5 сынып.
Математика.
Сабақтың
тақырыбы: Натурал санның бөлгіштері. Натурал санның
еселіктері.
Сабақтың
мақсаты:
Берілген натурал санның
бөлгіштері мен еселіктері тақырыбын оқушыларға тереңірек меңгерту
үшін есептер шығарып үйрету.: оқушылардың зейінін кеңейту, есепті
шапшаң, әрі дұрыс шығару қабілеттерін
дамыту.
Сабақтың
типі: бекіту
сабағы
Сабақтың
көрнекілігі: интерактивті тақта, тақта, бор, кітап,кеспе
қағаздар.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес - жарыс сабақ
Сабақтың
барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі: Сыныптағы оқушылардың
сабаққа даярлықтарын анықтау, сыныптағы оқушыларды қала, адам және
жануарлар аттары арқылы 3 топқа
бөлу.
2.Психологиялық
ахуал орнату үшін әр оқушы өз
есімдерінің бастапқы әрпінен басталатын өзінің мінезін сипаттайтын
сөз айтуы керек.
3. Сабақтың жүргізу
тәртібі: жарыс 4 турдан
турады:
1-тур: тас қақпаның сұрақтарына жауап беру, әр топқа бір
сұрақтан, сұраққа толығымен дұрыс жауап берген топқа 5 балл
қосылады, ал жауап бере алмаған топтың сұрағына келесі топ жауап
беруіне болады.
2-тур: күміс қақпаның есептерін шығару, әр шығарылған бір есепке
10 баллдан қосылады:
3-тур: алтын қақпаның есептерін шығару, әр есепке 20 баллдан
қосылады.
4-тур: алтын сандықтың есебін шығару, шығарған топқа 50 балл
қосылады.
(жауаптары слайдта көрсетілген)
І. Тас қақпаның
сұрақтары:
1. Қандай санды берілген натурал а санының бөлгіші деп атайы?
2.45 санының алғашқы барлық бөлгіштерін атаңдар.
3.Қандай санды берілген натурал а санының еселігі деп аталады?
4. 9 санының алғашқы 7 еселіктерін атаңдар.
5.Берілген натурал санға еселік сандарды қалай табамыз?
6. Берілген натурал санның бөлгіштер жұптарын қалай
табады?
ІІ. Күміс
қақпаның есептері:
150. 3,7,10,15,18,30 және 84 сандарынан:
3) 2-нің еселіктері
4) 5-тің еселіктері:
151. 1) 2 және 3 сандарна;
3) 9
және 12 сандарына;
2) 6 және 8 сандарына;
4) 15 және 21 сандарына
еселік болатын ең кіші натурал санды жазыңдар.
154. 65 түп ағаш көшеттерін, әр қатардағы көшеттер саны бірдей
етіп, неше қатарға отырғызуға болады?
155. Бала себетті толтырып қояндарға сәбіз әкелді. Ол себеттегі
сәбіздерді 4 қоянға, 6 қоянға немесе 8 қоянға тең бөліп бере алады.
Бала қояндарға кем дегенде неше сәбіз әкеледі?
158. 1) 45-ке бөлгіш және 5-ке еселік;
2) 92-ге бөлгіш және 23-ке еселік;
3) 120-ға бөлгіш және 30-ға еселік санды
жазыңдар.
ІІІ. Алтын қақпаның
есептері:
159. 1183:91=13 және 1183:7=169 теңдіктерін пайдаланып, 1183
санының бөлгіштерін жазыңдар.
162. Шарлар тізбесін дайындау үшін 12 қызыл шар, 16 көк шар және 8
сар шар сатып алынды. Шарлар тізбелеріндегі әр түсті шарлар санын
бірдей етіп, неше тізбе дайындауға болады? Есептің неше шешімі
бар?
ІV. Алтын сандықтың
есебі:
161. Сыйымдылықтары 10 л және 8 л екі шелекті пайдаланып, суаттан 6
л суды қалай құйып алуға болады?
4. Қорытындылау және
бағалау: оқушыларға қайсы топ
қандай дәрежеде қатысқандарын айтып өту және жіберілген
кемшіліктерін талдау, оқушылардың шығарған есептерін бағалап
оқушылар жұмысына баға беру.
5. Үйге тапсырма:№163

