жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Натурал сандарға амалдар қолдануға есептер шығару
Сілтеме
Математика оқыту әдістемесі 2006ж, оқулығы 2010ж (5сынып)
Жалпы мақсаты
4 сыныпта өткен натурал сандарға амалдар қолдану тақырыптарының материалдары бойынша есептер шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.
Күтілетін оқу нәтижелері
Оқушылардың натурал сандарға амалдар қолдану арқылы есептер шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.
Түйінді идеялар
Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Дерек көздері
4 сыныптың математика оқулығы
Тапсырмалар
Математика оқулығы бойынша
берілген есептер: №14,15,18,20,22,25,28,31
Жеке жұмыс
Жұптық жұмыс
Топтық жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1тапсырма: Амалдарды орындаңдар
Ітоп: 85•100:10-50
27•1000-2538
500+75•100:10
ІІтоп: 4000:(730+270):2
2000:(567-433):2
(348+652)•5:500
ІІІтоп: (430+170):100
(695-95):100
600:(20•5)•6
Әр топ алдымен өз беттерінше кейіннен жұппен және топпен талқылай отырып, есептерді шығарады. Шыққан нәтижесін тақтаға шығып жазады. Басқа топ тексеріп бағалайды
2тапсырма: Теңдеулерді шешіңдер
х+85=1440:15
64+у=12•8
72-х=663:17
19•х=152+38
270:х=29+16
х:4=805:23
Оқушылар жеке-жеке теңдеулердің шешімін табады. Рет-ретімен жаза отырып теңдеудің шартын бұзбай орындау дағдыланы қалыптастырады
3тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар
175+х+347; мұндағы х=254 және 135
891+у-509; мұндағы у=102 және 213
103-х+102:17; мұндағы х=83 және 99
Әр оқушы берілген тапсырманы өз бетінше орындайды. Өрнектің мәнін орнына қойып есептеу дағдыларын дамытады.
4тапсырма: Мәтінді есепті шығар
Кітаптың бағасы 520теңге, ал дәптердің бағасы 15теңге. Алма 2кітап және 10 дәптер алу үшін неше теңге төлейді?
Ш: 2•520+10•15=1040+150=1190
Ж: барлығы 1190теңге.
Әр топ топпен отырып берілген тапсырманы орындап, тақтаға шығып шартын, шығарылу жолдарын, нәтижесін жазады.
Оқуға арналған қосымша тапсырмалар
5сынып оқулығының 16,17,19,21,23,24,26,27,29,30 есептерін шығару
Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді
Бағалау
Топ басшысының топты бағалауы, мұғалімнің бағалауы
Рефлексия
0-дік бақылау жұмысы.
Сілтеме
Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5сынып)
Жалпы мақсаты
Натурал сандарға амалдар қолдану (қосу, азайту, көбейту, бөлу, теңдеуді шешу) тақырыптарының материалдары бойынша есептер шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.
Күтілетін оқу нәтижелері
Оқушылардың натурал сандарға амалдар қолдану арқылы есептер шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады. ойша есептеу дағдыларын шыңдайды.
Түйінді идеялар
Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.
Дерек көздері
Математика әдістемелік нұсқаулықтан берілген бақылау жұмысының нұсқасы
Тапсырмалар
Математика әдістемесі бойынша
берілген есептер
Жеке жұмыс
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
1тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар
а) 29+16•х=
мұндағы х=3
ә) 108:6+а=
мұндағы а=7
а) 76-13•х=
мұндағы х=4
ә) 26•14-а=
мұндағы а=15
Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды
2тапсырма: Теңдеуді шешіңдер
а) х+32=79-10
ә) 2•15у =900
а) х+26=319-14
ә) 3х-45=74
Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды
3тапсырма: Амалдарды орындаңдар
а) 432:12+95=
ә) 19•25-344=
б) 46•13+27=
а) 552:46-76=
ә) 35•28-892=
б) 58•11-13=
Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды
4тапсырма: Мәтінді есепті шығар
Егер 7кг өрік 420 теңге тұрса, онда 1кг неше теңге тұрады?
Егер ұзындығы 400см кесіндіні 4есе кішірейтсе, оның ұзындығы қалай өзгереді?
Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды
Оқуға арналған қосымша тапсырмалар
Натурал сандарға амалдар қолдану тақырыптарын оқу, мазмұндау, ережелерді жаттап, есте сақтау
Үйге берілген оқуға арналған қосымша тапсырмаларды орындаулары қажет
Бағалау
Мұғалімнің дербес бағалауы
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген