400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Наурыз - жыл басы" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мұғалімдеріне өте қажет сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

6-сынып

Қазақ тілі

Наурыз-жыл басы

Мөлшер үстеуі

Міндеттері:

1.Білімділік. Оқушылардың Наурыз туралы түсінігін кеңейту, сөздік қорларын молайту, мөлшер үстеуіне тоқталу

2.Дамытушылық Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Оқиғаға сыни көзқараспен қарап, өз ой пікірлерін еркін жеткізу, дағдыларын дамыту.

3.Тәрбиелік : Оқушыларға төл мерекеміз Наурызды насихаттау, еліміздің салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру, және құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : Жаңа білім беру сабағы

Көрнекілігі : Интерактивті тақта, слаидтар

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру сәті

Оқушылармен амандасу, оқу құралдарын тексеру, сыныпты түгелдеу

Сергіту сәті

Аспанға қарап ай көрдік,

Төменге қарап, жер көрдік,

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдік.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Айтқан тілді аламыз,

Біз бақытты баламыз.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Өткен тақырыпты қайталау

Салт-дәстүр дегеніміз не?

Қазақтың салт-дәстүрі туралы не білесіндер?

Қазақ салтында қандай ырымдар бар?

Мекен үстеуі дегеніміз не?

Мекен үстеуі қандай сұрақтарға жауап береді?

10-тапсырма

3.Сабақтың мақсатын қою

Балалар наурыз жыл басы дегенді қалай түсінесіндер

Наурыз қандай мейрам

Наурыз мерекесінде адамдар не істейді

Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы. «Наурыз жыл басы», Мөлшер үстеуі.

Біз сабақта Наурыз мейрамымен танысамыз, мөлшер үстеуіне тоқталамыз. Өзіміз үйренген сын тұрғысынан ойлау тәсілдері бойынша бірнеше тапсырмалар орындаймыз

Тақтаға бүгінгі күнді жазып қоямын.

Жаңа сабақ

Наурыз-шығыс халықтарының мейрамы. Ол күн мен түн теңесетін 22-наурызға сәйкес келеді. Ұлыстың ұлы күні аталатын осы сәт жыл басы саналған. Халық таза, жылы киімдерің киген. Ер адамдар бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады, әйелдер бір-бірімен құшақтасып, игі тілектер айтады.Бірін-бірі мерекеге арнап жеті түрлі дәмнен пісірген наурыз көжеге шақырады. Әдетте осы күні адамдар өкпе-реніштерін кешіріп, татуласады, өшпенділіктен арылып, ынтымақтасуға ұмтылады. Жастар алтыбақан басында ән шырқап, күй тартады. Дәстүрлі көкпар, аударыспақ, қыз қүрес сияқты ұлттық ойындар ойналады. Таң ата жұртшылық биік төбенің басында шыққан күнді қарсы алады.

Наурыз мерекесі күні кәрі-жас, ер-әйел, бала-шағаға үй-үйді қыдырып, жүріп «наурыз көже» ішіп, бір-бірімен кездескенде, «Жасыңыз құтты болсын». Өмір жасын ұзақ болсын. Ұрпақтар өмірлі болсын.

Қимылдың немесе сынның теңдік не көлемдік мөлшерін, шамасын білдіретін үстеудің түрін мөлшер үстеуі дейді. Мөлшер үстеулері қанша, қаншалық, қаншама деген сұрақтардың біріне жауап береді. Мысалы мұнша, сонша, онша, соншалық, соншама, осынша, осыншама, анағұрлым, соғұрлым, әжептәуір, бәрен-саран, талай, бірталай, бірқатар, қыруар, едәуір, азғантай, осыншалық, мұндайлық т.б.

Мысалы. Өміртайдың жылағаны да онша білінбейді.

Тыңдалым. Оқушылар бейнетаспадан наурыз туралы тыңдайды.

Тапсырма

Наурыз кезінде қолданылатын қазақтың ұлттық тағамдарын атандар. Ауызша

1.Оқушылар дәптерлеріне қысқаша ережелерді жазып алады.

2.Тапсырма Суретке қарап, мәтін құрастырындар. Ауызша

3.Жазылым.

3-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, үстеуді тап

4-тапсырма. Оқылым.

Білу, түсіну.

Мәтінді мәнерлеп оқындар, не туралы айтылған.

Оқушылар «Наурыз мейрамы» мәтінін мәнерлеп оқып, сұрақтарға жауап береді.

5.

Тапсырма

Наурыз мейрамына арналған қандай бата білесіндер

6-тапсырма

Наурыз батасын оқып, талда

7-тапсырма

Төмендегі үстеулерді қатыстырып, сөйлем құраңдар

10-тапсырма

Екі бағандағы сөйлемді сәйкестендіріп жаз.

Жинақтау

Карточкамен жұмыс

Талдау

Оқушылар өз ойын ортаға салады.

Бағалау

Оқушылар жауап бергеніне байланысты тиісті бағасын алады.

Үйге тапсырма Наурыз-жыл басы. Мөлшер үстеуі оқуға, 11, 12-тапсырма жазбаша.

Рефлексия Сабақ туралы өз пікірін оқушылар жазады.

Қорытынды « Наурыз» әнін Алишер орындайды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 желтоқсан
2010
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі