400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз -Жыл басы!

Материал туралы қысқаша түсінік
мерекелік іс шараға байланысты қолданбалы нышан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Наурыз –жыл басы.

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде,әдет-ғұрпында ерекше орын алатын *Наурыз*тойының ерекшелігін табиғат пен адамның байланысын баланың жас ерекшелігіне байланысты әрі өзін қатыстыра сөйлету.Имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік:Құрылған киіз үйлер,жабдықтар,нақыл сөздер

Мұғалім:

-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар!Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде,әдет-ғұрпында ерекше орын алатын,ертеден тойланып келе жатқан мейрамның бірі-Наурыз.Яғни күн мен түннің теңеліп,қар еріп,көк шыға бастайтын көктем айы.Сондықтан наурыз күнін ертедегі адамдар жаңа жылдың басы –Ұлыстың ұлы күні деп есептеп,жақсы тілек,зор қуанышпен қарсы алған.Жұрт ел аралап,үйлерге кірген,наурыз көже ішіп,жастар ән шырқап,палуан күресіп,ойын-сауықпен өткізген.

Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып,

Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді,тойларыңыз құтты болсын!

Ақ мол болсын!Дендеріңіз сау,отбастарыңыз аман болсын!

Тойларыңыз тойға ұласа берсін дей отырып,Наурыз жыл басы атты тәрбие сағатын бастаймыз.



-Ал балалар біз сендермен бүгін Наурыз мерекесін көруге ауылдарға саяхат жасаймыз.

Наурыз тойы деген не?

Оны қалай тойлайды?

Онда не істейміз?

Қандай тағамдар,киімдер,ойындар ойнаймыз?

Ал ендеше біздің ауылдарды бағалайтын әділ қазы алқасын тағайындаймыз.





Бағдарлама бойынша:

1.Ауылдар өздерін таныстыру.

2.Үйлерін, жабдықтарын атау

3.Ұлттық би

4.Салт-дәстүр

Күн мен түн теңелді

Жер шуаққа кеңелді

Қуанышқа ел енді

Құт-береке келді енді


Наурыз тойым,наурыз тойым

Құтты болсын халайық

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық-деп оқушылардың орындауында «Көктем келді»хор


Наурыз келді салтымыз

Көгерсін деп салтымыз

Көшеге тал егеді

Ел наурызды тойлайды

Балалар тақпақтарын айтады



3.Ұлттық би билеу

Тұсау кесу клип

4.Ұлттық тағамдар көрсету

Өркендесін тіршілік

Өсіремін бір шыбық

Тыныш болсын даламыз

Таза болсын ауамыз


Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өрістен

Ұлыс күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен

Ата аналар салт –дәстүрден көрсетеді.

5.Оқушылар тақпақтарын айту

6.Ұлттық өлең айту

Келді наурыз мерекем.

Осыншама жақсылық

Алып келсін Наурызым!

Төрлет бізге нұр беріп,

Шуақ шашып ақ жүзің

Наурыз келді құт болып,

Мына бізге сүт болып,

Аққа аузымыз толады,

Бар жақсылық болады.


Кел, кел, Наурыз

Шуағын кең төгілсін!

Гүлін жайып, тілі байып

Тынысым бір кеңісін


Гүл бүрімді ашайын

Тойға шашу шашайын

Шапағатты мол төгіп

Жақсылыққа бастайын





7.Ұлттық ойындар ойнау балалармен/

Қаражорға билеу

Ұлыстың күні қазан толса,

Сол жылы ақ мол болар.

Ұлы кісіден бата алсаң

Сонда олжалы жол болар

Бата беру

























































«Қостанай қаласының әкімдігінің білім бөлімінің №15орта мектебі» ММ















*Наурыз-жыл басы

/ертеңгілік/

МДС «А»





















2017-2018







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 қараша
484
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі