«Наурыз – жыл басы»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Наурыз – жыл басы»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Наурыз – жыл басы»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Директордың тәрбие ісі орынбасары _____________ К.Ұ.Сарымсақова

Мектеп

275

Педагог

Баратова С.

Күні

17.03.2025

Сынып:

Қатысушылар 19

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Наурыз – жыл басы»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

26- САБАҚ «Кибербуллингтің рөлдік құрылымы. Егер сіз қатысушы болсаңыз не істеу керек. Өзіңізге алғашқы көмек»

Құндылықты дарыту

Тәуелсіздік және отаншылдық

-Қазақстанның тарихын, мәдениеті мен дәстүрлерін, оның тәуелсіздігін және оны сақтаудың маңыздылығын түсіну;

-Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, ұлттық мерекелерге құрмет көрсету;

азаматтық және ұлттық бірегейлікті түсіну;

Қауіпсіздік мақсаты

Оқушыларды кибербуллинг және кибергруминг туралы хабардар ету


Сабақтың мақсаты:

Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.  Қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық тағамдарын, нақыл сөздерін қастерлей отырып, балаларға ұғындыру.

Апта дәйексөзі

Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады

Сабақ формасы

Сынып сағаты

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақ басы

5 мин


1.Ұйымдастыру

«Ән ұран»

Оқушыларды түгелдеу

Компью.


Сабақ ортасы

25 мин


14 наурыз елімізде Наурыз мейрамының басы Көрісу күні. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шыққанына, көктемге аяқ басып, туыс-туған, көрші-көлеңмен жүздескеніне қуанып, қол алысып, төс қағысады. Бір-біріне деген араздық, өкпе-ренішті ұмытып, амандық тілейді.

1-жүргізуші.Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 

2-жүргізуші.

Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 

Қош келдің Наурызым Ардақты,

Халқым саған бар үмітін арнапты.

Жылда осылай келе бергін жасарып,

Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты

Жарапазан – қазақ ауыз әдебиетіндегі тұрмыс салт негізіне байланысты туындап, кең тараған өлең түрінің бірі. Ол ораза ұсталатын Рамазан айында ғана орындалады. Жарапазан айтқан жарапазаншыға үй иесі оянып, беліне ақтық байлап, дәм ұсынып, разы қылып шығарып салған. Жарапазанды үлкендерден үйренген ауыл балалары да жаттап алып, топтасып кешке ел орынға отырған шақта ауыл аралап жарапазан айтқан.

«Сен білесің бе?» Наурыз мейрамына байланысты сұрақтар.

Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Гүлназым:

Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі,
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де
Бар дәстүр мен салтымыз

Мариям : Жыл басы - Наурыз, мереке!
Ақ нұрға әлем боянды
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.

Аяжан: Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз

Осынау байтақ елімде

Айтылады жырымыз

Кәусар :

Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,

Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.

Ұлыстың ұлы күні паш етейік,

Белгісін достықпенен мәңгіліктің.

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам қалмасын некен – саяқ.

Ән шырқап, би билейік, қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп.

Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Соның біреуі бесікке салу. Бесікке салу тойына жиналғандар өлең айтып, әзіл –қалжын, ұлттық ойындарын ойнап көңіл көтерген. Бесікке салу тойларын ырымын көрсетіп, түсіндіріп беретін Шолпан апайымызға сөз береміз. 
Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында  
Ұлттық ойын «Арқан тартыс» 
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар.



Слайд












видео















Слайд








Қауіпсіздік

Сабағы

10 мин

Негізгі міндеттер:

1.Кибербуллинг және кибергруминг туралы ақпарат беріңіз.

2.Оқушыларды жеке қауіпсіздікті сақтауға үйрету.

Материалдар мен ресурстар:

Кибербуллинг пен кибергрумингінің алдын алу бойынша кеңестер.

Кибербуллинг – цифрлық кеңістіктегі зорлық-зомбылықтың көрінісі. Мұндай қорлау әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, форумдар мен чаттарда, ойын платформаларында болуы мүмкін. Сандық қорлаудың міндеті – қуғын-сүргінге ұшырағандарды қорқыту, ашуландыру немесе қорлау.

Кибергруминг – интернеттегі балаларға қатысты жыныстық зорлық- зомбылықтың бір түрі. Ересек адам сенімге бой алдырады, содан кейін баланы интимдік фотосуреттер мен бейнелер жіберуге мәжбүр етеді. Алайда, қылмыскер интимдік материалдарды алумен шектеліп қана қоймай, жәбірленушіні материалдық немесе физикалық пайда үшін бопсалап, жеке кездесулерді талап етуі мүмкін.


Интернеттегі қудалау адамға қалай әсер етеді?

Психологиялық салдары: адам өзін жайсыз сезінеді, өзін кінәлайды және ашуланады.

Эмоционалды салдары: адам өзінің хоббиінен ұяла бастайды немесе оларға деген қызығушылығын жоғалтады.

Физиологиялық салдары: шаршау (ұйқының бұзылуы) немесе іштің ауыруы, бас ауруы және т.б.

Кибербуллинг пен кибергрумингінің алдын алу кеңестерін жаттап, есте сақтау. Өзіңізге пайдалы деп санайтын кеңестерді жазыңыз.




Сабақ соңы

5 мин


Қорытындылау 
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.04.2025
583
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі