Наурыз
– Жыл басы !
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың мейрамдарының
бірі-
Наурыз
туралы түсінік беру.
Оқушыларды
ұлтжандылыққа,ана тілін құрметтеуге,
халқымыздың
ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі:
тәрбие сағаты.
Көрнекілігі:
Нақыл сөздер,ұлттық киімдер.
Тәрбиеші:
-Наурыз
– Жыл басы,көктем мейрамы.
Ел
оған сағынып жетеді.Наурыз мерекесінде
наурыз көже даярланады,дастархан жайылып
ұлттық тағамдардың түрлері қойылады.
Халық
бір-бірін мерекесімен құттықтайды.
Наурызда
алтыбақан құрылады,ән салып,би биленеді.
Әр
түрлі ойындар ойналады.
Наурыз
мейрамы күн мен түн тепе-теңдікке келген
сәттен бастап тойланады.
Наурыз
мерекесінде көпшілік бұлақтардың көзін
ашып,тал егеді.
Бұл
кезде мал төлдеп,жер көктеп,дүние жаңара
бастайды.
Наурыз
тойы – көктем тойы,көктем тойы
Жақсылық
бола берсін өмір бойы
Биыл
да былтырғыдай ақ көбейсін
Елдегі
бақыт байлық бақ көбейсін
Наурыз
құтты болсын ағаларға
Наурыз
құтты болсын аналарға
Жыл
сайын тойланатын мәңгі бақи
Наурыз
құтты болсын баршамызға дей отырып
«Наурыз
– Жыл басы»
атты тәрбие сағатымызды ашық деп
жариялаймыз.
Оқушыларымыздың
наурызға арналған тақпақтарын тындайық.
Ұлы
күні кәрі – жас,
Құшақтасып
көріскен.
Жаңа
ағытқан қозыдай
Жамырасып
өрістен.
Наурыз
құтты болсын!
Қыздарымыздың
орындауында: «Қамажай» биі»
Ұлы
күні ұлыстың,
Күн
мен түнін теңеген
Тәтті
дәмін ырыстың,
Таттық
наурыз көжеден.
Тәрбиеші:
Наурызда наурыз көже жасалып қонақтарға
беріледі.
Наурыз
көженің жасалу жолдарын бізге Нұрболдын
әжесі айтып берсін.
Наурыз
көже 7 түрлі тағамнан пісіріледі.
Наурыз
көже -
сүт,ет,су,тұз,тары,құрт,жеміс тағамдарынан
дайындалады.
Ұлдардың
орындауында: «Қамшы»биі
Келесі
салт дәстүріміздің бірі бесікке салу.
Бесікке
салу
рәсімін Айарудың әжесіне берейік.
Бесік
әкелініп оның ырымдары жасалынады.
Алас,алас,баладан
алас,
Иесі
келді,пәлесі көш!
Алас,алас,бәледен
алас,
Көзі
жаманның көзінен алас!
Қырық
қабырғасынан алас,
Отыз
омыртқасынан алас,-деп бесікке салады.
Ұлттық
ойындар: «Асық ату» және «Арқан тарту»
ойындары ойналады.
Тәрбиеші:
Наурыз тойы құтты болсын,
Бақыт әкеп Ұлыс күні,
Бұзылмай
ел тыныштығы
Бақыт құсы баққа қонсын!
–дей келе
Наурыз
мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз
аяқталды келгендеріңізге көп-көп
рахмет!