400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз - көктем мерекесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге оқу қызметке
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы


Білім саласы: «Әлеуметтік орта»

Бөлімдері: Қоршаған ортамен таныстыру

Тақырыбы: Наурыз - көктем мерекесі.

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы түсінік беру. Шығыс халықтарының жаңа жылы екендігін түсіндіру. Наурызкөже, ұлттың ойын түрлері, т.б. туралы айту. Ұлттық мерекеге құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: қазақтың салт-дәстүрі бейнеленген және ұлттық тағам түрлерінің суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, желім, ватман.

Алдын ала жасалатын жұмыс: Наурыз мерекесі туралы фильмдер көру, суреттер қарау, қосымша әңгіме жүргізу. Шаттық шеңберге байланысты өлең жаттау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, ойын, практикалық.


Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғау-шылық

1. Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады.

2. Көктем мезгілі, көктем мезгілінде болатын мерекелер туралы сұрақтар қояды.

Дөңгелене тұрамыз,

Керегені құрамыз.

Уық болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрамыз.

Ұйымдас-тырушы-лық-

ізденістік


Балалардан Наурыз мерекесі, оның басқа мерекеден ерекшелігі, Наурыз мерекесінде өтетін ұлттық ойын түрлері мен ұлттық тағамдар, наурыз көже, мереке қонақтары, дәстүрі (ағаш отырғызу) туралы сұрақтар қоя отырып, мағлұмат береді.


Теледидардан «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісін көрсету. Ертегі желісі бойынша қосымша

2-3 сұрақ қояды.

Тәрбиеші балаларды екі орталыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға әртүрлі тағамдардың суреттерін аң ватманға жапсырып, әңгімелеп беруді (ұжымдық жұмыс), екінші орталықтағы балаларға мазмұнды суретке (тақырыпқа байланысты) қарап әңгіме құрастыру тапсырылады.


Сергіту сәтін өткізу.

Тәрбиеші сергіту сәтін ұйымдастырады да балаларға орталықтағы орындарын ауыстыру керек екендігін ескертіп, балалардың орталықтағы жұмысын, әрекетін қадағалайды. Орталықтағы жұмыстардың аяқталғандығын айтып орындарына отырғызады.


Дәптермен жұмыс

Балалар өткен жылғы Наурыз мерекесін еске түсіріп, өз тәжірибелеріне, Наурыз мерекесі туралы көрген бейнетаспалар мен суреттерге сүйене отырып жауап береді.

Ертегі желісі бойынша қойылған сұрақтар арқылы жыл басын анықтайды. Бірінші орталықтағы балалар ұлттық тағамдардың суретін іріктеп алып, дастарқан бейнесі салынған ақ ватманға жапсырады және әңгімелеп береді. Екінші орталықтағы балалар суретке қарап, әңгіме құрастырады. Сергіту сәтінің мазмұнына қарай қимылдар жасайды.

Балалар орындарын ауыстырып, бірінші орталықтағы балалар екінші орталыққа, екінші орталықтағы балалар бірінші орталыққа ауысып педагог түсіндірген тапсырма бойынша әрекет етеді.

Дәптерде берілген тапсырманы орындайды

Рефлек-

сиялық-

түзету-

шілік

Тәрбиеші балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды.

Жиыннан алған әсерлерін айта отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Наурыз - шығыс халықтарының Жаңа жылы, на­урыз достың, еңбек, бейбітшілік мерекесі; наурызкөже пісірілетіндігін, бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызу керектігін, ұлттық ойын түрлерін.

Игереді: дастарқанның басты асы - наурызкөже, Наурыз мерекесіндегі ақсақалдардың батасы және оның ерекшелігі; наурыз айтысы; Ұлыстың ұлы күні адамдардың бір-біріне деген жақсылық тілегі, ұлттық көкпар, күрес, қыз қуу ойындарын.

Меңгереді: Наурыз мерекесіне қалай дайындалу керектігін, ұлттың тағамдар, наурызкөже.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14 наурыз
1013
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі