2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Науқастарды аспаптық,зертханалық зерттеулерге дайындауды үйрету

Науқастарды аспаптық,зертханалық зерттеулерге дайындауды үйрету

Материал туралы қысқаша түсінік
Аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығын, Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерін.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»






Бекітемін

Ғылыми-әдістемелік

бөлімнің меңгерушісі,

ӘК төрайымы_____Қурмангалиева Л.М.

«__»_________20 __ж







ДӘРІС КЕШЕНІ





Курс: 4

Семестр: VІІ

Барлық сағат / кредит көлемі





Дәріс кешенін құрастырған: ________ Зұлхарнай А.Е.








Атырау, 2024 ж.




Дәріс тақырыбы: Науқастарды аспаптық,зертханалық зерттеулерге дайындауды үйрету

Мақсаты: Аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығын, Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерін.

Жоспар:

  1. Аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығы

  2. Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері

Науқасты тексеру әдістері — белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін анықтау үшін және ағзадағы өзгерістерін анықтау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері.
Науқасты зерттеу барысында табылатын симптомдарды объективті симптомдар деп айтады.
 
Сондықтан науқасты клиникалық тексеру әдістері:
субъективті,
объективті,
зертханалық,
аспаптық болып бөлінеді
Диагноз қою әдістері негізгі және қосымшаға бөлінеді.

Негізгі клиникалық әдістерге сұрастыру, науқасты қарау, сипап – сезу, соққылау, тыңдау жатады. Мейірбике оны әр науқасқа қатысты жүргізу тиіс.

Негізгі әдістерден кейін дәрігер ары қарай қандай қосымша тексерулер жүргізу керек екенін шешеді.
Қосымша (зертханалы – аспапты) тексерулерді арнайы дайындалған мамандар жүргізеді. Қосымша әдістер (биопсия, эндоскопия, рентген, цитодиагностика және т. б.) негізгі тексеру әдістері сияқты маңыздылығы зор, кейде диагнозды дұрыс қоюға шешуші рөлді атқарады.
Әр науқасқа қандай жағдайда қосымша әдістерді жүргізу керектігін дәрігер өз бетінше шешеді. Қосымша зерттеу әдістерін дәрігер тек кейбір жағдайларда ғана тағайындайды: белгілі бір нәтиже алу мақсатында, яғни зерттеу барысында арнайы әдістердің клиникалық диагнозды қою үшін, көлемі минимальді, жеткілікті болу қажет және барлық патологиялық үдерістердің ағу ерекшеліктерін анықтағанда, өз алдына емдеу тактикасы қолданылады.Инструменттік әдістер организмнің ағзалар мен жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктерін анықтауға және олардың қызметтер көрсеткіштерін өлшеуге мумкіндік береді (аудиометрия, спирометрия, электрокардиография, электроэнцефалография, реография, т.б.).
Қазіргі кезде ауруханаларда науқастардың жағдайын бақылайтын техникалық құралдар жете зерттеліп дайындалған. Сөйтіп медицинаның көптеген саласында автоматты анықталым (диагностика) және бақылау әдістері кеңінен енгізілді.
Соңғы жылдары емдеу-анықтау істерінде кванттық физика және биофизика

жетістіктеріне негізделген био-резонанс тәсілдері кеңінен таралып отыр. Мұнда төмен қуатты электромагнит сәулеленісімен (квант) тірі организмнің ақпараттық-қуаттық құрылымдарының өзара әрекеттесуін, гомеостазды қалыптастыру үшін жиі қолданылады. Өйткені тірі организмнен сейілетін сәулеленіс (толқындар) кванттық немесе электромагниттік өрістен құралады. Басқа толқындар іспетті, оларда да организмнің физиологиялық күйін көрсететін қуат және белгілі ақпарат болады. Оның компьютерлік анықтау әдістері (Фоль, Накатана, Акабане т.б.) адамның қалыпты күйінің өзгерістерін, аурудың симптомдары білінбей тұрғанда, ертерек тіркей алады.
Тіршілік кибернетика дәрігерлердің еңбегін өте женілдетеді. Есептегіш құралдарды, алгоритмдерді, әртүрлі бағдарламаларда емдеу және анықтау аппараттарын кеңінен пайдаланып, ақпараттың орасан зор көлемін тез өңдеуге және талдауға мүмкіндік туды. Осыған байланысты иедициналық анықталым орталықтарын ұйымдастыру мәселесінің болашағы зор.

Аспаптық талдау əдісінің жіктелуі:
1) Спектрлік – заттардың оптикалық қасиетін өлшеуге негізделген.
 
2) Электрометриялық – ерітіндідегі заттардың электрлік параметрлерін өлшейді.
3) Радиометриялық – заттардың радиоактивтілігін өлшейді
4)Термиялық- сәйкес процестердің жылу эффектісін өлшеуге негізделген
5) Хромотаграфиялық əдіс – əртүрлі заттардың талғамды сорбциялануға қабілетін қолдануға негізделген.
Аспаптық әдістері рентгенологиялық, эндоскопиялық және ультрадыбыстық зерттеулер жатады.
Эндоскопиялық зерттеу әдістері
Эндоскопия (грек. endon — ішінде, skopeo — қарау, бақылау) әдісі көзбен шолып зерттеу, ішкі органдардың тексеру арқылы олардың ішкі бетінің оптикалық аспаптардың көмегімен (эндоскоптарды), жабдықталған жарық беру құрылғысымен жабдықталады. Сызба түрінде, кез-келген эндоскоп білдіреді полую түтікке байланысты лампочкой, оны енгізеді саңылау зерттелетін органның немесе қуысына. Конструкциясы тиісті эндоскоп, әрине, байланысты формасы, көлемі, орналасу тереңдігі және сол немесе өзге де орган. Эндоскопиялық ішкі ағзаларды зерттеу әдісі мүмкіндік береді қарауға шырышты анықтауға, деформация, жаралар және қан кету көзі, табу ісік білім және полиптер. Арнайы құрылғылардың көмегімен эндоскопия суретке түсіруге мүмкіндік береді белгілі бір учаскелері ішкі бетінің зерттелетін органның жүргізуге биопсию (шырышты ауруларының ісік процестері білім беру) микроскопиялық зерттеу үшін, енгізу қажет болған жағдайда дәрілік препараттар.
Эндоскопиялық әдіс:
Бронхоскопия – бронхоскоп аппараты арқылы кеңірдекті және бронх тарамдарын тексереді: шырышты қабатын, қан ағу орнының жерін, ісікті көріп анықтауға болады.
Эзофагоскопия – өңештің шырышты қабатын, оның өзгеруін, ісігін, қан кетуін эзофагоскоп аппараты арқылы көре алатын тексеріс.
Фиброгастроскопия – асқазан мен он екі елі ішекті гастроскоп құралы арқылы тексеретін әдіс. Асқазанның ішкі кілегей қабатын, жарасын, ісігін көзбен көріп анықтайды.
Колоноскопия – колоноскоп аппараты арқылы тоқ ішектің төменгі бөліктерінің сілекейлі қабатындағы өзгерістерді анықтайды. Манипуляцияның алдында міндетті түрде тоқ ішекті тазартып алады.


Ректороманоскопия – тік және сигма тәрізді ішектің шырышты қабатын ректоскоп арқылы зерттейтін әдіс (ішкі кілегей қабатын, жарасын, ісігін, қан ағу орнының жерін т.б. өзгерістерді көзбен көріп анықтайды).

Ректороманоскоп
Цистоскопия – цистоскоп арқылы қуықты зерттейтін әдіс. Қуықтың ішкі кілегей қабатынан басқа, зәр аққыштардың қуыққа құятын санлары көрінеді, оның қызметі анықталады.
Пневмоэнцефалография – бас миындағы қарыншалар мен субархнойдальді кеңістіктің оттегіге толуы краниография көмегімен анықталатын әдіс. ПЭГ негізінен травманың паталогиясын, не қабынуды, басми ісіктері мен туа пайда болған ақауларды диагностикалауда қолданылады. Паталогиялық процесстің локализациясына байланысты көрінісі әр түрлі.
Ангиография – ұйқы артериясына контрастты затты енгізу арқылы мидың қантамырлар жағдайын анықтау КТ – ми тіндерінің қабаттарының тығыздығын тіркеуде қолданылатын мидың рентгенодиагностикалық әдісі
Эхоэнцефалография – мидың самай сүйектен медиальді сүйек құрылымын анықтайтын ультра дыбыстық зерттеу әдсі. Оңға және солға бағытталған ультрадыбыстық сигналдарды тіркейді. Осцилоскоп экранында бірнеше сигналдар бақыланады, М-эха сигналын бөліп қараймыз
Реоэнцефалография – бас миы қан тамырларының тонусы мен қан айналымын өлшеуге, анықтауға арналған әдіс. Рэограф тіркеу аппаратымен электроэнцефалографқа не электрокардиографқа жалғанады. РЭГ ми және қан тамырлар құрылымын, барлық қан тамырлар бұзылысы ауруларында қолданылады.

Ультрадыбыс (лат. ultra – шектен тыс, үстінде және дыбыс) – адам құлағына естілмейтін жиілігі 20 кГц-тен жоғары серпімді толқындар. Ультрадыбысты жануарлар (жарғанаттар, балықтар, жәндіктер) қабылдай алады. 
Ультрадыбыстар, керісінше, физикалық және технологиялық әдістерде кеңінен қолданылып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.
Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі — оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытта таралатындай етіп бағыттауға болады.
Ультрадыбысты диагностика 
Ультрадыбысты диагностика тіндердің ультрадыбысты толқынды бейнелеу қабілетіне негізделген.Ең үлкен ультрадыбысты қарсылық, яғни импеданс, екі ортаның шекарасында туындайды – сұйықтық және тығыз тін, ауа және тығыз тін. Қабылдағышта бейнеленген сәулелену сигналы электрлік сигналға ауысады, одан соң ол мониторда жарықтанушы нүктелер түрінде пайда болады.Жарықтанушы нүктелердің жарықтығы эхосигнал қарқындылығына байланысты . Негізінен- тығыз орталар ультрадыбысты бейнелейді, сұйық орталар ультрадыбысты өткізеді, газотәрізді орталар ультрадыбысты өшіреді.Осылайша, ультрадыбыс сұйықтық пен тығыз тіндерді дәл ажыратуға мүмкіндік береді.
УДЗ-ның 3 әдісі клиникада кең тараған:
 
1. Бір өлшемді зерттеу (эхография)
 
2. Екі өлшемді зерттеу ( сканирлеу, сонография)
 
3. Допплерография.
 

Электрокардиография – жүректің жұмысын электр тоғы арқылы анықтайтын тексеру әдісі. Миокардта әр түрлі биохимиялық дәрістер жүреді. Бұл кардиомиоциттердің мембраналарынан иондардың өтуін тудырады. Нәтижесінде биоэлектрикалық дәріс байқалады – электроқозғалушы жүрек күші электрокардиограмманы (ЭКГ) сызып шығарады. ЭКГ дененің әр түрлі аймағынан белгіленеді. Қазіргі уақытта бізге ЭКГ-нің 12 түрлі электродтық комбинациясы белгілі. 


Фонокардиография
Бұл әдіс жүректің дыбысын, шуын графикалық түрде сызып шығарады. Фонокардиограмма ЭКГ- нің ауытқуларымен бірге жазылады, өйткені жүректің дыбыстарын және шуларын систола және диастола кезінде нақты түрде анықтайды. Қазіргі ФКГ жүрек ақауларында қиын естілетін дыбыстарды белгілеу үшін жүргізіледі. Арнайы ФКГ-ға дайындық жүргізу қажет емес.

ХОЛТЕР МОНИТОРЫ АРҚЫЛЫ (ХМ) ТЕКСЕРУ

Авторы Норман Холтер.

Холтер - ол "үзақ" (тәулікті) ЭКГ, сондықтан осы монитор арқылы жай ЭКГ сияқты жүрек патологиясын анық дереккөздермен анықтайды.

Холтер мониторды жұргізу үшін пациентті дайындау?

Ең бірінші –процедураға жазылу, жүндес еркектерге кеудесіндегі шаштарын қыру, содан кейін мейірбике аппаратты кеудесіне салып береді. Пациентке күнделік жазуын өтінеді, оның ішіне кіреді: ұйқысы, физикалық күші, стрестер, тағаммен дәрілердін қолдануы, ауру шағымдары. Бір тәуліктен кейін ауруханаға келу.

Тәулік монитор арқылы қан қысымын тексеру (ТМАҚҚТ)Осы аппарат арқылы тәулік бойы пациенттің қан қысымын өлшейді.

Тәулік монитор арқылы қан қысымын тексеруі екі түрге бөлінеді: диагностикалық және бақылаулық. Диагностикалық түрі қан қысымының гипертония ауруында көтерілу дәрежесін, ал бақылау арқылы қолданылған емнің дұрыстығын тексереді.

Велоэргометрия және тредмил тест

Осы екі әдістің мағынасы: мөлшерленген физикалық күшін ЭКГ жазу және қан қысымын өлшеу арқылы тексеру. Жүрек ишемиялық ауруларында, спортшыларда қолданады. 

Жүк салмақтық сынақтарды өткізу үшін(велоэргометрия), міндетті түрде холтер мониторынан және эхокардиографиядан өтуі тиіс. Күннің бірінші жартысында, танертең тамақтан 2 сағат кейін, жүк салмақтық сынақтарды жүргізеді. Өзімен қоса орамал, спортқа арналған киімдермен аяқ киімін алады.

Сәулелік диагностика

Эхо КГ-Эхокардиография (жүректің УДЗ)

ЭхоКГ – УДЗ –арқылы жүректі тексереді.Экранда жүректің көлемін, жуандығын, қанның жылдамдығын, бағытын көруге болады. Жүрек аққауларын, бітелуін, гипертрофиясын, жиырылу босаңсу қабілетін,

тромбтардың пайда болуын, атеросклероз дәрежесін, т.б. анықтайды. Айтарлықтай дайындық болмайды.

Ағзаға енгізілген әр түрлі радий белсенді изотоптардың мүшелермен сіңірілу сатысын зерттейтін әдіс. Ағзаның белсенді изотоптарды сіңіру қабілеті мүше тінінің жағдайына байланысты. Қалыпты түрде мүшенің изотоптарды сіңіру дәрісі бір қалыпта өтеді. Патологиялық өзгерістерде мүше тіні ісініп сусінделенеді, яғни ради белсенді изотоптар осы қабынған аймақтарда ерекше көптеу сіңіріледі.

  Арнайы сканер мүшенің көлеңкесін қағазға түсіреді, сөйтіп мүшенің орналасуын, көлемін, пішінін анықтауға жағдай туғызады.

Осы әдістің көмегімен бауыр ісігінде,бүйрек, ұйқы безі және қалқанша безі ауруларында дерт анықтамасын жүргізеді. Қазіргі кезде бұл әдіс жаңаланған түрінде шығарылып сцинтиграфия әдісі деп аталады.
Флюорография (лат. fluor — ағыс және грек. grapho — кескінін көрсету, бейнелеу) — фотографиялық пленкаға флюоресценттік (сәулелендіруші) экраннан зерттелетін нысанның рентгендік кескінін алудан тұратын рентгенологиялық зерттеу әдісі.

Рентгенологиялық тексеру әдістері
Әр түрлі ағзаларда рентгенологиялық зерттеулер рентгендік сәулелердің әр түрлі аймақтарындағы ұлпалардың сіңіру ерекшеліктеріне негізделген. Рентгендік аппарат рентгендік түтіктен және экраннан тұрады. Рентгендік түтіктен тоқ жібергенде рентгендік қысқа толқынды электромагниттік сәулелену өтеді.Хирургиялық тәжірибеде оларды жүргізудің маңызы зор. Көбінесе асқазан-ішектердің, өкпе және басқа да ағзалардың ауруларында, сүйек-буын жарақаттарында, бұл әдісті кеңінен нақты диагноз қою кезінде қолданады.
Рентген сәулелерінің диагностикалық мүмкіншілігі контраст затын қуыс ағзаларға енгізгенде, оның пішіні мен көлемін анықтағанда маңызы зор.
Асқазан-ішек жолдарын барий сульфатын ауыз арқылы немесе тік ішекке енгізу арқылы зерттейді
(ирригоскопия)
Ангиокардиография кезінде, несеп шығару жүйесі мен өт жолдарын зерттеуде суда еритін контрастты заттар (верографин, гиппак, кардиотрас т, омнипак).
Рентгенологиялық диагностиканың әдістері
 
1. Негізгі әдістер – рентгенография және рентгеноскопия.
 
2. Томография (қабатты зерттеу) – сызықтық томография және компьютерлік томография.
3. Флюорография 
4. Контрасты зерттеу әдістері
 
5. Интервенционды рентгенология

Магниттік-резонанстық томография (magnetic resonance imaging, MRI), магниттік-резонанстың көмегімен бейнелерді компьютерлік жолмен жасау.Оның көмегімен мидың сұр затын ақ затынан, ісік жасушаларын қалыпты жасушадан ажыратуға болады.Бұл әдісті бас миының, бүйректің, бауырдың, сүйектің,қуық асты безінің ісіктерін және т.б анықтау үшін қолданады. 
Зиянды болу қаупі бар рентгендік және гамма-сәулелерді пайдаланбай-ақ магниттік-резонанстың көмегімен алынған құрылымдық және биохимиялық

ақпарат медициналық патологияларға диагноз қоюда құндылығы өте жоғары. Бұл технология ісіктерді анықтау және таратпау үшін, жұмсақ ұлпалардан тұратын мидың, жүректің және басқа ағзалардың суретін түсіру үшін баға жетпес құрал. Дегенмен бұл түсірілімді түсіру барысында пациентке ыңғайсыздық тудыратын жіңішке трубада қозғалыссыз жатуы керек.
Компьютерлік томография 
Компьютерлік томография ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүректің атеросклерозы күре тамырының зақымдану деңгейін анықтауға, остеопороз ауруына күдіктенген жағдайда, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. Компьютерлік томография рентгенографияның бір әдісі,яғни адам денесінің өлшемі 5 см дейін анықтауға болады.
Аты аталған бұл әдістің тағы бір кемшілігі медицинада суреттерді түсіретін басқа аппарат түрлерімен салыстырғанда бұл құралда сканерлеуге ұзақ уақыт кетеді, бұл өз кезегінде ұлпалық қысқаруға сезімтал болғандықтан, көкірек қуысын немесе асқазанды сканерлеуге жарамсыз етеді. Бірақ МРТ технологиясының артықшылығы басқа технологияларға қарағанда сау мен ауру ұлпалардың айырмашылығы мен қарама-қарсылығын жоғары дәрежеде ала алғандықтан
ц медициналық диагноз қоюда таптырмайтын құрал болып саналады.
Көпқатпарлы КТ алу негізі:
 
1. Шешілуге жоғары қабілеттілік
 
2. Кескін алудың жоғары жылдамдығы
 
3. Зерттелуші аумақтың үлкен созылғыштығы

\

Компьютерлық томограмма

Функционалдық-аспаптық зерттеу әдістері
Клиникада түрлі ағзалардың функционалдық белсенділігін зерттеуде көптеген әдістер қолданылады. Олар шар бойынша бірнеше топқа бөлеміз.
Бірінші топқа ағзалардың қызметі кезінде пайда болған биопотенцияларды тіркейтін әдістер: олар электрокардиография, электроэнцефалография, электрогастрография, электромиография
Екінші топқа кинетиктер, ағзалардың қозғалыс ширағын және оның өзгеруін тіркейтін әдістер: асқазан-ішек жолдарының әр бөлімінің баллонды кимографиясы, жүрек ұшы кардиографиясы, эзофагогастроскопиясы(сол жақ

жүрекшеден өңешке берілетін қысым ауытқуын тіркеу); баллистокардиография (жүректің жиырылуы және қанның үлкен тамырларындағы қан ағымына байланысты пайда болатын адам денесінің ауытқуларын тіркеу);
Үшінші топқа органдардың қозғалысы не жиырылуы кезіндегі дыбыс құбылыстарын тіркеу әдістері жатады: фонокардиография (жүректің дыбыстарын жазу), фонопневмография және фоноинтестинография(өкпемен ішектегі дыбыстарды тіркеу)

Радиоизотопты зерттеу
Бұл әдіс тіндердің радиоактивті заттарды сіңіру, жұту қабілетімен сипатталады. Қазіргі кезде қалқанша безді, бауырдың, бүйректің, лимфа жүйесінің радиоизотопты зерттеу әдістері кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ағзалардың қызметі, құрылымдарының ерекшеліктерін бағалауға болады.


Иллюстрациялық материал

1. Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер,мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта.


Әдебиет

  1. Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 г.

  2. Мейірбике ісі негіздері пәне бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарының жинағы М.Ш. Нурманова, Ж.Т. Матакова, Э.Т. Бейскулова, Қарағанды: ЖК «Ақ Нұр баспасы», 2012

  3. С.Ж Төлебаев. К Ш Сыздықов «Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс» Алматы 2015ж

  4. М.Ш Нурманова Ж Т Матакова «Мейірбике ісі негіздері» стандарттар жинағы Қарағанды 2019ж


Бақылау сұрақтары


    1. КТ зерттейді?

    2. Қандай зерттеу әдістерін білесіз?

    3. Науқасты зерттеу әдістерін атаңыз?

    4. Рентгенграфиялық зерттеу жүргізіледі?

    5. МРТ жүргізіледі

    6. Ультрадыбыстық зерттеу дегеніміз?

    7. Бронхоскопия жүргізіледі?



 

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
2021 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 472 Бұйрығына
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 6 сәуірдегі
№130 бұйрығына 4-қосымша





ШЖҚ КМК «АТЫРАУ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»

      (білім беру ұйымының атауы)




Педагогтың сабақ жоспары




Науқастарды аспаптық,зертханалық зерттеулерге дайындауды үйрету



Модуль /пән атауы:

МІДН-04 «Науқастарды оқыту»





Дайындаған педагог: Зұлхарнай А.Е.



2024 жылғы « »














1.Жалпы мәліметтер

      Курс, оқу жылы, топ 4 курс 2024-2025 оқу жылы,

      Сабақ типі: тәжірибелік сабақ, аралас сабақ

Сабақты өткізу әдісі: Түсіндірмелі-иллюстривті, репродуктивті

    Мақсаты, міндеттер

Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі


2. Мақсаты : Білім алушылар әр түрлі аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығын, Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерін үйрену.


Білімділік - Білім алушыларға науқастарды аспаптық тексеру әдістерін және оның диагностикалық маңыздылығын, Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістерін үйрету.


Тәрбиелік - Білім алушылар өзіне және емделушінің денсаулығына, өміріне деген моральдық жауапты арттыру.Өз мамандығының иесі болуға тәрбиелеу.


Дамытушылық - Білім алушыларды логикалық, клиникалық ойлау қабілетін дамыту өз мамандығына деген қызығушылықты арттыру, оқу іздену өзін-өзі дамыту бағалау қасиеттерін дамыту өз мамандығына жалпы медицинаға қызығушылықты арттыру.

Әртүрлі жағдайда науқастармен қатынаста болу. Жауапкершілікті көрсете білу

Міндетті: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру

Күтілетін нәтиже: Аудиториялық сабақты түсіндіру барысында алушыларға науқасты әр түрлі лабораториялық(қан, зәр,нәжіс,қақырық) зерттеуге дайындауды игеру


    1. Оқу сабақтары барысында білім алушылар игеретін кәсіби біліктердің тізбесі


  1. Аспаптық тексеру әдістері және оның диагностикалық маңыздылығы


2. Рентгенологиялық, эндоскопиялық, функционалдық-аспаптық және ультрадыбыстық зерттеу әдістері


3. Сабақты жабдықтау


Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер, мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта, Дәріс кешені, тест сұрақтары,ситуацилық есептер.



3.1Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

3.1.1 Дәріс кешені, тест сұрақтары,ситуацилық есептер

3.1.2 1.Мейірбикелік іс негіздері. С. Қ. Муратбекова – Астана, 2007 жыл

2.C.А Мухина . И.И.Тарновская « Мейірбикелік істің теориялық негіздері» 2014 жыл

3.С.Ж Төлебаев. К.Ш. Сыздықов «Мейірбике ісіндегі менеджмент және әкімшілік үрдіс» Алматы 2015 жыл


3.2 Техникалық құралдар, материалдар

Ақпараттық технологиялық құралдар: компьютер,мултимедиялық құрылғы, интерактивті тақта, Дәріс кешені, тест сұрақтары,ситуацилық есептер.


  1. Сабақтың барысы


4.1.Ұйымдастыру уақыты

Білім алушылардың топтың сабаққа дайындығын, сыртқы келбетін тексеру, сабақта жоқ оқушыларды белгілеп журналды толтыру. Білім алушылармен амандасу. Сабақтың жоспары мен мақсатымен таныстыру.Тақырыптың болашақ мамандығы үшін маңыздылығын түсіндірy.

4.2. Студенттердің теориялық білімдерін тексеру мақсатында

Сұрақтар:

КТ зерттейді?

Қандай зерттеу әдістерін білесіз?

Науқасты зерттеу әдістерін атаңыз?

Рентгенграфиялық зерттеу жүргізіледі?

МРТ жүргізіледі

Ультрадыбыстық зерттеу дегеніміз?

Бронхоскопия жүргізіледі?


5.Сабақ бойынша рефлексия

Бүгінгі тақырып бойынша тест сұрақтарын беру


5.Үй тапсырмасы

Науқастарды аспаптық зерттеуге дайындау қажеттіліктері









30 Желтоқсан 2024
270
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі