Наурыз-2026

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз-2026

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қазақ тілі мен әдебиеті», «Математика» және «Химия-биология» бірлестіктері Сіздерді

«Ұлы дала дәстүрі – Наурыз» думанды мерекесіне шақырады!

Думанды мерекеде баршаңызды ұлттық салт –дәстүрлерге, мол дастархан мен қызықты ойын-сауыққа толы мазмұнды бағдарлама күтеді.



Көрнекілігі: Қараша үй, көрме, лед экран

Кеш жүргізушілері: Орынбасарова Ақбота Дәулетқызы

Әбілқасым Бақберген Ергешұлы

Барысы:


9.30-10.30 Ұлттық спорттық ойындар (арқан тарту, асық ату, гир

көтеру, қол күрес, садақ ату) (спорт алаңы)

10.30- 12.00 «Ұлы дала дәстүрі – Наурыз» мерекелік іс-шара (Акт зал)

12:00-13.00 Мерекелік ақ дастархан


Фанфар.

І жүргізуші: Көктем келіп, таралды күн шуағы,

Жер жаңарып, су ағып гүл шығады.

Ерте көктем асыр сап кең далада,

Бар тіршілік өмірге құлшынады.(фонда құстардың сайраған дауысы)

Жер –Анамыз құлпырады тамаша!

Сай-салада су тұнады жаңаша,

Жер-Анадан қуат алып тіршілік,

Болашаққа ұмтылады балаша.

ІІ жүргізуші: Көктем келіп, табиғат тұр үкілеп,

Жадырасып жаз шығар қыр гүлімен.

Шуағына шомылып жарық күннің,

Жылынады бар әлем күн нұрымен!

Қараңғы түн жарық күннің сыңары,

Қара түнде көкке жұлдыз шығады.

Күн менен түн теңелгенде көктемде,

Табиғат та тепе-теңдік құрады.

Ассалаумағалейкум дархан дала Елі! Төрімізге кірген Әз-Наурыз құтты болсын!

І жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың Ұлы күні баршамызға ырыс, несібесін, молшылығын әкелсін! Әр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын!

Видеоролик

Қазақтың ұлттық биі

Наурызнама: Бауырымнан тараған барлық тіршіліктің қайта жаңарып, жанданар сәті туды. Көктің көркі кіріп, кеудемді жарып шыққан бал-бұлақтың көзі ашылып, табиғат таңғажайып кейпіне енді. Иә, Тәңір Ием, шаттанған халқымның қабағына кірбің салма, жаңарған дүниенің жұпар иісін аңқытып, Наурыздың таусылмас көл-көсір несібесін бұйырта көр!

Аппақ боп нұрдан жаралған,

Жүзіңнен шуақ таралған.

Қыдыр Ата келеді,

Сазыңды естіп шалғайдан

Жыл бақытты болсын деп,

Ақ батасын береді!

Қыдыр Ата: Е, Құдайым, қолдасын,

Жіберсін пейіл жолдасын.

Жыл иесі алдың береке, артың мереке болсын.

Егенменді елімнің қазынасы ырысқа толсын!

Еш жамандық болмасын

Басыңа бұлт қонбасын

Денсаулықтарың зор болып,

Дастархандарың мол болсын!

Қайда барсаңдар да алдарыңда жарқыраған жол болсын!

Үміт артқан ұл-қыздарың,

Ел сенімін ақтасын.

Бірлігіміз берік болып,

Еліміз өркендеп дами берсін!

Ел аман, жеріміз тыныш болсын!

Шәкірттерің білімді болып,

Тек биікке самғасын!

Аумин!

Тазша бала: Е-Е-Е-Ей, Жаңа жыл келді

Наурыз келді еліме,

Қуаныш бар көңілде.

Ақ дастархан жайылып,

Береке бар өмірде

Алаңға бірге барайық.

Асыр салып ойнайық,

Күш сынасып, асық атып,

Би билеп, ән шырқайық,

Ырыс келді, Бақ келді.

Жақсылыққа жол ашып,

Ұлыстың ұлы күнінде

Мерекені тойлайық!

Наурыз мейрамы құтты болсыыын, ағайеееен!

Дауыс

ӘН:

Орындайтын: Домбырашылар

Керуен

І жүргізуші: Наурыз іргесі сөгілмес бірліктің мерекесі,

Ырысы төгілмес тірліктің мерекесі.

Жақсылықтың жаршысы Жаңа жылдың бастауы, Наурыз мейрамы туған жер топырағына құт, береке әкелсін!

Құттықтау сөз Серәлі Лапин атындағы №261 орта мектебінің директоры Шарапатов Габидулла Абдраимұлына және кәсіподақ төрайымы Әуезова Жазира Сейітсұлтанқызына беріледі.

Марапаттау.

Ән: «Попури»

Орындайтын: Әжелер ансамблі

(Әжелер жүн түтіп, ұршық иіріп, сабау сабап, күбі пісіп, келі түйіп, асық ойнап, көрпеше көктеп, ою ойып т.б)

Ән: Былтырғы мен биылғы –ай»

ІІ жүргізуші: Ата-баба салт-дәстүрі,

Ұлтымыздың айнасы.

Келешекте ұмытылмас,

Дәстүрімнің жалғасы.

Шашу шашқан жақсылыққа,

Құт- береке тілеген.

Қуанышты құт хабарды,

Сүйіншілеп жеткізген.

Әдет-ғұрып салт-санамыз,

Әрқайсысы бір өнеге.

Көрініс: Салт-дәстүр «Ұрын бару»

  1. жігіт: Той күні белгіленді. Қалыңдығыңды көретін күн де таяп қалды. Бауырым, жүрегіңнің қағысы қалай?

  2. жігіт: Көңілі алабұртып жүргені рас –ау осы серінің. Қиялға беріліп көп ойланатын болды, тегі. Ата-баба салтымен ырым-жоралғыларын жасап, қынаменде жасамадық па?

  1. жігіт: Қызды ауылдың жеңгесімен әңгімеміз жарасатын еді. Жасырын түрде барып қайтпадық па, жігіттер?!

Күйеу жігіт: Дос дегенің осы-ау шіркін! Ішімдегіні айтқызбай- ақ болжайтын. Ойымның үстінен дөп түстіңдер.

1-жігіт: Ендеше не тұрыс? Темірді қызған кезде соқ деген. Ал, қанекей, жігіттер, Алла жолымызды оңғарсын.

Күйеу жігіт: Бірге жортар түндерде досың қайда?

Жүйрік көңіл басылмас жосылмай ма?

Серіліктің үлгісін көрсетейік,

Ұрын барып қызды ауылға осындайда. (кетеді)

Қызды ауыл

  1. Жеңгейдің сөздерінің астарына үңілсек, күйеу жігіт ұрын келмекші ғой шамасы.

  2. Күйеу жігітпен танысатын сәтте келіп жетті, құрбым. Сабақты ине жібімен деген, сәті түскен күн осы болған ғой.

  1. Жүрегіңнің қағысынан қобалжып тұрғаныңды сезіп тұрмын, құрбыжан. (кетеді)

Қызды ауылға жігіттер келеді.Жеңгесі әндетіп жүреді.



  1. Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан деген рас –ау, шіркін. Сәлем бердік , жеңеше!

Жеңге: Амансыңдар ма, серілер?!

Сау думанда қызық деп шеттен келдік.

Дауысты естіп сендер деп ептеп жеттік.

Ал қанекей, өнерді ортаға сал

Күйеу жігіт өзіңді көптен күттік. (Ап, бәрекелді, әу деп жібер)

Күйеу жігіт: Өнерден алыс емеспіз жеңгесі, қабыл алыңыз. (ән орындайды)

Жеңгесі: Әп, бәрекелді сері жігіт.

Сені күтті жеңгесі, шен күтпеді,

Неше ай болды апыр-ау ентіккелі.

Бір олжаңды үміттіміз берер деген,

Күтіп тұрмыз мына біз ентікпе енді.

Күйеу жігіт: Сіз едіңіз расында жыр күніміз,

Шоқ мінезді өтінем бір үзіңіз.

Ентікпең де әрқашан дайын болар,

Мінекей жеңгесі жүзігіңіз.

Жеңгесі: Ой , бәрекелді, сері жігіт.

Құрбы: Күйеу жігіттің мырзалығы осындайда көрінеді деген рас-ау.

  1. Серілікті серпілткен біз ғана ма?

Құрбылары сұлуды қызғана ма?

Білезігім күміс көз сыйға тарттым,

Жаныңда ана тұрған қыз балаға.

Күйеу жігіт: Иәәә, Қалыңдығымның жүзін көру арманым еді жеңгесі.

Жеңгесі: Жігіттіктің шертсең де шерін мейлі,

Тәтті жеміс оп-оңай терілмейді,

Қанша жерден сен сері болсаң дағы

Көрімдіксіз бойжеткен берілмейді.

Күйеу жігіт: Күйеу жігіт көрімдіксіз келетін ба еді жеңгей?! Алтыннан қымбат жеңгемізге не сыйласақ та жарасады. Сыйымызды қабыл алыңыз. (Ай бәрекелді)

Жеңгесі: Ата-бабамыздан келе жатқан «Қол ұстату» салтымен бір –біріне ынтық жандарды қосайын. Сауабы маған болар. Жұптасқан қос білек ешқашан ажырамасын деп тілейін. Аумин.

Наурызбенен бар нұрыңды шашып қал,

Көктей берсін алыстар мен қашықтар.

Көктем менен гүлдеп мәңгі өсетін,

Айрылмасын ешқашан да ғашықтар. (шығып кетеді)

Дауыс «Мен қазақ қыздарына қайран қалам»

Ән: «Әриайдай»

Орындайтын: Айгерім мен Лаура

Би

І жүргізуші: Төгіл шуақ даланың көркін құрап,

Желмен ойнап желбіре, желпін құрақ.

Жұмыр жердің жүрегін дүрсілдетіп,

Жүгіреді еркін жел, еркін бұлақ.

ІІ жүргізуші: Төрлет Наурыз, төріме шық тосылмай,

Ерке көктем ежелгі бір досымдай.

Ұлы күні құтты болып Ұлыстың

Думан тойлар тоқтамасын осындай!

Ақбота, Наурыз ежелден тойланатын ұлы мереке. Наурызда жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы деп жатады. Самарқанның көк тасы еріп, тіршілік оянғанда, халқымыз күн мен түннің теңеліп, жаңа жылдың бастауы Наурыздан басталатынын білгені неткен даналық. Олай болса қонақтарымызға Наурыз мерекесіне байланысты сұрақтар қойсақ.

  1. Жыл басының алғашқы көгі? (Бәйшешек)

  2. Жыл басының алғашқы белгісі (Көрісу)

  3. Жыл басының алғашқы сый тамағы (Ұйқыашар)

  4. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы? (Наурызиек)

  5. Жыл басының алғашқы асы?(Наурыз көже)

  6. Жыл санаудың негізі? (Мүшел)

  7. Жыл есебін жүргізуді қалай атаған? (Жыл қайыру)

  8. Наурыз күні үйдің саңлауынан үйге түскен алғашқы сәуле? (Өткүрді)

Көктемде алғашқы үйге түскен сәулеге байланысты халқымыздың «Өткүрді, үйге құт кірді» деген сөзі осыдан қалса керек.

ІІ жүргізуші: Ата-бабамыз Ғарыш әлемін жетік білген. Қазақ халқының сандық ұғымында 7 амал бар. «Күннің тоқырауы», «Қарашаның қайтуы», «Үркердің батуы, «Мұздың қатуы», «Киіктің матуы», «Қыс тоқсан», «Айдың тоғамы»

І жүргізуші: Иә, Бақберген, осының бәрін аспан денелеріне қарап анықтаған. Тіпті ат қойған. «Бес қонақ», «Өліара», «Құс қанаты», «Аласапыран» деп жалғаса береді.

ІІ жүргізуші: Айдың Үркерді басып өтуін қазақ «Тоғыс» деп атаған. Халқымыз осы амал мен тоғысқа қарап болжам жасаған. Үркерге қарап қыс пен жаздың басын анықтаған. Үркер шаңырақтан көрінсе «Үш ай тоқсан қысың бар», «Ел жатқанша Үркер жамбасқа келсе жаз шықпағанда несі бар» деген сөз осыдан қалса керек.

І жүргізуші: Адам жанына тек жақсылық ұялататын , тіршілікке шуақ шашып, оты сөнген жүректерге нұр құятын, әр кеудеге үміт шырағын жағатын Ұлыстың ұлы күні Наурыз-айтыс тамашалағанға не жетсін.

Айтыс.

  • Армысыңдар ағайын, Алты Алашым агугай,

Көктем келіп кеңіген арқа басың агугай.

Ұлы күнін Ұлыстың тойлағандай аюгай

Берекең мен бірлігің тарқамасын аюгай.

Ай,ай, Алашым, Сен басқадан дарасың,

Күннің көзі жылытсын,

Қазақтың кең даласын.

Құттықтаймын Ұлыспен,

Лапин ұжым баласын.

Бұрылайын мен енді ---- аюгай,

Ән: Қазағым-ай!

Орындайтын: Жаңагүл

Ән: Наурыз-көктем

Орындайтын: Нурила мен Айгүл

І жүргізуші: Көктем жетті көл-көсір шуақ қуып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көргісін Ақпанның лақтырып.

ІІ жүргізуші: Наурыз- кешірім мен келісімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен мейірімнің мерекесі. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ та жол болсын!

Бірге: Наурыз құтты болсын!

Тазша бала: Уа, ағайын, ағайын!

Наурыз тойға барыңдар,

Көжесіне қаныңдар.

Алпыс үйдің басы бар,

Алпыс түрлі асы бар,

Бірі шекер, бірі бал!

Наурыз дастарханынының қадірлі қонағы болыңыздар!




Сөз сөйлейтіндер:

Жәмилә апай, Лаззат апай, Жанайым апай, Жалғас ағай, Бақтыгүл апай.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі