|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
5 минут
|
«Миға
шабуыл» стратегиясы (Карточкалар көмегімен берілген
сұрақтарға жауап беру)
1. Математикадағы “” және “_________деп
аталады.
2. Мұндағы, “” және “
3. Координаталық сәуледе кіші сан_______жақтағы
нүктемен, ал одан үлкен сан ____жақтағы нүктемен
кескінделеді.
4.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар
саны __________.
5. Разрядтар саны әр түрлі екі натурал санның
қайсысының разряды __________ болса, сол сан үлкен
болады.
6.Салыстырылатын екі натурал санның разрядтар
саны __________________.
7.Разрядтар саны бірдей екі натурал сан жоғарғы
разрядтарынан бастап _______________ разрядтары бойынша
салыстырылады.
8.Егер екі натурал санның разрядтар саны бірдей
және аттас разрядтардағы цифрлары бірдей болса, онда мұндай натурал
сандар өзара___________________болады.
9.Кез келген 3 санды салыстыру___________түрінде
жазылады.
10.Қос теңсіздіктер___________ саннан бастап
оқылады.
|
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
8
минут
|
I
тәсіл. Натурал сандарды санауы бойынша
салыстыру.
Анықтама:
Екі натурал санды санағанда
өсуретімен алғашқы айтылғаны кіші, ал кейін айтылғаны үлкен
болады.
Мысал келтіріңдер:
II
тәсіл. Натурал сандарды жазылуы бойынша
салыстыру.
Анықтама:
Екі натурал санның жазылуында
қайсысының разряды үлкен болса, сол сан үлкен және қайсысының
разряды кіші болса сол сан кіші болады.
Мысалы, 101 > 99, өйткені 101 санның
жазылуында үш разряд, ал 99 санның жазылуында екі разряд бар, яғни
101 санның разрядтар саны 99 санның разрядтар санынан
көп.
Анықтама: Разрядтары бірдей
екі натурал санның қайсысының
(солдан оңға қарай) бірдей разрядтағы цифры үлкен болса, сол сан
үлкен болады.
Мысалы, себебі
3>1.
Салыстырыңдар: 5814 □ 5814,
6230□6240
Анықтама:
Екі натурал
санның разрядтар саны мен
бірдей разрядтағы цифрлары бірдей
болса, онда олар тең болады.
Мысалы, 
III
тәсіл. Натурал сандардың координаталық сәуледе орналасуы бойынша
салыстыру.
Анықтама:
Екі натурал
санның координаталық сәуледе сол
жақта орналасқаны кіші, ал оң жақта орналасқаны үлкен
болады.
Мысалы,
О
1-сурет
0 1 14 19
19 саны 14 санының оң жағында
орналасқан, сондықтан 19 >14.
Егер қандай да бір сан біреуі сол жағында, ал
екіншісі оң жағында орналасқан екі санмен салыстырылса, онда қос
теңсіздік қолданылады.
Мысалы,
О
•
• • • 2-сурет
0 1
12 15 19
15 саны координаталық сәуледе
12 санының оң жағында, ал 19 санының сол жағында орналасқан. Онда
12<15 <19 деп жазамыз. Мұндай
жазуды қос
теңсіздік дейміз.
12<15 <19 қос теңсіздігінің
оқылуы:
-15 саны 12-ден үлкен, бірақ 19-дан кіші немесе
15 саны 19-дан кіші, 12-ден үлкенОқулықтағы тапсырмалармен жұмыс
жүргізу.
Қосымша тапсырма.
. Белгісіз цифрлары жұлдызшалармен ауыстырылатын
сандарды салыстырыңдар:
1)3** және 7*;
2) 42* және 81*;
3) **1 және ***4;
4)45**9 және 36**2;
5) 56**3 және 54***3;
6)***7 және **7.
Теңсіздіктегі жұлдызшаның орнына теңсіздік тура
болатындай ең кіші сан шығатын цифрды қойыңдар:
1)3715 371*;
2) 476*8 ;
3) *3 204 63204;
4)1*296 10 497;
5) 104 927 *3 812;
6)*65 913 397 224.
|
Таныстырылым, оқулықпен
жұмыс
|
|
Аяқталуы
16
минут
Қызықты тапсырма
8
минут
|
5, 0 және 3 цифрларының әрқайсысы бір рет қана
пайдаланып, үш таңбалы сандарды жазыңдар. Осы сандардың ең үлкені
ең кішісінен қанша артық?
Шешуі:
305; 350; 503; 530 сандары; 530-305=225-ке
артық.
Сандарды кему ретімен ата:
25 , 98 , 78 , 64 , 52 , 46 , 89 ,
87
48 , 32 , 23 , 19 , 91 , 84 , 71 ,
17
Сандарды өсу ретімен ата:
18 , 28 , 5 , 14 , 15 , 29 ,
105
189 , 156 , 12 , 31 , 178 , 10
Жауабы:
Сандарды кему ретімен ата:
98 , 89 , 87 , 78 ,64 , 52 , 46 ,
25
91 , 84 , 71 , 48 , 32 , 23 , 19 ,
17
Сандарды өсу ретімен ата:
5 , 14 , 15, 18 , 28 , 29 , 105
10 , 12 , 31 , 156 , 178 , 189
|
Оқулық, дәптерлер.
|