15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
«Наурыз – жыл басы!»
«Наурыз – жыл басы!»
Мақсаты: Балаларға қазақ халқының ұлы мерекесі, Наурыз мейрамы, жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
(Балалар залға музыкамен кіреді)
Жүргізуші:
Тыңдаңыздар,
тыңдаңыздар!
Босқа қарап
тұрмаңыздар!
Наурыз тойы
басталды.
Көргендер де арманда,
Көрмегендер
де арманда,
Қызықтан құр қалмаңыздар!
- Қайырлы күн, құрметті қонақтар, әріптестер және бүлдіршіндер! Наурыз тойы құтты болсын! Доңыз жылы баршамызға жақсылығын, жаңалығын алып келсін! Ақ мол болсын! Халқымыз тоқ болсын!
Тақпақтар:
Мақсат: Елім менен жеріме,
Ырысын шашқан Наурыз.
Күлімдеген көктемге,
Шуағын шашқан Наурыз
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз
Жақсы тілеп халыққа,
Молшылық әкелген наурыз
Амирбек: Қош келдің наурыз
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың!
Рамина: Наурыз – начало года,
Приход весенних праздников к нам в дом,
Нам очень весело с друзьями,
Мы вместе песенки поем.
Нұрасыл: Наурыз тойың, Наурыз тойың,
Құтты болсын, халайық!
Күй төгілсін, күй төгілсін
Шырқап әнге салайық
Ақ нұрға әлем боянды,
Тіршілік жаңа оянды
Мұнда назар салайық
Наурыз тойын тойлайық
Наурыз келді еліме
Наурыз келді жеріме
Диана: Уа, ағайын халайық,
Мұнда назар салайық!
Мерекесі халықтын
Наурыз тойын бастайық!
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып .
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз!
Жанэль: Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме,
Байлық бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Жылдың басы- Наурыз
Жердің басы – Наурыз
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр әніміз
Айдын: Наурыз тойы – салтанат
Наурыз тойы – мархабат
Әр жүректен ән тарап
Шаттанады шартарап
Шықбермес Шығайбай мен бәйбішесі залға кіреді.
Шығайбай: Наурыз құтты болсын!
Кемпір: Амансыңдар ма? Наурыз құтты болсын! Әй, Байеке,
Наурыз мейрамы келіп қалды дастарханымыз болса дайын емес.
Шығайбай: Ендеше, сен барып дайында! Бәйбіше, үйге біреуім біреу келсе, ешкімге ештеңе татырма! Ештеңе жоқ де, жауабын өзім берем!
Кемпір: Жарайды. Дастархан жая берейін.
(Алдар көсе кіреді )
Алдар көсе: Әй, Мен Алдармын, Алдармын,
Сақалымды талдармын.
Сақал түгіл мұрт та жоқ, (Қасық көріп «Мұнау жатқан не?» деп көтеріп салып алады «Бір керегіме жарап қалар»)
Шайтанды да алдадым.
Сусыз жерде өсемін,
Сондықтан да Көсемін.
- Ассалаумағалейкум, байеке!
Бай: Уағалейкум ассалау, Алдар! Не істеп жүрсің?
Алдар көсе: Наурыз мерекесін тойлап ел аралап жүрмін.
Бай: Жарайды, жықсы,бірақ мен сені мейрамға шақыра алмаймын! Дайын емеспін! Үйімде түк жоқ!
Алдар көсе: Байеке, Наурыз мерекесіне қалай дайындалмай отырсың?!
Бай: Түк дайын емес!
Алдар көсе: Балалар, сендер айтып қоймандар, мен Байды алдаймын. Байеке, менде сиқырлы қасық бар! Қазанға салып былғасаң болды, қазан толы наурыз көже пайда болады!
Бай: Қане көрейік қасығыңнын сиқырын. Әй, Бәбіше, су әкел!
Жүргізуші: Байеке, суын қайнағанша балалардың мейрамға дайындаған «Наурыз» әнін тамашалайық.
Ән «Көктем келді»
Алдар көсе: Ммм дәмді! (суды ішіп көреді) Тек мында бір кесек ет қоссақ, бұдан да дәмдірек болады.
Бай: Солай ма? Әй, Бәйбіше, ет әкеліп қазанға сал. (Бәйбіше етті қазанға салады)
Жүргізуші: Алдар көсе! Ет піскенше бекер қарап отырамыз ба? Біздің кішкентай балаларымызды ортаға шақырып, солардың өнерін тамашалайық.
Тақпақтар:
Алимжан: Наурыз – достық!
Наурыз – күн
Барша халық бірлігі
Жалғасып ғалам тірлігі.
Наурыз бұл мереке
Құтты болсын береке!
Той думанға келіңіз
Тамашалап көріңіз!
Саида: Кел, балалар, ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Максим:Пришел к нам праздник Наурыз
На полях повеяло весною.
Хозяйка юрты разливает всем кумыс,
Идем встречать мы праздник Наурыз!
Аянат: Бата беріп атамыз
Бата беріп әжеміз
Тәтті болып жасаған
Көжеден дәм татамыз!
Амира: Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Табиғат та тамаша
Тамылжып тұр жараса.
Дінмұхамед: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық наурызды.
Жанила: Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін
Наурыз тойым, наурыз тойым,
Құтты болсын, халайық!
Наурыз жауын, наурыз сән
Әсем әуен, сазды ән.
Наурыз келді нұр келді.
Түгел аймақ гүлденді
Жақсы ма, ата, қалыңыз?
Менің атым наурыз
Фархат: Төгіліп шуақ жайдары
Құбылтып құстар сайрады
Жамағат түгел жиналып,
Наурыз тойын тойлады
Алдар көсе: Балалар, естіп тұрсыңдар ма? Біреу келе жатыр ау дим! (Желаяқ жүгіріп келеді)
Желаяқ: Ойбай, аяқтарым ай, аяқтарым ай! Шаршап кеттім ғой! Тоқтатыңдар мені!
Алдар көсе: Тоқта, тоқта! ( тас беріп тоқтатады)
Желаяқ: Рахмет саған, Алдар көсе! Аяқтарым тоқтамай, шаршап кеттім!
Алдар көсе: Желаяқ, мынаны беліңе байлап ал (береді)
Желаяқ: Рахмет, Алдар көсе! Ой, мұнда менің достарым отыр ғой! Қане достар, менімен бір би билеп берейік.
Би «Қасиетті домбыра»
Алдар көсе: Байеке, еттін пісуі жақын, аздап тұз бен құрт болса, тіпті керемет болады.
Бай: Бәйбіше, тұз бен құртыңды әкел.
Бәйбіше: Сенің есің дұрыс па?
Бай: Үндеме, жауабын өзім берем!
Бай: Наурыз келіп, ауыл-аймақ думандатып той тойлап жатыр. Әй, бәйбіше, анау көкпар тартып, бәйгеге ат қосып жүрген жігіттерді қарашы.
Би «Көкпар»
Жүргізуші: Қыздар, қараңдаршы, әжеміздің текеметінің оюлары түсіп қалған екен. Әжемізге көмектесіп текеметті оюлармен әшекейлеп берейік.
Ойын «Текеметті оюмен әшекейле»
Жүргізуші: Наурыз тойың, наурыз тойың
Құтты болсын халайық
Тойда «Әжемнің шайы» деп
Шырқап әнге салайық
Ән «Әжемнің шәйі»
Алдар көсе: Байеке, көженнің дәмі тіл үйіреді, ммм! Тек тары, күріш арпа жетіспей тұр екен! Сиқырлы қасықғыңмен былға, былға!
Бай: Әй, бәйбіше, әкел дәнді дақылдарды, сал қазанға!
Бәйбіше: Сенің есің дұрыс па?
Бай: Үндеме, жауабын өзім берем! Оданда балалардың тақпақтарын тамашалайы
Тақпақтар
Нұргүл: Наурыз тойы, елдің тойы
Көктем тойы – төлдің тойы
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем наурыз тойын
Диасыл: Наурыз келді, тамаша.
Ән саламыз таласа
Атам, әжем той тойлап
Қуанып жүр балаша
Мариям: Бақта құстар сайрайды
Жайнап көктем нұрымен
Жаңа дәстүр жырымен
Ел наурызды тойлайды
Бегарыс: Наурыз тойы елдің тойы
Көктем тойы – төлдің тойы
Ән айтатын күні бойы
Жақсы көрем наурыз тойын
Бегайым: Құтты болсын наурыз тойы
Құлпырып тұр қыр мен ой
Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кеңелді
Көктем келді балақай,
Жасарды жер алақай.
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық
Ерасыл: Қыс та өтті, қар кетті
Ұлыс мейрамы жетті
Жақсылыққа кенелген
Наурыз мейрам ежелден
Малика: Көктем келді, балақай
Жасарды жер, алақай!
Наурыз тойын тойлайық
Әсем әнге салайық!
Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Наурыз тойы салтанат
Наурыз тойы мархабат
Желаяқ: Балалар, менімен ойын ойнауға қалай қарайсыңдар!?
Ойын «Асық ату»
Шарты: Ойынға бірнеше адам қатысады. Әрбір ойыншылар кезекпен қолдағы асықтарды сырмақ үстіне шашады. Арнайы белгілеген асықпан (сақамен) қалған асықтарды шертеп атады. Басты шарты ұқсас асықтарды ғана атады. Басқа асықтарға тигізбей атып алынған асық, ұпай ретінде олжаланады. Ойын осылай жалғаса береді…
Жүргізуші:
Наурыз —
шаттық әніміз,
Салтанатты
сәніміз.
Ән салып, жас
пен кәріміз,
Би билейік
бәріміз.
-Наурыз көже піскенше «Текемет» биін тамашалауға шақырамын!
Би «Текемет»
Жүргізуші: Байеке, Наурыз көжеңіз дайын болды ма? Дәмін татып көріңіз
Бай(татып көріп): М-М-М! Қандай дәмді! Алдар көсе, қасығың шынымен де сиқырлы екен! Маған сатшы!
Алдар көсе: Жоқ, сата алмаймын! Өзіме керек!
Бай: Сатшы! Екі есе төлеймін!
Алдар көсе: Мен ойланып көрейін! Алдымен дастархан жайып, той тойлайық!
Бай: Әй, бәйбіше, алдар тойлап жатырған кезде тездетіп көшіп кетейік бұл жерден ( сандықты арқалап Шықбермес Шығайбай Бәйбішесімен асығып шығып кетеді)
Жүргізуші: Дастарханымыз дайын болғанша, қазақ халқында көптеген салт дәстүрлер мен ырымдар бар, бүгін солардың бірі «Тұсаукесер» салт дәстүрімен таныстырып, балаларға түсіндіріп кетейік. «Тұсаукесер – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым»
Қыдыр ата: Армасың, жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Жүргізуші: Қош келдіңіз, Қыдыр ата! Төрлетіңіз! Балалар мен қонақтардың орындауындағы «Қазағымның дәстүрлері» әнін қабыл алыңыз!
Қыдыр ата:
Жаратқан ием, құдірет!
Ақ батамды қабыл ет
Ұлдарына құлас бер
Қыздарыңа ұят бер
Тыныштық заман болсын!
Ел жұртым аман болсын!
Ұлыс оң болсын!
Наурыз құтты болсын!
Әумин!
(Қыдыр
ата кетеді. )
Жүргізуші: Әумин! Айтқаныңыз келсін!
Құрметті қонақтар, көжеден дәм татамыз!
Осымен наурызға арналған мерекеміз аяқталды. Той тойға ұлассын! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген