Тақырыбы:
Наурыз – жыл басы
Мақсаты:Балаларға
ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру,
балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық
салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу,
имандылық, инабаттылық, ізеттілік
қасиеттерін қалыптастыру. Балалардың
шығыс күнтізбесі жайлы түсініктерін
жетілдіру. Шығыс күнтізбесі бойынша
Жаңа жыл 22- наурыздан басталып, күн
мен түннің теңесетінін түсіндіру.
Халқымыздың салт - дәстүрлерін сақтауға,
балаларды еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке
тәрбиелеу.
Көрнекілік:Мейрам
өтетін жер салт –дәстүрге байланысты
жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен
келеді. Киіз үй керегесінен сахна
жасалынады. Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Кіріспе:
22
наурыз күн мен түн теңелетін күн.Табиғат
та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi,
жаңарады, тал-теректер бүршiк жарады.
Қазақтың сайын даласын Қыдыр баба кезiп,
адам баласына құт-береке, бақ-дәулет
сыйлайды. Қар ерiп, қасиеттi қара жер,
қара топырақ бусанады. Ұлы даланың
төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп,
бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем
төселетін күн бұл – Наурыз мейрамы.
Құрметті
ата –аналар, балалар сіздерді 22 –
наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Ұлыс
оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке
сіздерге тек жақсылық әкелсін!
«Наурыз – жыл басы» атты Наурыз кешіне
қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Уа,
жараңдар, жараңдар,
Бәрі
бері қараңдар.
Наурыз
думан басталды,
Бір
сәт зейін салыңдар.
Ұштасқан
оймен мәңгілік
Біздерде
бар сан ғұрып,
Ғасырлардан
ғасырға
Келе
жатқан жаңғырып.
Жүргізуші:
Уа,
халайық, халайық!
Ақ
сандықты ашайық,
Бұл
мереке бұл тойдың
Шашуларын
шашайық!
(Әжелер
шашу шашады)
Жүргізуші:
Салт
– дәстүрмен жарасса,
Жыр
оқиық тамаша
Жарыса
өнер көрсетіп,
Би
билейік жаңаша
Би:
«Қазақ
биі»
Жүргізуші:
Наурыздың
21 – 22 қараған түні даланы Қыдыр аралайды.
Қыдыр ата – адамдарға дәулет дарытатан,
бақ қондырады.
(Қыдыр
ата келеді)
Армысыз,
Қыдыр ата!
Қыдыр
ата:
Армысың
жамағат!Жыл басы Наурыз мерекесі құтты
болсын!
Жүргізуші:
Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ
батасын алайық.
Қыдыр
ата:
Армысың
жамағат!
Ұлыс
оң болсын,
Ақ
мол болсын!
Ұлыс
бақты болсын
Төрт
түлік ақты болсын!
Аман
сақтап төл басын
Еккен
егін солмасын!
Бостандықтың
ордасын
Періштелер
қорғасын!
Бақыт
ашып қақпаның,
Мәңгі
– бақи жаппасын!
Әумин!
Жүргізуші:
Ұлыс
күндеріңіз құтты болсын!
Келе жатыр
жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы
сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
Қыдыр
ата:
Қош келдің Наурыз!
Наурыз:
Жер
әлемді жайнатқан
Наурыз
қызбын,
Ерітіп
жіберейін өзін мұзың
Жылуымнан
сескеніп тентек боран,
Өзімен
ала кетер қыстың сызын,
Жан
– жануар ойнақтап асыр салды.
Әнші
құстар тамылжып әнге салды.
Елге
бірлік береке ала келдім
Қуанышпен
қарсы алған жаңа таңды.
Жүргізуші:
Қош
келдің, Наурыз еліме,
Мейірін
төгіп жеріне
Береке
– бірлік бақ болып,
Орнығып
отыр еліме.
Қарақат:
Наурыз
– гүл көктем,
Сәнді
ай арайлы
Күлімдеп
күн көктен
Нұр
шашып қарайды.
Нұрсәул:
Наурыз
тойы құтты болсын,
Ел
ырысы құтқа толсын!
Бақыт
әкеп Ұлыс күні
Бұзылмай
ел тыныштығы
Бақыт
құсы баққа қонсын!
Айару:
Наурыз
келді еліме
Наурыз
келді жеріме.
Байлық
бақыт тілейміз.
Бүкіл
қазақ еліне.
Кәусар:
Көктем
келді балайқай,
Жасарды
жер алақай.
Наурыз
тойын тойлайық,
Әсем
әнге салайық.
Жанбота:
Қүлім
қағып жетті көктем,
Күн
сәулесін төкті көктем,
Наурыз
айы берекелі.
Алып
келді мерекені.
Інжу:
Наурыз
тойы – салтанат
Наурыз
тойы – мархабат,
Әр
жүректен ән тарап
Шаттанды
шартарап.
Жанерке:
Наурыз
келді жыл келді.
Дала
жайнап гүлденді.
Көңілдерге
қуаныш,
Жүректерге
нұр берді.
Айшабибі:
Ұлыс
оң болсын.
Ақ
мол болсын.
Қайда
барсаң жол болсын!
Айзере:
Ұлыс
бақты болсын,
Төрт
түлік ақты болсын.
Ерназар:
Наурыз
тойы тамаша
Наурыз
тойы – жанаша,
Тұнық:
Наурыз
келді – еліме,
Наурыз
келді – жеріме.
Ән:
«Балдырған»
Жүргізуші:
Наурыз
көже –
келер жылы молшылықтың жоралғысы ретінде
әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын
арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті
түрлі (бидай, тары, бұршақ, сүт, су, тұз
сияқты) азықтық заттар қосылуы тиіс.
Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте
беруге болады. Құрт пен қатықтың
қай‑қайсысы да сүттің орнын толықтырады.
Наурыз көжені халық арасында «тілеу
көже» депте аталады.
Әсел:
Әжем
наурыз көжеге
Жеті
түрлі ас салды
Бидай,
күріш, тары бар.
Ащы
құрты тағы бар.
Көже
елдің ырысы.
Гүлзия:
Наурыз
тойы әдемі,
Әжем
еске түсірді.
Біздерге
арнап әдейі.
Наурыз
көже пісірді.
Ашылды
да кебеже,
Дәм
әзірлеу басталды.
Дидар:
Наурыз
тойы әдемі,
Әжем
еске түсірді.
Наурыз
көже пісірді.
Жүргізуші:
Әнім
де саған биім де,
Құт
қонақ өзің үйімде.
Қуаныш
сыйлар еліме
Күлімде
Наурыз күлімде!
Би:
«Гүлдер»
(бүлдіршіндер
және Наурыз қызбен)
Жүргізуші:
Наурыз
– жыл басы
Наурыз
– жаңа серпін, жаңа леп – дей келе «Жыл
басы» ертегісін сахналауға балаларды
шақырайық.
Көрініс
«Жыл басы»
Жүргізуші:
Жасай
берсін жаңа күн!
Туа
берсін жаңа нұр!
Дүр
сілкінсін дала бір.
Құтты
болсын Наурыз той!
Құтты
болсын Жаңа жыл! – дей келе «Наурыз –
жыл басы»атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.
Көріскенше күн жақсы болсын!