Бекітемін
«Ай – Сана бөбекжай
балабақшасының»
меңгерушісі__________Ж.
Даулетбекова
Ашық ұйымдастырылған оқу
қызметі
II – кіші «Құлпынай»
тобы
Тақырыбы:
«Наурыз – жыл басы»

2018ж
Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық
картсы
Күні: 19.03.2018
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлім: Сөйлеуді
дамыту
Тақырыбы: «Наурыз – жыл басы»
Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігі туралы білімдерін
кеңейту. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының
салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге
тәрбиелеу.
Билингвальды компонент:
Көктем – весна, бәйшешек - подснежник
Сөздік жұмыс: Көктем,
Технологиялық қамтамасыз ету:
Көктем көрінісі суреті, т.б бұйымдар
Әдіс – әсілдері:көрсету, әңгімелеу,сұрақ - жауап
|
Іс-әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің басқару
әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
|
Мотивациялық-
Қозғаушылық
|
Шаттық шеңбері.
Балаларды шаттық шеңберіне тұрып, бір-бірімен
амандасады.
Ақ қар
еріп, су көбейіп,
Сай
салаға толады.
Ағаш
басы бүршік атып,
Гүл
бәйшешек басады.
Балалар
айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады?
|
Шаттық шеңберге тұрып
бір-бірімен амандасады.
|
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік
|
-Балалар айтыңдаршы қазір
қай мезгіл?
-Көктемде күн шығып, қар
еріп, су көбейіп, сай салаға толады.Құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Ағаштар бүршік атады.
-Көктемде ең алғаш қандай
гүл өсіп шығады?
Иә, бәйшешек – ерте
көктемде гүлдейтін гүл.
Міне, мынау бәйшешек
гүлі.
Билингвальды компонент: көктем- весна, бәйшешек- подснежник
-Көктем мезгілі қандай
аймен басталады?
- Наурызда қандай
мерекелер болады?
- Ал,
22- наурыз қандай мейрам?
-
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз – Ұлыстың ұлы күні, мейрам.Наурыз
тойын тойлаудың дәстүрі бар. Қазақ халқы наурыз мейрамында ән
шырқайды,күй тартады,ойын – сауық өткізеді.Жаңа жылды адамдар
қуанышпен қарсы алады. Бұл күні наурыз көже пісіріледі. Наурыз көже
– Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас.Наурыз көже аса қасиетті ас болып
саналады
Наурыз көже жеті түрлі дәмнен
дайындалады.Наурыз көже тоқшылықтың белгісі.
|
-Көктем
мезгілі
-Бәйшешек гүлі
Қайталайды
-Наурыз
айымен
- Аналар
мейрамы
-
Қазақтың жаңа жылы
|
|
Ұйымдастырушылық – ізденушілік
|

Балалар
сендер наурыз туралы тақпақ білесіңдер ма?
Наурыз тойың құтты болсын
ағайын!
Байлық, бақыт
тілеймін
Барлық қазақ еліне
Ескі жылда есейтіп
Қоштастырған Наурыз
Адамдардың бәрін де
Достастырған Наурыз
Ұлыс оң
болсын
Ақ мол
болсын
Сергіту сәті: «Қара
жорға»

|
Мұқият
тыңдайды
- Иә,білеміз
Алихан
Арсен
Айсултан
Алижан
«Қара
жорға» биін билейді
|
|
|
Кел балалар
ойнайық, ойынға бір тоймайық!
Наурыз мейрамында халық
қуанып ұлттық ойын түрлерінойнап көңіл көтерген. Соның ішінде
«Көкпар», «Қыз қуу», «Арқан тарту» т.б ойындар ойнаған.
- Ал, балалар, ендеше
«арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға
бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы
Арқанды бірінші болып
өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3!
бастаймыз

|
Қуана
келіседі
Арқан тартысады
|
|
Рефлексивтік
түзетушілік
|
-Балалар, көктем қай
айдан басталады екен?
-Көктемнің алғашқы гүлі
қалай аталады екен?
Сұрақ – жауап әдісі арқылы оқу қызметін қорытындылау.
Балаларды мақтап,мадақтау.

|
-Наурыз
-Бәйшешек
|
Күтілетін нәтиже
Нені білу керек: Жыл мезгілдері,көктем туралы түсініктерді.
Нені игерді: Қазақтың ұлттық ойындарының түрлерін.
Нені білді:.
Наурыз мерекесінде орындалатын жөн- жоралғыларды.
Технологиялық картаны толтырған
тәрбиеші: Шамамбекова Ж. О