400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді жоспар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы


Бөлім:

Заттардың тасымалдануы

Педагогтің Т.А.Ә.

Батырбекова А.П

Күні:



Сынып:11

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы


Натрий-калий сорғысы белсенді тасымал механизмінің мысалы ретінде

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



11.1.3.4.-
натрий-калий сорғысы мысалында белсенді тасымалды түсіндіру

Сабақтың мақсаты


-белсенді тасымалдану түрлерін сипаттайды.

-натрийкалий иондарының мембрана арқылы тасымалдану механизмін түсіндіреді.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар


Сабақтың басы

5-минут

Амандасу. Ұйымдастыру кезеңі.

Сыныпта жақсы көңіл-күй қалыптастыру. Оқушылардың түгелдігін, сабаққа даярлығын қадағалау.





MS PowerPoint презентация



Сабақтың ортасы

35-минут

Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

1-тапсырма. Жұптық жұмыс.

«Ойлан-жұптас» әдісі.

Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған ..




2-тапсырма. Топтық жұмыс.

«Инсерт» әдісі. Оқушылар берілген мәтінді топ бойынша талдайды. «Инсерт әдісін» іске асыру үшін оқушылар топпен жұмыс жасайды. Әр топ мәтінді мұқият оқып, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамытады.


Жасуша мембранасы арқылы өтетін заттардың біріншілік және екіншілік белсенді тасымал түрлерін өзара салыстырып, тиісті қасиеттерін кестеге орналастырды.

1-топ:

Біріншілік белсенді тасымал

2-топ:

Екіншілік белсенді тасымал







3-тапсырма.Жеке жұмыс.

«Лоикалық ойлау» әдіісі. Жаға сабақтан алаған білімдерін тексеруге бағытталады.

«Na+/K+ сорғысының» әрекет ету механизмі кезеңдерінің реттілігін анықта.


  1. Натрийдің 3 ионы жасуша сыртына өтіп, фосфорланған тасымалдаушы молекула арқылы жасуша ішіне екі калий ионы өтеді.

  2. Тасымалдаушы-ақуыз молекулалары АТФ-тың бір молекуласын ыдыратады.

  3. Дефосфорлану – тасымалдаушы молекуланың конформациясы, калий ионының мембрананың келесі жағына яғни ішке өтуін жүзеге асырады.

  4. Калий ионы жасуша ішінен босатылады және процесс қайталанады.

  5. Мембрананың ішкі жағынан тасымалдаушы-ақуыз молекуласына АТФ және натрий ионы, ал мембранының сыртқы жағынан калий ионы түседі.

  6. Фосфор қышқылының қалдығының қосылуы нәтижесінде тасымалдаушы молекуланың формасы өзгереді (конформация) және натрий иондары мембрананың келесі бетіне, жасушаның сыртына өтеді.

  7. Тасымалдаушы молекулаға екі калий ионының қосылуы фосфор қышқылының қалдығының берілуіне, яғни дефосфорлануға әкеледі.

  8. Натрий иондарының тасымалы кезінде АТФ энергиясы жұмсалады және тасымалдаушы молекулаға фосфор қышқылының қалдығы қосылады (тасымалдаушының фосфорлануы).



2. Әрекет потенциалынык әсерi 120 MB , erep тұтасканатты балықтың ( электрлi жуп балық ) электр қуаты 600 В - қа жететін болса , разрядты генерациялауға қанша мембрана катысады ?

…………………………………………………

Оқушылар құрылымдалған тапсырмаларды тапсрма дескрипторына сүйене отырып жұппен орындап шығады.







Оқушылар берілген мәтінді топ бойынша талдайды. Әр топ мәтінді мұқият оқып, кестені толтырады..


















Оқушылар «Na+/K+ сорғысының» әрекет ету механизмі кезеңдерінің реттілігін анықтап, әрекет потенциалы әсерiн есептеп шығарады.












ЕҚБ: Есту-сөйлеу ақпараттарын қайта өңдеудегі қиындықтары бар оқушылар жұмыстың жауабын дәптерге жазады.


Тапсырма дескрипторы:

- белсенді тасымалдану түрлерін біледі

- белсенді тасымалданудың құрылысы мен қызметін сипаттайды.





Тапсырма дескрипторы:

- жасуша мембранасы арқылы өтетін заттардың тасымалының түрлерін ажыратады.

-натрийкалий иондарының мембрана арқылы тасымалдану механизмін түсіндіреді.


ҚБ: «Табыс ағашы» Жасыл жапырақ – түсінікті болды, табысқа жеттім. Сары жапырақ – сұрақтарым бар, толық табысқа жеткен жоқпын. Қызыл жапырақ – қиналдым, табысқа жету үшін тағы қайталауым керек.




Тапсырма дескрипторы:

-натрий-калий сорғысы белсенді тасымал процесін анықтайды.

- Әрекет потенциалы әсерiнің қоршаған ортаға маңызын біледі.

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі,топтар бір-бірін өзара бағалайды.




Қосымша-1










MS PowerPoint презентация

Қосымша-2




















MS PowerPoint презентация

11-сынып оқулығы

Сабақтың соңы

5-минут

Рефлексивті экран

Әрбір оқушы экрандағы сөздерді бір сөзбен кезегімен жалғастырады. :

1.Мен бүгін білдім…

2.Қызықты болды…

3.Қиын болды…

4.Мен тапсырманы орындадым…

5.Мен түсіндім, келесіні…

6.Енді мен білемін…

7.Мен істейалдым…

Әрбір оқушы экрандағы сөздерді бір сөзбен кезегімен жалғастырады. :





Қосмыша-1


1. Терминдерге анықтама беріңіз

  1. Белсенді тасымал ......................................

  2. Эндоцитоз.....................................................

  3. Көпіршік.........................................................

  4. Фагоцитоз ....................................................


2. Қысқа жауапты талап ететін сұрақтар:

  1. Неліктен натрий - калий тасымалдау механизмі «нәруызды сорғы» деп аталады?

……………………………………………………………………………………………………….

  1. Фагоцитоз арқылы бактерияның ыдырауын түсіндіріңіз

...............................................................................................................................................................

  1. Натрий – калий сорғысы арқылы натрий – калий иондары мембрана арқылы қалай қозғалады?

.....................................................................................................................................................................

  1. Иондар жасуша мебранасы арқылы тасымалданғанда неліктен липидті қабықшадан өте алмайды?

...........................................................................................................................................................................


3.Құрылысы мен қызметін қолдану арқылы төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:.


  1. Суретте натрий- калий сорғысының алты кезеңі көрсетілген. Бірінші кезең d 1 суреттерді кезеңдердің реті бойынша орналастырыңыз.

  1. Shape1

    .

    Сорғының қай жағында Na + иондары шығарылады?____________________________
  2. Мембрананың қай жағында сорғыдан шығарылған К + иондары орналасқан?_________________






Қосымша-2


Жасуша мембранасы арқылы өтетін заттардың біріншілік және екіншілік белсенді тасымал түрлері



1-топ:

Біріншілік белсенді тасымал

Энергия


Концентрация градиенті


Тасымалданатын заттар


Мембраналық ақуыздар




Екіншілік белсенді тасымал

Энергия


Концентрация градиенті


Тасымалданатын заттар


Мембраналық ақуыздар


2-топ:











Белсенді тасымалдау – метаболикалық энергияны қолдана отырып, иондардың электрохимиялық градиенттеріне қарсы берілуі. Оның екі түрі болады: біріншілік және екіншілік. Біріншілік белсенді тасымал түріне «Na+/K+-ATФ-аза», «Ca+-АТФ-аза», «H+-АТФ-аза» сорғыларын мысалға алуға болады. Натрий-калий сорғысы барлық жануарлар мен өсімдік жасушаларының плазмалық мембранасында болады. Ол жасушадан натрий иондарын шығарып, цитоплазмаға калий иондарын енгізеді. Нәтижесінде жасушаларда калий концентрациясы, жасушааралық кеңістікте натрий иондарының концентрациясы едәуір көп болады.

Екіншілік белсенді тасымал түрі мембраналар арқылы жасуша метаболизмінің энергиясын тікелей тұтынбай-ақ, заттарды олардың төмен концентрациясынан жоғары концентрациялы аймаққа тасымалдауын немесе иондардың электрохимиялық потенциалдар айырмасын тудыруы негізінде жүзеге асады. Заттардың екіншілік белсенді тасымалдануы басқа иондардың концентрациясы немесе электрохимиялық градиентімен тасымалдануына байланысты орындалады.

Бір тасымалдаушы арқылы екі заттың (иондардың) бір бағытта иондық тасымал түрі симпорт деп аталады. Бір тасымалдаушы арқылы екі заттың (иондардың) қарсы бағытта тасымалдануы антипорт деп аталады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
13.10.2025
55
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі