400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері" 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері" 5 сыныпқа арналған жаңартылған білім беру бойынша жаңа форматта жасалған сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Мектеп: Шахтинск қаласы №9 ЖББМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Э.Ж.Тукенова

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың

бөлгіштері мен еселіктері



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.5.натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын білу;

5.1.2.8. натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9. натурал сандардың еселіктерін табу.

Сабақтың

мақсаты

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерінің анықтамаларын тұжырымдайды, беріліп отырған екі түсінікті ажырата алады және де натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктерін таба алады.

Бағалау

критерийі

-натурал санның бөлгіштері мен еселіктерін анықтайды;

-сандардың ортақ бөлгіштерін табады;

-сандардың ортақ еселіктерін табады.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың пәндік, тілдік мақсаттары:ішкі жиын ұғымын меңгереді, жиындар арасындағы қатынастардың сипаттамасын анықтайды.

Пәндік лексика және терминология: натурал сан, санның бөлгіштері, санның еселіктері, бөлінеді.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: «натурал сандардың бөлгіштері:..», «натурал сандардың еселіктері:..».


Құндылықтарға

баулу

Сабақта меңгерілген білімді топтық және жеке жұмыс орындау кезінде математикалық тілді дұрыс, әрі нақты қолдана білу, бірін-бірі құрметтеу қасиеттерін дамыту.

Пәнаралық

байланыс

Тапсырмаларды орындау барысындағы таңбаларды, кескіндерді дұрыс пайдалануды геометрия пәні арқылы байланысын арттыру.

Алдыңғы білім


5.5.1.1 натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдана отырып, мәтінді есептерді шығару. 5.5.1.8 әріпті өрнектерді құру және оларды есептер шығаруда қолдану. 5.2.3.1 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын анықтау. 5.2.3.2 натурал сандар тізбегінің жеткіліксіз элементтерін табу. 5.2.3.3 натурал сандар тізбегінің заңдылықтарын құрастыру және тізбектерді жазу.




Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың

басы

(5 минут)

«Сандарды бейнеле» әдісі арқылы топтарға бөлу және сыныптағы психологиялық ахуалды жақсарту және топтарға бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген сандарды дене мүшелерімен,қимылымен бейнелеп, көрсетеді.



«Конверт-сұрақ» әдісі оқушыларды сыни ойлауына ықпал етеді. Мұнда әр бала, өз ойын айтып,шығармашылығын қалыптастырады. Ол дегеніміз – бала бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, өз ойын дәлелдеуші, ұйымдастырушы рөлін атқарады. Сын тұрғысынан ойлау қабілеттері сабақ үстіндегі проблемалық сұрақтарды шешу кезінде, бір сұраққа бірнеше нұсқада жауап берумен және ситуациялық жағдайлардан жол тауып шығу әрекеттерінен байқалады.



Сұрақтар:

  • Қандай сандармен жұмыс жасаймыз? (Біз натурал сандармен жұмыс жасаймыз)

  • Ол қандай сандар? (Заттарды санауда қолданатын сандар: 1,2,3,4,5,6, …, 10, 11, …, 100, 101,…натурал сандар деп аталады)

  • Жұп сандар дегеніміз?

  • Тақ сандар дегеніміз?

  • Бөлгіштері дегеніміз не? (Оқушылар анықтамасын тұжырымдап, мысалдар келтіреді: 6:2=3, 2)

  • Еселі дегеніміз не ? (Оқушылар бұл түсінікпен таныс еместігін айтады)

Оқушылар сабақтың мақсатын құрайды.

  • Мұғалім жауаптың дұрыстығын айтып, сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерімен танысуды ұсынады.











Конверт

Сабақтың

ортасы

( 32 минут)

«Аквариум» әдісі арқылы берілген жаңа тақырыпты топпен талқылап,ой-пікірлерімен санаса біліп, топпен ортаға салады.

ҚБ: «Қолпаштау» әдісі арқылы мұғалім оқушыларды ынталандырып, әрі қарай жұмыс істеуге жетелейді.

(Жұптық)Тапсырма-1: «Шыршаны безендір» әдісі арқылы тапсырманы жұппен талқылайды, өз ойларын ортаға салады, 2-ге бөлінетін сандарды тауып, тексереді, нәтижесін қағазға жазылған тапсырмаға қатысты сәйкестендіріп жауабын көрсетеді. Жауаптың дұрыстығын анимациялық презентация арқылы тексереміз( жауап дұрыс болса шар немесе жұлдыздар шыршаға ілінеді, дұрыс емес жауап берілсе, онда жыпылықтайды).Берілген сұрақтар арқылы жұптар бір-біріне сұрақ қою арқылы диалогке түседі.










Дескриптор:

Берілген сандардың 2-ге бөлгіштерін таңдайды;


ҚБ: «Шапалақтау» арқылы жұптар бірін-бірі бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • Бөлу кезіндегі сандар қалай аталады?

а : b = с (Жауабы: а — бөлінгіш, b — бөлгіш, с — бөліндінің мәні)

  • Бөлінгішті қалай таба аламыз?

Бөлінгішті табу үшін бөлгіш пен бөліндінің мәнін көбейтеміз.

  • Бөлгішті қалай табуға болады?

Бөлгішті табу үшін бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлеміз.


(Топтық)Тапсырма-2: «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар ойланып, жұптаса және топтасып, тапсырманы бірлесе отырып, орындайды.

Тексеру слайд көмегімен жүзеге асады.

1) Дұрыс жауапты белгілеп, сәйкес әріптерден математикалық термин құраңыз.

Р-8 саны 68-тің бөлгіші

А-15саны 3-тің бөлгіші

К-24 саны 72-нің бөлгіші

У-1 саны а- ның бөлгіші

Н-70 саны 5-тің еселігі

Т-4 саны 12-нің бөлгіші

С-56 саны 7-нің еселігі

О-х саны х-тің еселігі

Жауабы: конус.

Оқушылар өз жауаптарын анықтамаға сүйене отырып дәләлдеп, қателерін түзейді

Дескриптор:

Берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды;

Берілген сандардың еселіктерін таңдайды.


ҚБ: «Басбармақ» арқылы бойынша бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • Натурал сандардың бөлгіштері деп қандай санды айтамыз?

  • Натурал сандардың бөлгіштеріне мысал келтіріңіз.

  • «Бөлінді» мен «бөлінгіш» сөзінің айырмашылығы неде?

  • Натурал сандардың бөлгіштерін қалай табамыз ? 12 саны арқылы түсіндіріңіз.

  • Қай натурал сан берілген натурал санға еселі?

  • 2 санына еселі және еселі емес сан.

(Жеке)Тапсырма-3: «Ойлан» әдісі арқылы әрбір оқушы өзі жеке тапсырманы орындайды.

5 және 10 сандарына еселік болатын екі таңбалы сандарды жазыңыз. Осы сандардың ортақ еселіктерін жазып, ішіндегі ең кішісін көрсетіңіз.

Дескриптор:

  • 5 санының еселіктерін жазады;

  • 10 санының еселіктерін жазады;

  • Ортақ еселіктерін көрсетеді;

ҚБ: «Смайликтер» арқылы бағалайды.

Жетекші сұрақтар:

  • «Еселік» сөзін біз тағы қай жерде естідік?

Бұл сөз орыстың ескіше «қысқа»сөзінен шыққан.

  • - Кезкелген натурал санның неше еселігі болады?

-Берілген санның ең үлкен және ең кіші еселігі?


Оқулық









Интерактивті тақта (презентация)





































Интерактивті тақта (презентация)













































Смайликтер

Сабақтың

соңы

(7 минут)

Аты-жөні

Білемін

Білдім

Білгім келеді





Қорытынды: «БББ» кестесін толтыру арқылы не білгенін, не білетінін , не білгісі келетінін жеткізеді.



«Ақылды доп» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, сабақты бекітеді.


Рефлексия: «Алма ағашы».

Жасыл түсті алма – «Сабақ өте қызықты, бәрі түсінікті болды, көңіл – күйім көтеріңкі».

Қызыл түсті алма – «Бүгінгі сабақты меңгере алмадым, көңіл – күйім жоқ».






Кесте




Кішкентай доп





Алма пішіндес стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау



1.Тапсырма.

Білім деңгейі әртүрлі оқушыларға арналған тапсырмаларды кіргіздім. Оқушылардың қажеттіліктеріне қарай тапсырмаларда түрлі кестелерді пайдаланамын.

2. Жіктеу.

Сыныптағы оқушыларды бірнеше топқа бөлемін.

3. Диалог және қолдау көрсету.

Оқушыларды ойландырту және нақты жауаптар алу үшін, сұрақтарды қою арқылы үнемі сөзбен қолдау көрсете отырып, ынталандырамын.

«Қолпаштау»,

«Бас бармақ»,

«Бағдаршам»,

«Смайликтер»,



Топқа бөліну және сыныпта психологиялық ахуал тудыру кезіндегі қимыл-қозғалыстар жасау арқылы денсаулықтарын нығайтады. АКТ-мен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтайды.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
10 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
3862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі