Материалдар / "Наурыз - жыл басы" сценарий
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Наурыз - жыл басы" сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурызға байланысты іс-шара балаларға халқымыздың салт дәстүрін меңгерту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
876
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қараөзек» жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі


«Бекітемін»

Мектеп директоры: Қ.Абдуллаев



Тәрбие ашық сағаты:

«Наурыз-Ұлыстың ұлы күні»




Тәрбиеші: Б.Әзі

МАДТ: «А»

Күні: 20.03.2018ж

Кабинет:15

Тақырыбы: Наурыз-Ұлыстың ұлы күні.
Мақсаты: Балаларға халқымыздың мейрамдарының бірі – Наурыз туралы түсінік беру. Балаларды ұлтжандылыққа, ана тілін құрметтеуге, халқымыздың ұлттық мерекелерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ұлттық киімдер.
Тәрбиеші: Ежелгі заманнан бері шығыс халықтары Наурыз мерекесін тойлап келеді. Шығыс күнтізбесі бойынша жыл басы болып саналатын Наурыз күн мен түн теңелетін 22 наурызға, жер бетін тіршілік біліне бастайтын мезгілмен тұтас келетін мереке. 21 наурыз даланы халқымыздың діни түсінігі бойынша Қыдыр ата аралайды. Сондықтан әр отбасына дәулет дарып, бақ қонсын деген түсінікпен есіктерін ашып қойған. Наурыз негізінен адамдардың көрісуімен басталады.
Жақындатып өткенге, кеткенге енді,
Көктем келді, балбырап, көктем келді.
Суық сорған жаныма шуақ қонған,
Осы еді ғой күткенім көптен бергі,
дей келе, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған тақырыптық оқу іс - әрекетін бастаймыз.
І. Ән «Наурыз айы»
Інжу:
Осынау игі кең жерге,
Наурыз айы келгенде.
Арманда оны көрген де,
Көрмегендер де арманда,
Наурыз айы келгенде.
Нысанбай:
Наурыз айы туғанда,
Той болушы еді бұл маңда.
Сақталушы еді сыбаға
Сапарға кеткен ұлдарға,
Наурыз айы туғанда.
Нұрболат:
Ежелгі шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шары жерінің
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.
Бекболат:
Кеңінен елге таралған,
Негізі ерте қаланған.
Еңбек, шаттық, жыл басы,
Наурыздан басталған.
Жансая:
Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.
Асем:
Су сылдырлап, жер көктеп,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау - бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңір тұлғасы.
Айқын:
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!
Есік ашып, шашу шашып,
Ел болып қарсы алайық.
Би «Қара жорға»
Әділет:
Жаңғырған дәстүр салтымыз,
Төгілген бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке, Наурыз – жыл басы.
Нұрсұлтан:
Бақта құстар сайрайды,
Жайнап көктем нұрымен.
Жаңа дәстүр жырымен,
Ел наурызды тойлайды.
Нұрислам:
Наурыз келді салтымыз,
Көгерсін деп халқымыз.
Көшеге тал егеміз,
Жарқырады күніміз.
Нұрлыхан:
Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз болып,
Басталыпты наурыздан.
Інжу:
Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.
Тәрбиеші: Наурызда наурыз көже жасайды. Наурыз көже – наурыз тойына ғана тән көпшілікке арналған мерекелік тағам. Оны әр адам 7 түрлі тағамнан пісіреді. Наурыз көжені сүт, ет, су, тұз, тары, құрт, жеміс тағы да басқа тағамдар қосып пісіріліп, келгендерге ұсынылады.
Бесік – қасиетті, киелі, құтты мүлік. Сәбидің алтын ұясы. Бесікті отпен аластан, тыштыма жасап алады да, баланы бесікке салады. Балаға деген ана махаббаты бесік жыры арқылы айтылады. Баланы бесікке салу кезінде үлкен әже, келін, қыздар отырады. Енді сіздерге қазақтың «Бесікке салу» салтын көрсетеміз.
Үлкен әже – Ақниет:
Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның, көзінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Баланы бесікке бөлейді.
Келін – Інжу:
Әлди, әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат, бөпем.
Жылама, бөпем, жылама,
Көзіңнің жасын бұлама.
Әлди, әлди, бөпешім,
Қозы жүні – көрпешім.
Жұрт сүймесе сүймесін,
Өзім сүйген бөпешім.
ІІІ. Нұрай:
Наурыз тойың, наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Балғынбек:
Ит жылы, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.
Иманғали:
Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім - өнер серік болсын.
Нұрдәулет:
Шаттанып бүгін жаңа жыл,
Халқына шашып жаңа нұр.
Келді Қыдыр атамыз,
Жүректен төгіп жаңа жыр.
Енді, балалар, сендерге Қыдыр атамыз бата береді.
Қыдыр ата – Ердәулет:
Бата
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс береке берсін.
Бәле - жала жерге енсін!
Ұлы халқым тең болсын,
Қайғы - уайым жоқ болсын,
Қуанышың көп болсын!
Әумин!
Тәрбиеші:
Дастарханы халқымның тола берсін,
Бақыт құсы қолыңа қона берсін.
Ұлы тойдың төресі – наурыз тойы,
Жылдан - жылға құт тойы бола берсін!
Деп, бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!