Сабақтың
тақырыбы: §
66. НАТРИЙДІҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың
мақсаты: оқушыларға натрийдің
қосылыстары, олардың қолданылуы туралы толық білім
меңгерту.
Сабақтың
міндеттері:
-
Білім берушілік
– натрийдің қосылыстары жөнінде
нақты білім беру.
-
Дамытушылық
– натрий элементі туралы
білімдерін дамыту.
-
Тәрбиелік
– қауіпсіздік ережелерін
сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың
түрі: қалыпты
сабақ
Сабақтың
типі: аралас сабақ
сабақ
Сабақтың
әдісі: сөздік-көрнекілік,
сұрақ-жауап, баяндау, есептер шығару,
дәріс.
Сабақтың
көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты
плакаттар, слайдтар
Сабақтағы негізгі
ұғымдар:
Пәнаралық
байланыс: физика,
дүниетану.
Сабақтың
құрылымы:
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру-
оқушылармен сәлемдесу, сабаққа
қатысымын тексеру, кезекшіні анықтау, оқушыларды зейінін жаңа
сабаққа аудару.
2.Үй тапсырмасын
тексеру-
-
Натрийдің атом
құрылысы
-
Натрийдің табиғатта
кездесуі
-
Натрийдің физикалық
қасиеттері
-
Натрийдің химиялық
қасиеттері
-
Натрийдің
алынуы
-
Натрийдің
қолданылуы
3. Жаңа сабақ
түсіндіру-
Натрий оксиді мен гидроксиді —
негіздік сипатты қосылыстар. Натрий гидроксиді NаОН нағыз сілті,
өйткені судағы ерітіндісінде натрий және гидроксид иондарына
диссоциацияланады:
NаОН =
Nа+ +
ОН-
Натрий гидроксидінің құрамында
гидроксид ионы ОН- болғандықтан ол қолға
ұстағанда сабын сияқты сезіледі, қағаз және матаны жеп жібереді, ал
теріге тисе күйдіреді. Сондықтан сілті ерітіндісі абайлап жұмыс
істеуді қажет етеді.
Натрий гидроксиді негіздерге
тән барлық қасиеттерді көрсетеді:
NаОН + НСІ = NаСІ + Н2О
2NаОН + СО2 = Nа2СО3 + Н2О
2NаОН + СиSО4 = Си(ОН)2↓ + Nа2SО4
Натрий гидроксидінің техникальщ атауы — күйдіргіш
натр. Бұл химия өнеркәсібінің маңызды өнімі болып саналады. Ол қағаз,
сабын, жасанды талшық
алуда, мұнай өнімдерін тазартуда, бояулар мен
дәрі-дәрмектер шығаруда қолданылады.
Натрий тұздары түссіз, суда
ерімтал заттар, олардың көбісі өнеркәсіпте, техникада және тұрмыста
кеңінен қолданылады.
Ас тұзы NаСl: тағамға
салынады, консервілеуші зат қызметін атқарады, себебі шірітетін
бактериялар мен көгерткіш саңырауқұлақтарды өлтіреді. Натрий
хлориді химия өнеркөсібінде: натрий, хлор, натрий гидроксиді, сода
алуға қажетті шикізат ретінде көп мөлшерде
қолданылады.
Натрий сульфаты
Nа2SO4: шыны, сода өндіруге
жұмсалады. Судағы ерітіндісінен глаубер тұзы деп аталатын
кристалгидрат Nа2SO4·10Н2О бөлінеді, ол медицинада
қолданылады.
Натрий карбонаты
Nа2СО3, техникалық атауы
кальцийленген сода: сабын шылау, мата, былғары, фармацевтика
өнеркәсібінде, сол сияқты, шыны, т.б. өндіруге
қажет.
Натрий гидрокарбонаты
NаНСО3, тұрмыстағы атауы ас содасы:
медицинада және түрлі нан өнімдерін пісіргенде
қолданылады.
Натрий нитраты
NаNО3 немесе натрий селитрасы азот тыңайтқышы ретінде
пайдаланылады.
Ежелгі Египетте жуғыш зат
ретінде әктасты жағалауы бар тұзды көлдерден алынған қосылысты
пайдаланған. Бұл соданың, яғни натрий карбонатының ерітіндісі еді.
Оны араб алхимиктері натрон деп атайды. Осыдан соданың құрамынан
табылған "натрий" элементінің атауы
шықты.
XIX ғасырдың басында натрийді
күшті тотықсыздандырғыш ретінде алюминий өндіруге пайдаланды.
Сондықтан ол кезде алюминий алтыннан қымбат болды. Қазір натрийді
таза алтын алуға қолданады.
Натрий атомдары атмосфераның
жоғары қабатында және ғарыш кеңістігінде
табылған.
Қазақстанда өткен ғасырдың
соңында Арал теңізі маңайы экологиялық апат аймағы деп жарияланды.
Суы тартылған теңіз түбінен ас тұзы желмен ұша бастады. Теңізден
көтерілген жүз мың тоннадан артық тұз шаң-тозаңға айналып, 150 км
аймақта тірі организмдердің жойылуына әсер етті. Соңғы жылдары Арал
теңізінің суын молайту жолында үлкен жұмыстар
атқарылуда.
Натрий гидроксиді айқын
негіздік қасиеттер көрсететін күшті сілті. Натрийдің көптеген
қосылыстары адам өмірінде маңызды орын алады, техника мен тұрмыста
кеңінен қолданылады.
4.Жаңа сабақты
бекіту-
•1. Натрийдің маңызды
қосылыстарының атауын атаңдар. Бұл заттар қайда
қолданылалы?
.•2.Мынадай айналуларды іске
асыруға болатын химиялық реакция теңдеулерін
жазыңдыр:
К → КОН → КСІ →
КNO3 Әрбір реакцияның жүру
жағдайларын көрсетіңдер.
3. Берілгені: а) натрий мен
хлор; ә) натрий мен тұз қышқылы арасындағы реакция теңдеулерін
тотығу-тотықсыздану процесі түрінде
жазыңдар.
4. Мыс (II) сульфатының
ерітіндісіне 4 г натрий гидроксидімен әсер еткен. Реакция
нәтижесінде қанша тұнба түзілгенін
есептеңдер.
5.Үйге
тапсырма- §66.185-186 беттер. № 4
есеп.
6.Бағалау
– үй тапсырмасын ұқыпты орындап
келген және сабақта аса белсенділік танытқан оқушыларды түсіндіре
отырып бағалау.
7.Қорытынды
– өткізілген сабаққа жалпы түйін
жасау.