерістердің барлығын дерлік мақсатына сәйкес, қажетіне қарай қолданып келеді. Осы ретте білім жүйесіне оқытудың жаңа инновациялық технологиялары енгізіп отыр. Сол себепті қазіргі таңдағы оқытушылардың алдына қойылған басты міндеттер ол шығармашылықпен, кәсіби құзіреттіліктерін шыңдай отырып, заманауи бәсекеге қабілетті болашақ ұрпақтарды тәрбиелеу болып табылады. Білім мен тәрбие егіз. Білім адамзаттың терең және үйлесімді дамуын бекітетін құралдардың бірі, прогрестік, әлеуметтік тұрақтылық пен ұлттық қауіпсіздіктің маңызды факторы. Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақталған ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарастарын, дүнитанымын қалыптастыру. Ал тәрбиенің негізгі мақсаты-дені сау, ұлттық сана сезімі, рухани ойлау дәрежесу биік, игі қасиеттер қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу екені белгілі. Оқытушылардың кәсіби құзіреттілігі оны жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігі мен оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді. Оқытушылар қаншалықты білімді, шығармашыл болса, оны құзіреттілік аясы да соғұрлым өрісті болады. Құзіреттілік-педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, кез-келген уақыттарда беделді де, нақты, оңды шешімдер шығара алады деген мағынадағы сөз. Оқытушылардың кәсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:

*тұлғаралық және еңбектегі тығыз, үйлесімді байланыс;

*ортаның әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі;

*оқу-тәрбие жұмысын өз құзіреттілігіне сай жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы;

*кәсіби практикалық тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті;

*нақты жағдайларға сай әдістерді,түрлі тәсілдерді пайдалану біліктілігі;

*кез-келген уақытта тиімді шешім қабылдау қабілеті;

Сонымен қатар қазіргі таңдағы инновациялық жұмыстарда педагогтардың кәсіби құзіреттіліктерін талап етеді. Инновациялық оқыту қызметі бұл білім беру үрдісінің дамуын жүзеге асыратын үрдіс. Инновациялық оқыту жүйесін жүзеге асырушы орта тұрақты мақсаттар мен міндеттерге жұмыс істемейді, олар білім берудің жаңа мақсаттары мен міндеттерін жетілдіреді. Ал, мұндай жұмыстардың және кәсіби құзіретті шығармашыл педагогтардың негізгі де, басты мақсаты қазіргі қоғам талабына сай баланың ой-өрісін дамыту, біліктері мен шеберліктерін қалыптастыру, оны өз тәжірибесіне жаңа жағдайларға байланысты қолдана білу, ой дербестігін кеңейту, заман сұранысына сай ізденімпаз, тәрбиелі тұлға қалыптастыру болып саналады. Ал, креативтік әдіс шығармашыл тұлға қалыптастырудағы негізгі қағида ретінде есептеледі. Оған төмендегілер енгізіледі:

*оқу-тәрбие үрдісінің міндеттері мен мазмұнын анықтаудағы креативтілік;

*ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етудегі мәселені әзірлеудегі педагог шығармашылығының көрсеткіші;

*педагогикалық модельдерде маңызды креативтік псхологиялық негіздерінің әрекеті етуі, яғни көркем қызығушылық, шығармашылық қабілеттер.

*тұлға дамуының динамикасында шығармашылық үрдістің сатылығын есепке алу;

*ғылыми-зерттеу ізденісінің креативтілігі, өйткені ғылымның өзі болжам ретінде дамиды. Осыған байланысты адамдардың рухани өмірінің күрделі жүйелік ағзасы ретінде келесі аспектілерді қарастыру маңызды: (психологиялық және әлеуметтік құбылыс, шығармашыл тұлға қасиеті мен санасы ретіндегі шығармашылықтың маңызы; шығармашылықтың жалпы тұжырымдамасындағы көркем шығармашылықтың ерекшеліктері мен орны; болашақ ұрпақтың көркем шығармашылығы ерекшеліктері және өз ортасында өмір кезеңіндегі тұлғалық даму деңгейіне әсері). Шығармашылық өлшемдерге ептілік, шығармашылық белсенділік және болашақ маманның шығармашылық-ізденушіліктерін дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік талдай жасай алуы, өз білімдерін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады. Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекеттерді игеру барысындағы тәрбие нәтижелері құралады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Жұмағұлова Қ.Б. Шәріпбаева Г.Р. «Мектеп жасына дейінгі тәрбие теориясы мен әдістемесі» Астана 2007ж.

2. Ф.Жұмабекова «Мектепке дейінгі педагогика» Астана 2008ж.

3. Құрманалина Ш. Мұқанова Б «Педагогика» Астана 2012ж.

4. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» №3 2012ж.

5.Дауыс пен көрініс «Сын тұрғысынан ойлау –ұстаз бен оқушының серіктестігі» Алматы, Қазақстан №4, 2007ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
364
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі