400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Наурыз - жыл басы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз туралы баяндама
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 наурыз аналар мерекесі қарсаңында жоғары сынып оқушыларына арналған "Анаға қарап қыз өсер" атты кештің сценариін ұсынамыз... Мерекелік кештің басты мақсаты: Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, 6 ақпандағы Елбасымыздың Жолдауындағы ана мен балаға деген қамқорлық және қоғамдағы Ананың орны, «Ана» атымен байланысты қасиетті ұғымдар туралы пікір бөлісу. Ұстаз аналарды құрметтеуге шақыру. Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б. Кештің барысы: Қонақтарды қарсы алу, кіріспе құттықтау сөз, тақырып бөлісу, пікіралысу, саралаушы топтың қорытындысы, оқушылар құттықтауы, жалпы қорытынды. 1-жүргізуші: Ар ма, ағайын! Қайырлы күн, қымбатты жиналған қауым! 2-жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты аналар мен әжелер, кер маралдай керілген әпкелер, қарындас, құрдастар, ұстаздар! Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, «Анаға қарап қыз өсер...» атты мерекелік кешке қош келдіңіздер дейміз! 1-жүргізуші: Тіпті табиғаттың өзі де бұл күні біздің тамаша әйел-аналарды даңққа бөлеп тұрғандай. Неге дәл осы күн әйелдердің халықаралық мерекесі болып белгіленді екен? Осы сәтте экранға мына видео қойылады:   2-жүргізуші: Кейін шегініп, қалың тарихтың бір парағына көз салсақ, қасқайған Нью-Йорк қаласы мен сол алып, батыр қаланың әділеттілікті талап еткен нәзік жандыларын көреміз. 1857 жылдың 8 наурызында тігін және аяқ киім фабрикасының жұмысшы әйелдері үміттерін үкілеп, ереуілге шығады. Бұл күні тәулігіне 16 сағат жұмыс істеп, шағын ғана айлық алатын жұмысшы әйелдер басшылықтан 10 сағаттық жұмыс күнін, жарық әрі таза жұмыс орны мен еңбекақыларының ер-азаматтардың жалақысымен бірдей болуын талап етеді. Нью-Йорктың жан-жағынан көтерілген әйелдердің өз үні бейнебір толқын іспетті жан-жақтан естіліп, қоғамдағы әйелдердің орнын нақтылағандай болды. Осы күннен кейін алғаш рет әйелдердің қоғамдық ұйымдары құрылып, олар өз құқықтарын қорғауды қолға алды.   1-жүргізуші: 1910 жылы Копенгагенде жұмысшы әйелдердің қатысуымен II халықаралық конференция өтті. Социал-демократ партиясының әйелдер тобының көшбасшысы Клара Цеткин 8 наурыз халықаралық әйелдер күнін жыл сайын белгілі бір күнде тойлау керектігі туралы ойын ортаға тастады. Оның бұл ұсынысын өз құқықтары үшін күресуге бел буған қалың әйелдер тобы іліп әкетіп, келесі жылы-ақ, яғни 1911 жылдан бастап, Австрия, Дания, Германия мен Швейцарияда 8 наурыз мейрам ретінде тойланды. 2-жүргізуші: Наурыз айының басында біздің еліміздің көп аймағында әлі де қар жатады. Қыстағыдай ызғарлы, бірақ көңілімізді көктемнің алғашқы мерекесі жылындырады. Бұл мерекенің жылдың басқа мезгілінде болуы қисынға келмейтіндей, себебі, көктем секілді әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды емес пе? 1-жүргізуші: Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер! 2-жүргізуші: Біз ғана емес, Қадір тұтқан бабалар Ана деген – тіршіліктің тірегі, Мерекеңмен, қасиетті Аналар! 1-жүргізуші: Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы, Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы. Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген, Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы. 2-жүргізуші: Қадірлі қауым! Бүгін сіздер "Анаға қарап қыз өсер" атты мерекелік сайысына қатысып отырсыздар. Біздің мерекелік кешіміз ана мен баланың қатысуымен, бірлесе жұмыс жасауымен өткелі отыр. Яғни, сайысқа 5 жұп (ана мен қыз) қатысады. 1-жүргізуші: Сайыс мынадай кезеңдерден тұрады: І. Таныстыру ІІ. Ана мен бала өнері ІІІ. Аспаздық. Ана мен бала бірлесе отырып тағам әзірлейді ІV. Ситуациялық сұрақтар 2- жүргізуші: Сонымен қатысушы жұптарды ортаға шақырамыз. (Жеке-жеке атап шақырады да, арнайы дайындалған орындарға отырғызады, ана мен бала ұлттық киімде, әрбірінің оң жақ кеудесінде реттік нөмірі болу керек). (Сайыскерлеріміз дайын болғанша, "Менің анам алтын" әні орындалады) 1-жүргізуші: Гүл көңілі қуаныштан өрілді, Жанарыңнан жалын нұры төгілді, Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен, Көпшілікке таныстыршы өзіңді, - дей отырып, алғашқы қатысушыларымыздың таныстыруын тамашалайық! (5 жұп таныстыруын көрсетеді) 2- жүргізуші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап Ана дейді жас сәби де жарқылдап Ана деген – бәйтерегі өмірдің, Ана деген – алтын қазық, алтын бақ! 1-жүргізуші: О, аналар осындайсың бәрің де, Осындайсың жасың-дағы кәрің де, Сыйынатын осы өмірде құдірет, Сыйынар ем ана деген тәңірге... Ендігі кезекте аналарымыз бен қатарластарымыздың өнерін тамашалуға рұқсат етіңіздер. (5 жұп өнерлерін көрсетеді) 1- жүргізуші: Ең күшті нәрсе не? – десе,  - Әйелдің әмірі! – дер едім. Әйелдердің барлығын Жердегі Тәңірі! – дер едім. Өз басым әйелді осылай деп бағалаймын. Өйткені, адамзатты жарататын - әйел, ұлтын көбейтетін - әйел, ұрпақты ұластыратын - әйел, еркекті Ер ететін - әйел. Бір сөзбен айтқанда, дүниенің тірегі -әйел. Махаббаттың асыл нұры - әйел. Өмір деген алтын сарай есігінің күміс кілті - әйел махаббаты. 2-жүргізуші: Керемет айттың! Ананың қадірін онан сайын сезіне түсіну үшін бір әдемі жыр жолдарын тыңдап алайық: Оқушы төмендегі өлеңді оқиды (Сахна артында төмендегі бейнебаян қойылады):   1-жүргізуші: Махаббат, сені қиын жырлау бүгін, Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым. Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз, Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың? Махаббат, сені қиын жырлау бүгін, Сен жайлы жоқ-бар деген жүр даулы ұғым. Болды екен қанша ғұмыр саған қарыз, Болды екен қанша ғұмыр құрбандығың? 2- жүргізуші: Көңілің алатаудың ақ қарындай, Мейірімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай. 1-жүргізуші: Адамның әдептілігімен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ананың ақ сүтінен, ана жүрегінің жылуынан дарыған. Бойымыздағы  ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Біз анадан өмірімізге керектінің барлығын да үйренеміз. Соның дәлелі ретінде аналарымыз бізге тағам жасауды үйретпекші. Ал олардың сүйікті балалары қолғабыс етеді. Яғни, үшінші кезеңіміз – "Аспаздыққа" да кезек жетті. 2- жүргізуші: Ал халайық, ықыласпен демейік, Арулардың аспаздық өнерін көрейік. Дәмі менен көрінісіне қарап біз Әділдікпен бағаларын білейік. Аналар сахнада оңай жасалатын тағамдар жасайды. Осы уақытта сынып оқушылары би-билеп, ән айтады. 1- жүргізуші: Әйел затының міндеті – сырттай қарағанда от басы, ошақ қасы секілді қарапайым көрінгенімен, нақтырақ зер салсақ, үй ішінің шаруасы – кәсібімен айналысып, бала-шағаны бағып-қағу, өсіру, ағайын жұрттың береке-бірлігіне ұйытқы болу сияқты негізінен үйелменнің құт-берекесін арттыратын ең бір маңызды істер әйелге жүктеліп, әр шаңырақтың тұрмыс-тіршілігі, хал-ахуалы да осы үйдегі ақ жаулықты аналарымыз болып келеді. Ендеше, осы күйбең тіршіліктен арылып, ұлдардың дайындаған әзіліне құлақ түрсек. «Апаймен байланыс», «Емтихан кезінде» сынды әзіл көріністер құрылады. 2-жүргізуші:  Жас ару жас ғұмырдың талғамысың, Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қомдап сыналарда Сан сұрақтан сүрінбей, самғап ұшқын, -дей отырып, ситуациялық сұрақтарымызға кезек берейік, ортаға қатысушы аналарымызды құрметпен шақырамыз. 1-сұрақ: Сіздің қызыңыз бір жігітті қатты жақсы көреді. Оны тіпті өзіңізге де мойындады. Бірақ, ол жігіт өте бұзық, отбасы өте нашар тұрады. Сіз қандай әрекет жасайтын едіңіз? 2-сұрақ: Бүгін сіздің қызыңыздың ең жақын құрбысының туған күні. Қызыңыз сыйлық үшін ақша сұрады. Ал сізде ақша да, басқа бір бағалы сыйлық та жоқ. Мұны қызыңыз түсінер емес, үйді басына көтеріп, жылап отыр. Қарыз сұрадыңыз. Ешкімнен табылмады. Сіз қандай әрекетке барасыз? 3-сұрақ: Қызыңыз дәл қазір өтпелі кезеңде. Ол тым дөрекі болып барады. Сізді ана, жарыңызды әке деп қарамайды. Ылғи да дауыс көтеріп сөйлейді, айтқандарыңызды тыңдамайды. Күннен күнге бұзылып бара жатқандығын байқадыңыз. Темекі де шегетін секілді. Ашық сөйлесіп көріп едіңіз. Нәтиже жоқ. Не істейсіз? 4-сұрақ: Сіздің қызыңыз сыныптасының ақшасын ұрлап алыпты. Мұнымен қоймай ол қызбен төбелесуге дейін барыпты. Сізді ата-аналар жиналысына шақыртып масқара етті. Қызыңызды тәрбиелеу үшін қандай әрекеттер қолданасыз? 5-сұрақ: Сіздің қызыңыз сабаққа барғысы келмейді. Ұрыстыңыз, ұрдыңыз, мұғалім көмегіне жүгіндіңіз. Бірақ, ол бәрібір де таңертең тұрмайды. Сабаққа деген еш қызығушылығы жоқ. Қандай әрекеттер жасайсыз? Аналар сұрақтарды ашып жауап береді. Ұтқыр ойдың иесі жоғары балға ие болады. 1-жүргізуші: Адам бар ма ана сүтін татпаған, Алуан – алуан ауыр сынды атанған. Адалдықты, ар-намысты сақтаған, Мен анамның сонысына мақтанам! 2-жүргізуші: Әділ-қазыларымыздан бүгінгі сайыс қортындысын жариялауды сұраймыз. Қорытынды жарияланып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылады. 1-жүргізуші: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде. Ақ сүтіңді ақтап өту арманым. Барша ана, құтты болсын мерекеңіз! Әрқашан да ана, сізбен берекеміз! Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам, Сонда біз кісілікке теңесеміз! 2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің "Анаға қарап қыз өсер" атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рақмет! 1-жүргізуші: Аяулы аналар! Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегіне сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын! Амандықта жүздескенше! 8 наурыз мейрамы құтты болсын!



«Онажоним мехрибоним» номли тарбия соатга сценарий

Мақсади: Халқаро хотин-қизлар барами билан онажонларни қутлаб, онажонларга булган мехрни укувчи калбида уйғотиш. Укувчиларни мехрли булишга, ота-оналарини хурмат қилишга чорлаш. Онажонларимизнинг мехнатини қадрлашга ургатиш.

Кургазмалар: Оналар хакида езилган хикматли сузлар, мақоллар.

Олиб борувчи:

Фарзандини ардоқлаб она,

Устиради етказмай завол.

Атрофида булар парвон,

Булса хамки узин кадди-лол.

Бир мақсадни кузлайди она.

Шу мақсадда яшайди ена,

Эшитилар қалбидан бир сас,

Болам аввал одам булса бас.
























«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» ( 8 наурыз! )

Сценарий мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Сценарий көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.



Барысы:

Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар,қасиетті аналар!



Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.



Сіздерден өскен балалар

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры А.А.Талпаховқа беріледі.

Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.



Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Рахметова Саяның орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға



Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Шамұратова Жадыраның орындауындағы «Шаттық» биіне береміз.

Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Берикова Аиданың орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.



Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Құмар Назерке мен Төлегенова Аизаның орындауындағы ?

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.



Ән: «Ұстазым », орындайтын: Кабир Әсем.



Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 4а-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (5а-сынып оқушыларының жыр шашуы)



Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!



Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз.

Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.



Сау-саламатта болыңыздар!



Мұғалім сөзі:

Ана әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.Мен ана деген сөзді қанша айтсам да жалықпаймын.Өйткені ол дүниедегі ең ардақты жан.Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады.Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылауын қойғызатын ана.Ана баланың амандығын бақытты, абыройлы болуын тілейді.Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды.Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді.Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ.Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.Алайда «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі -далада» демекші, өзінің перзентік борышын ұмытқан, сөйтіп ата-анасын сыйламайтын адамдарды да өмірден кездестіруге болады.Ана-тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.Анасы жоқ балалар да аз емес.Олар ананың мейірімін, аялағанын ешқашан сезген емес. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші достар!

1-жүргізуші: Армысыздар, аналар, ұстаздар, қыздар! Міне, жыл аралатып көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәнін еккен аналар мерекесі бұл.

Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды

Қуандым ба, өзің бар деп қуандым,

Жыладым ба, өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, ана бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, тек өзіңнен жасқандым.

2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар, біздің мектептің ұстаздар, қыздары! 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз. Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым,-дей отырып, мерекелік құттықтау сөзді мектеп директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.

Анам менің, асылым, лағыл әнім,

Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,

Жұлдызындай көгінде жағыламын.

Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,

Анам менің, асылым, лағыл әнім.

Алдарыңызға әнші қыздарыңыз Пернебай Сәнияның орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

1-оқушы: Бақыт

2-оқушы: Гүлмарал

3-оқушы: Ақниет

1-жүргізуші:

Әркімнің де өмірден аласы бар,

Аласы бар адамның анасы бар.

Мерекесін құттықтап аналардың,

Ән жолдайтын апалардың баласы бар.

Ән: «Анаға сәлем» орындайтын Майлыбай Ақниет.

2-жүргізуші:

Қазірет пайғамбарға бір адам келіп:

-Мен бір зор күнә істедім. Енді мен үшін тәубе ету мүмкін бе?-деп сұрайды.

Сонда пайғамбар:

-Анаң бар ма? -деп сұрайды.

-Бар,-дейді әлгі адам.

-Онда анаңа қызмет көрсет,-деген екен пайғамбар. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық.

4-оқушы: Сәния

5-оқушы: Айнұр

6-оқушы: Орынкүл

1-жүргізуші:

Дүниедегі ең кемеңгер дананы

Ана табады, аялайды, бағады.

Сол үшін де құдіретіне бас иіп,

Құрметтейік қасиетті ананы,-деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз. (5-сынып)

1-жүргізуші: «Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады» деген екен орыс жазушысы Пирагов.

2-жүргізуші: Орыс жазушысы Максим Горкий: «Адамдар-әрқашанда өз аналарының перзенттері. Ана болмаса ақын да, батыр да болмайды»,- деген.

1-жүргізуші: Хадис: Мұхаммед айтқан:

«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп. Ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі дейді.

2-жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. Пернебай Анардың орындауында «Анамызға мың алғыс» әні.

Көрініс: «Ана мен бала »

1-жүргізуші:

Десек те уақытпен жарыспайды,

Қиялға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып Сайымбай Үміттің орындауындағы «Абзал ана» әнін қабыл алыңыздар.

Бүгінгі мерекелік құттықтау сөзді мектебіміздің оқу ісі жөніндегі орынбасары Жоланов Батырхан ағайға береміз.

Монолог оқу. Аманбай Өтебаев «Тірлік дәнін сепкендер». Аманбай Өтебаев «Ана даусы».

1-жүргізуші:

Кедеймін деп қысылма,

Өнерің болса қолыңда.

Өнерлінің ырысы,

Жарқырап жатар жолында,- деп кезекті 9-сыныптың байсалды да байыпты ұлдары өз өнерлерін көрсетеді.

2-жүргізуші:

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне Аятбек Айдананың орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.

7-оқушы:Аружан

8-оқушы: Айбол

9-оқушы: Нұржігіт

1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.

Теңіздей тербетіліп көл бетінде,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда мың бұралған бишілеріңіз. (9-сынып)

2-жүргізуші:

Әлемнің жарығын,

Сыйладың сен маған.

Даланың әр гүлін,

Жинадың сен маған.

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше балғын бүлдіршіндеріңіздің ана туралы әсем әнін тыңдаңыздар.

«Ана» Малтабар Айзат.

10-оқушы:Наурызбай

11-оқушы: Қ аракөз

1-жүргізуші:

Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сендер үшін мереке шашулары,-деп алдарыңызға «Ана» атты әнімен Пернебай Ханым.


Алдарыңызда әнші қыздарыңыз Пернебай Сәнияның орындауындағы „Анашым„ атты әнін қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші:

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!

Не деген құдірет едіңіздер, аналарым!

Сыйынатын болса өмірде құдірет,

Сыйынар ем ана деген тәңірге!

Анады да, мені де әлпештеген,

Қайтпас қайрат, дариядай ақыл берген.

Ниетің қабыл болсын, аналарым,

Өркендеп өсе берсін, бала-шаға, немерелер.

Барша ана құтты болсын мерекеңіз,

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,

Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Шораева Нәзігай апайға береміз.

1-жүргізуші:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27 желтоқсан
566
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі