жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Натурал сан және нөл
|
Қысқа мерзімдіжоспарбөлімі: 5.1А Натурал сан және нөль(15 ч) |
Мектеп: Молодежное СШ |
|||
|
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: Балгушукова Ж.О |
|||
|
Сынып: 5 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны |
||
|
Сабақтың тақырыбы: |
Натурал сан және нөль |
|||
|
Сабақтың түрі |
Жаңа тақырыпты меңгерту |
|||
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
5.1.1.1 Натурал сандар жиыны ұғымын меңгеру 5.1.1.2 Тақ және жұп сандар ұғымын меңгеру |
|||
|
Сабақ мақсаттары |
Оқушылар орындай алады:Натуралсандарң жазылуын,реқатарын Натурал сандардың жазылуын, ретін, қатарын . |
|||
|
Бағалау критерийлері |
|
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Пәнге қатысты лексика мен терминология : Натурал сан, тақ сан, жұп сан, разряд, бірліктер классы. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту. |
|||
|
Пәнаралық байланыстар |
|
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
презентация |
|||
|
Бастапқы білім |
4 сынып материалдарын қайталау |
|||
|
Сабақ барысы |
||||
|
Сабақта орындалатын іс-әрекеттер |
|
||
|
Сабақтың басы |
||||
|
2 мин 6 мин |
I кезең. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. Сабақтың мақсатын қойып тақырыппен таныстыру. Оқушылармен амандасу, танысу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару. «Мен есімім?...» психологиялық ойынын өткізу. Әр оқушы өз есімін және есімі қай әріптен басталып тұр сол әріптен келетін өз бойында бар бір жағымды қасиетін айту. Мысалы, Мөлдір – мейірімді, Акерке – ақылды т.с.с. ІІ. Өткенді пысықтау топпен Амалдарды орындау. Бастауыш сыныптарда натурал сандарға амалдар («+», «-», «*», «/») қолдануды үйренгенсіңдер. Натурал сандарға амалдар қолдануды еске түсіріп, қайталайық. Есептеңдер. 37 * 42 – 1461 = 1554 – 1461 = 93; 728 : (617 – 526) = 728 : 91 = 8; 1541 : 23 – 21 * 3 = 67 – 63 = 4;
|
Таратпа қағаздар презентация |
||
|
Сабақтың ортасы |
||||
|
30 мин |
Ой қозғау Есіңе түсір! Дәптеріңе мысалдар келтір: а) натурал сандарға; ә) натурал сандарды қолдануға; б) өлшем бірліктеріне II кезең Жаңа сабақты меңгерту Жұппен жұмыс. Меңгеру Қандай да бір нәрсені есептеу үшін 1,2,3,4 және т.б. сандар қолданылатыны белгілі. Санау үшін пайдаланылатын сандар натурал сандар деп аталады. 1 саны – ең кіші натурал сан. Өсу ретімен жазылған 1,2,3,4,5,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. Өсу ретімен жазылған 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15,... натурал сандар натурал қатарды немесе натурал сандар қатарын құрайды. 1 – саны натурал қатардың ең кіші саны, ал ең үлкен сан болмайды. 0 натурал санына жатпайды. Сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 белгілері арқылы жазылады. Натурал сандарды жазу үшін қолданылатын белгілер цифрлар деп аталады. Жұп, тақ цифрлар болып бөлінеді Жұп сандар деп қандай сандарды айтамыз? Жұп сандар дегеніміз 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандар. Жұп сандарға: 2, 4,6,8,10,12,14,16,18,20...... деген сандар жатады. Тақ сандар деп қандай сандарды айтамыз? Тақ сандар дегеніміз 2-ге қалдықпен бөлінетін сандар. Тақ сандарға: 1,3,5,7,9,11,13,15,17,19,21....... Әрбір натурал сан разрядтарға бөлінеді. Разрядтар оңнан солға қарай бірлік, ондық, жүздік және т.с.с. оқылады Санның жазылуындағы алғашқы үш разряд бір топқа біріктіріліп, бірліктер класы деп аталады. Бұл класс бірліктер, ондықтар, жүздіктерден тұрады. Төртінші, бесінші, алтыншы разрядтар мыңдықтар класын құрайды. Оған мың, он мың, жүз мыңдардың бірліктері кіреді. Кестеде көрсетілгендей, мыңдықтар класынан кейін миллиондар класы, одан кейін миллиардтар класы және т.б. жалғаса береді. Есіңе сақта! Цифр – бұл таңба. Олар: 0, 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9. Цифрлар тек таңба болғандықтан, оларды «жұп» және «тақ» деген ұғымдарға бөлуге болмайды. Бірақ, цифрлардың көмегімен сандар жазылады. Заттарды немесе ұғымдарды санау үшін қолданылатын сандарды натурал сандар деп атайды. Егер натурал сандарды бірінен соң бірін жазса, онда натурал сандар қатары шығады. Оның шексіз екенін көрсету үшін, соңына көп нүкте қойылады: 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, ...100, 101... 1000, 1001, ... Егер натурал сандар қатарынан кез келген бірнеше сандарды ретімен жазсақ, онда ол натурал сандар қатарының кесіндісі болады. 8, 9, 10, 11, 12, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі. 8, 9, 10, 12, 11, 13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі сандар ретімен тұрған жоқ. 8, 9, 10, 12,13 – бұл натурал сандар қатарының кесіндісі емес, себебі 11 саны жоқ. Натурал сандардың қасиеттері: -натурал сандар қатары 1-ден басталады; -натурал сандар қатарының әрбір келесі мүшесі алдыңғысынан 1-ге артық; -натурал сандар қатары шексіз, себебі оның «ең соңғы мүшесі» деп саналған кез келген үлкен натурал санның өзіне бірлікті қосу арқылы келесі мүшесін алуға болады Сыни тұрғыдан талдау (жұппен жұмыс)
Кері байланыс.
2-тапсырма
3-тапсырма
Сергіту сәті. Мен қазір тақ сан айтқанда бәріміз отырамыз, ал жұп сан айтқанда секіреміз Тапсырма a) Бірлік кесіндіні анықтап, координаталық сәуле сызыңыз. Координаталық сәуледе А(8), В(2), С(9), D(5) нүктелерін көрсетіңіз. b) Осы координаталық сәуледе D нүктесінен 2 бірлік кесінді қашықтықтағы нүктелерді белгілеңіз. Осы нүктелердің координаттарын жазыңыз. Дескриптор: Білім алушы бірлік кесіндісі белгіленген координаталық сәуле сызады; координаталық сәуледе берілген нүктелерді белгілейді; координаталық сәуледе шарт бойынша нүктелерді көрсетеді; белгіленген нүктелердің координаттарын анықтайды. Қорытынды Натурал сандар не үшін қолданылады? Ең кіші натурал сан неше? Жұп, тақ сан дегеніміз не? «+», «-» амалдарының компоненттерін ата; «*», «:» амалдарының компоненттерін ата.
|
МЖ: презентация Жұмыс парақшалары Сызғыш, өшіргіш, қарындаш, маркер презентация Таратпа материал Таратпа материал Таратпа материал Таратпа материал Таратпа материал |
||
|
Сабақтың соңы |
||||
|
Сабақтың соңы 2 минут |
Үйге тапсырма. № 10 есеп шығару. Рефлексия/ – 2 минут/ суреттер «Алма ағашы»
әдісі |
суреттер |
||





Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген