400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Натуршы басының суретінде конструктивті жәнетүстік модельденудің ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың сурет пәнінен білімдерін жетілдіру, натюрморт бейнелеп үйрету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Натуршы басының суретінде конструктивті және

түстік модельденудің ерекшеліктері – 16сағат.

1.Гипстен жасалған және модель бастарының суретін

салудың арасындағы айырмашылығы.

2.Модельдің өзіндік ерекшелігі және бас және оның

бөлікткрін бейнелеудің негізгі тәсілдері.

Сурет салудағы бірізділік.


Машықтық жұмыс: Бір форматта, екі бұрылыста натуршы басының

суреті.

1апта(4сағат) 1.Портретті тұтастау(компоновка бірінші

қалыптағы). Бас формасының және оның

детальдарының конструктивті талдауы.

2апта(4сағат) 2.Портреттік түстік модельденуі.

3апта(4сағат) 3.Бастың конструктивтік суретті (екінші қалыптағы

суреті, біріншісінің өлшеміне сәйкес).

4апта(4сағат) 4.Түстік детальдау жалпылау.


Сабақтың мақсаты:

1.Білімділігі: Оқушылардың сурет пәнінен білімдерін жетілдіру,

натюрморт бейнелеп үйрету.

2.Тәрбиелігі: Оқушыны шапшаңдыққа, тазалыққа

ұқыптылыққа, тәрбиелеу.

3. Дамытушылығы: Оқушының көру, ой-өрісін,есте сақтау қабілетін

арттыру.

Сабақтың түрі: топтық

Сабақтың әдісі: а)теориялық

б)машықтық


Сабаққа қажетті құралдар

мен көрнекіліктер: 35х45 формат, карандаш, өшіргіш, ұшашқыш,

пастель,көмір.т.б.


Сабақтың жоспары: І.Ұйымдастыру

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ.Жаңа сабақ

а)теориялық

б)машықтық

ІҮ.Қорытындылау

Ү.Үйге тапсырма

ҮІ.Бағалау

VII.Сыныпты жинақтау


Сабақтың барысы


І. Ұйымдастыру.

Сыныпты жабдықтап, оқушыларды түгендеп, жоқ оқушыны журналға белгілеп, құралдарын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге қандай тапсырма берілді?

Үй тапсырмасын тексеріп,қателерін ескертіп,бағалау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Натуршы басының суретінде конструктивті және

түстік модельденудің ерекшеліктері – 16сағат.

1апта(4сағат) 1.Портретті тұтастау(компоновка бірінші қалыптағы). Бас формасының және оның детальдарының конструктивті талдауы.

а)теориялық:

Портрет жанры дегеніміз - жалпы адам бейнесін салу. Ұлы шеберлер өмір сүрген 17ғ бұл суретшілер салып қалдырған портреттер өткен дәуір адамдарын тірі қалпында көз алдымызға алып келді.

Бұл – бір тұлғалық композициялық құрылымнан тұратын қондырғы портрет, қазақстан бейнелеу өнері қорынан айрықша орын алған көркем туынды. Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді.

Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн. Схемалық әдісте координаттар, кесінделерді. Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсылады.

Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызыктан тұрады. Біріншісі – беттің орта сызығы ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты санақ сызық болып, сызылады.

Дара портретті салу үшін перспективаларды және де ассимитриялық сызықтарды жақсы меңгеру керек. Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетугеадам бетінің орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі. Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл шартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.

Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.

Сурет салу барысында заттардың сәйкестіктерін сезу басты элементтердің бірі. Сәйкестікті сақтау, салып отырған сурет бөліктерінің көлемін бір-біріне сәйкестендіріп алу деген сөз. Сәйкестік сурет маштабын сақтай отырып, қағазға салып заттан көркемдік етіп көрсетуге мүмкіндік береді.

Сәйкестік еш бұзылмауы тиіс. Бұзылған жағдайда сурет бөліктері бір – біріне сәйкес келмей, зат ұқсастығы жойылып, нұсқаның сипаты өзгереді.

Сондықтан да сәйкестікті оқытуға аса үлкен көңіл бөлгендігі жөн. Тіпті дене бөліктерінің көлемінің үйлесімділігін анықтайтын арнайф заңдарда бар. Соны оқып, меңгеріп, үйренген дұрыс. Заңдар негізінен жіберілген қателіктерді ескеріп, болашақта соны түзетуге көмектеседі.

Портрет салуда немесе белгілі бір үлкен тақырыпта композициялық шығарма жазуда адам анатомиясыныңн жетік білу өте қажет.

Сурет салушы бастың суретін салуға кіріспес бұрын алдымен бас сүйек қорабының құрылысына, бұлшық еттердің орналасуының анатомиялық заңдылығына назар аударып, беттің схемасын зерттеуі тиіс. Мыны білу басты дұрыс бейнелеу үшін ғана емес, сонымен бірге адамның мінезін, сезі мдері мен қуаныш, күйінішін де беру қажет.


2апта(4сағат) 2.Портреттік түстік модельденуі.

Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді. Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.

Схемалық әдісте координаттар, кесінделерді. Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсылады.

Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мүсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл бұрыңғы мозайкалық Рим және пилинералық фором потреттері соның дәлелі. Адамдар әрдайым өз бейнесін көргісі келеді, ал ежелгі египеттіктер тіпті қайтыс болған адамның жаны портретке көшеді деп есептеді. Мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан, да назардан тыс қалып көрген емес. Алайда портрет жанырының ерекше етек жайған туыстары болған көне рим мен қайта өрлеу дәуірі соның айғағы.

Портрет жанры дегеніміз жалпы адам бейнесін салу. Ұлы шеберлер өмір сүрген

17ғ. бұл суретшілер салып қалдырған портреттер өткен дәуір адамдарын тірі қалпында көз алдымызға алып келді.

Бұл – бір тұлғалық композициялық құрылымнан тұратын қондырғы портрет, қазақстан бейнелеу өнері қорынан айрықша орын алған көркем туынды.

3апта(4сағат) 3.Ірі көлемдерді модельдеуде негізгі түстік

мәселелерді орындау – «кесінді».

Ересек адамның бас сүйегі (иектен төбе дейін) тұтас тұлғаның шамамен 1/7 – 1/8 биіктігін құрайды. Сондықтан өзіміз белгілеген тік сызықтың кесіндісін сегіз бастың өлшеміне тең етіп, сегңз бөлікке бөлеміз.

*бастың жоғарғы нүктесінен иекке дейін;

*иектен бастап төс сүйегінің ұшына дейін;

*кіндіктен шап айырығына дейін;

*шап айырығывнан жамбас сүйекке дейін;

*жамбас сүйектің ортаңғы бөлігінен тізенің төменгі жағына дейін;

*тізенің төменгі жағынан балтырдың төменгі жағына дейін;

*балтырдың төменгі жағынан табанға дейін;

Бас пен кеуде адам бойының жартысы болып табылады. Иектің ені екі бастың биіктігіне тең. Бірақ бұл сәйкестік ауытқида береді, көбінесе кемде болып шығады. Адам суретінің жарық пен көлеңкесін айырғанда ең әуелі оның жалпы аумағын негізгі штрих сызықтарымен белгілеп алып, содан кейін ғана адам денесінің мүшелерін түгендей біржола анықтауға кірісу керек.

Сегіз бастың өлшемін бойы ұзын адамдарға, бойы аласа адамдарға жеті бастын көлемінде қолданылады. Отырған адамды суретте салу қиынырақ, өйткені адам мүшелері қалыптағыдан өзгереді. Сондықтан отырған адам ең әуелі оңайлау көріністе салып дағдыланған дұрыс. Біршама жаттыққаннан кейін қимыл-қозғалыстағы адам бейнесін салуға көшу керек.

Адамның бас сүйегі немесе тұлғасын салу кезінде қосымша оның құрылысын зерттей отырып, дене мүшелерін жеке-жеке салып, олардың байланысын анықтауымыз керек, бірақ оған көп беріліп, егжей-тегжейін салуға тырысу жалпы нұсқаның бүтіндігін беруді жойып алуы да мүмкін. Сондықтан да сурет салудың соңғы сатысында, аса көзге түсіп тұрған бөлшектерді негізгі пішін сипатына сәйкестендіру суретшінің басты назарында болу шарт.

Қаламұшпен сурет салу тушьпен немесе сиямен (қара немесе қара қоңыр) жасалады. Соңғы кездерде тушьпен жұмыс жасау үшін түрлі автоқаламдар пайдаланылып жүр. Ал сурет салынатын қағазды планшетке керіп бекіту үшін сызба (сәулет) батырмаларын (кнопка) қолданылған жақсы немесе желімдеуге де болады. Ол үшін қағазды сулап планшетке қатты жапсыра нық ұстап тұрып, шетін плпншеттің қырының арт жағынан бекіту керек. Сурет салып бастамас бұрын қағаз керілген планшетті дұрыс жұмыс істеуге ыңғайлап, дайындап алған дұрыс.

Сурет салған кезде мольберт деп аталатын арнайы станоктарды пайдалану өте қолайлы. Молберттер түрлі конструкциялы болыпкеледі және түрлі қызыметке арналады.

Молбертте сурет салған кезде қол суретке еркін қозғалуы тиіс, бірақ оған карандаш немесе көмір, т.б. ғана тиюі керек. Суретті бүлдіріп алмауы үшін шынашақтың немесе аты жоқ саусақтың ұшын болар болмас тигізуге ғана болады. Қысқа сызықтар тек қолдың қимылымен, ұзын сызықтар бүкіл қолдың қимылымен жүргізіледі.


3апта(4сағат) 3.Бастың конструктивтік суретті (екінші қалыптағы

суреті, біріншісінің өлшеміне сәйкес).

Сурет салушының бейнелейтінің нысанының жарық түсіп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады. Жарық көзінен сәулелер түспейтін жақтарында меншікті көлеңке пайда болады. Қойылған заттан екінші бір заттың, яғни жазықтықтың бетіне түскен көлеңкені құлай түскен көлеңке деп атаймыз. Бұл көлеңке әрқашанда дененің көлеңкесінен қоюлау болады.

Жарықтан көлеңкеге ауысар жерін жартылай жарық немесе шала көлеңке дейміз. Дененің шет жағында денеге түскен жарықтың әсер етуінен пайда болатын әлсіз жарықты – рефлекс дейміз.

Жылтыр немесе мөлдір аттардың бетіне өте жартылай түскен жарықты, ақшыл дақтарды көру қиын емес. Бұл-заттың өзіне түскен сәулелерді ең көп шағылыстыратын жері. Олар аумағы онша көп болмайды. Олкөбінесе қисық жазықтықта, заттың қырларында болады. Бейнелеу өнері тілімен айтқанда бұл – жылт деп аталады.

Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты сопақ сызық түрінде орналасады.

Егер бас бір қырына қарай шамалы бұрылып, жанжаққа қисаймай тұрса, көз сызығы сол қалпында қалып орта сызық сопақша (овал) түрінде көрінеді.

Адамның басы өзінің құрылысы және пропорцналары бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетуге адам бетінің

орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі. Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл шартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.

Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.

Адам басының пішіні төрт түрге бөлінеді. Бірінші – суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау Екінші кескіннің құрастыру құрылысы мен көрністегі қолданылуы.

4апта(4сағат) 4.Түстік детальдау жалпылау.

Егерде бақылаушы заттар мен түсетін жарық көзінің ортасында болса, онда заттардың бетіндегі жарық деңгейі өз түсінен де жарығырақ болып өзгереді.

Оқушылар бейнелеу өнерін оқуда перспектива заңдылықтарын үйренуде мынадай қағидаларды жақсы меңгеру керек. Перспективаны бейнелеудегі негізгі тіректері картина жазықтығы, көкжиек сызығы, көру нүктесі, шығу нүктесі, көру деңгейі жәнет.б.

Табиғаттың көкжиек сызығы қағаз бетінде көкжиек сызығына параллель болып бейнеленді. Ауа перспективасының бейнелеу ережелері затты кеңістікте бейнелеу үшін жақындағы заттар анық, ал алыстағы заттар салғын бейнеленуі қажет. Алыстағы тұрған жарық түсті заттар өз түсінен қарағылау, ал қарағылау заттар сәл жарық болып бейнеленуі тиіс.Жақындағы түстер – ашық ал алыстағы түстер салғын болып жазылуы тиіс. Мұның бәрі перспектива заңдылық ережелеріне сәйкес жұмыс жасауды міндеттейді. Жарық пен көлеңке перспективасын бейнелеу ережесі.

Жарық көзінен алыста тұрған заттарға қарағанда жақын тұрған зат бетінің жарығы өз деңгейінен артық бейнеленеді. Әсіресе үй ішінің көрінісін бейнелегенде бүйір қабырғалар, алдыңғы заттарға қарағанда алыстағы заттар кішірейіп көрінеді.

Перспективадағы сызықтардың бәрі соза берсе бір орталық нүктеде түйседі. Суретшінің көріп қабылдауындағы белгілі тәртіппен бейнеленетін жазықтың картиналық жазықтық деп аталады. Сурет салғанда ең алдымен заттың жарық түсіп тұрған бөлігінде ең жарық нүктені, көлеңке түсіп тұрған бөлігіндегі ең күңгірт жерді тауып алуға тырысу керек, әдетте рефлексті де ұмытып кетуге болмайды. Суреті салынатын нәрсенің жарық түсіп тұрған бөлігі рефлекстен әрдайым жарығырақ болуы тиіс.

Суретте өң тұтас берілуі керек. Суреттегі оң нәрсенің пішінін, түсін және жарықтың түсуін берудің құралы болып табылады. Көлемді пішінді салғанда оған түскен жарықты, ақ дақты, жартылай өңді, көлеңке мен рефлексті таба білу міндетті шарт екендігі әрдайым есте болу керек. Жарық пен көлеңке арасындағы айқын қарама – қарсылық контраст деп аталады.

Заттар бақылаушыға неғұрылым жақын тұрса, жарық түсіп тұрған беті мен көлеңке арасындағы контраст соғұрлым күңгірттеу болады. Сондықтан алдыңғы планда контрастар мейлінше ашық болады да, екінші, үшінші, одан арғы планда контраст азая береді. Сонымен бақылаушыдан алыстаған сайын, нәрсенің жарық түсіп, тұрған жерлері біртіндеп күңгірттене береді, ол күңгірт жерлері бұлдырлана түседі. Сурет салғанда нәрсенің көлемін барынша айқын етіп көрсетуге талаптану керек.


б) машықтық:

Портрет жанры орындалу ерекшелігіне, композициялық құрылысна, құрылымына қарай бір тұлғалық және көп тұлғалық болып бөлінеді.

Күрделі нұсқаны суретте толығымен көрсету өте қиын. Сондықтан көрген нәрсені қабылдау сияқты бейнелеудің де оңай жолдарын пайдаланған жөн.

Схемалық әдісте координаттар, кесінделерді. Мысалы: бастың айқас сызықтары адам денесінің «ақ сызықтары» және т.б. сүйеніш нүктелері және орталық нүктені пайдалануды ұсылады.

Бастың айқас сызықтары екі қиылысқан сызыктан тұрады. Біріншісі – беттің орта сызығы ол маңдай мен мұрынды ортасынан екіге бөліп иектің ортасынан өтеді, екіншісі басты айналдыра көздің сызықтары арқылы өтіп, екі сызық бір-бірімен қаңқа құрайды. Егер бас тура қараған түрде болып, аздап артқа қарай шалқайса, орта бет сызық тік қалпында қалып, көлденең сызық жұмыртқа сияқты санақ сызық болып, сызылады.

Дара портретті салу үшін перспективаларды және де ассимитриялық сызықтарды жақсы меңгеру керек. Адамның басы өзінің құрылысы және пропорциялары

бойынша әр адамда әр түрлі осы өзіндік жеке-дара ерекшелікті іздеп тауып, баса көрсетугеадам бетінің орташаланған схемасымен жақсы көмектеседі. Егер сызықтар арқылы басты бет әлпетті бөлшектеп көрсек көздің орта сызығы бастың жалпы биіктігінің дәл шартысынан өтеді, яғни көзден жоғары тұрғанның бәрі де одан төмен тұрғандар қанша орын алса, сонша орын алады.

Бір қарағанда мұрын, ауыз, иек орналасқан төменгі бөлік жоғары бөліктен, яғни маңдай мен төбеден әлдеқайда көп орын алатын сияқты болып көрінеді. Көз сызығы беттің дәл ортасы бойынша өтетінін анықтап алған соң, беттің қалған бөліктерін орналастыруға көшеміз. Көздердің арасындағы қашықтық, мұрын қанатының ең шеткі нүктелерінің арасындағы сияқты, көздердің ұзындығы, көздердің ең шеткі нүктелеріне дейінгі қашықтық – бәрі де бір өлшемге тең. Осы деректерді пайдалана отырып, бетің алдынан қарағандағы құрылысының схемасын жасап бастаймыз.

Адам басының пішіні төрт түрге бөлінеді. Бірінші – суреттің қағаз бетіндегі қисынын табу, бас құрылысының негізгі сызықтарын анықтау Екінші кескіннің құрастыру құрылысы мен көрністегі қолданылуы. Негізгі тірек нүктелерінің табылған қалып-жағдайын жасап алу керек.


IV.Қорытындылау.

1апта

1.Портрет жанры дегеніміз не?

2. Портрет жанры орындалу ерекшелігіне қарай нешеге бөлінеді?

3. Схемалық әдісте координаттар қалай кескінделеді?

4. Бастың айқас сызықтары неше қиылыстан тұрады?

5. Дара портрет дегеніміз не?

6.Бет пішінінің дәл орта сызығы қайсысы?

7. Бұл жанр қашан, қай елде пайда болды?


2апта

1. Ересек адамның бас сүйегі нешеге бөлінеді?

2.Оларды атап, көрсетіп бер?

3. Иектің ені неге тең болады?

4. Сегіз бастың өлшемін қандай адамдарда қолданылады?

5.Бойы қысқа адапмдарға неше бастың өлшемі кетеді?

6. Қаламұшпен сурет салу немен жасалады және қандай түс?

7. Сурет салған кезде қандай басты құралды пайдаланамыз?


3апта

1.Портрет дегеніміз не?

2.Портрет салған кезде алдымен не істейміз?

3.Ауа перспективасы портрет салған кезде пайдаланамыз ба?

4.Пластикалық анатомия дегеніміз не?

5.Жарық түсіп тұрған жағы қалай аталады?

6.Меншікті көлеңке қалай пайда болады?

7.Құлай түскен көлеңке деп нені айтамыз?

8.Жартылай жарық немесе шала көлеңке дегеніміз не анықтамасы қандай?

9.Жылт дегенді қалай түсінесің?

10. Адам басының пішіні неше бөлікке бөлінеді, атап бер?


4апта

1.Портрет дегеніміз не?

2.Гуашьпен бояуының техникасы қандай ?

3.Жылт пен рефлекстің бір – бірінен айырмашылығы қандай?

4. Ахроматикалық түстерге қандай түстер жатады?

5.Гуащ қандай бояу?



V.Үйге тапсырма

1апта - түрлі бұрылыстағы адам басынан 3 нобай салып келу.

2апта – ата-анаңның портретінің долбарын салу.

3,4апта – автопортрет салу.



VI.Бағалау

VIІ. Сыныпты жинақтау



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16.02.2019
799
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі