400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз -жыл басы! ертеңгілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
«Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы!
Мақсаты: «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, қонақтар!
Бәріміздің де көптен күткен Наурыз мерекеміз де келіп қалды. Мерекелеріңіз құтты болсын!
Наурыз «жаңа күн» деген сөз.Яғни, бұл күн біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз, мыңдаған жылдардан бері мерекелеп келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз той құтты болсын! Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда
еңбектеріңіз өнімді болып, тілектеріңіз қабыл болсын!
Наурыз тойына балалардың айтар тақпақтары:
1. (Нұрғалым, Тоғжан, Айша, Инабат, Анар, Арай, Алихан)

2. Қонақтарға тапсырмалар:
Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?
Ананың сүті тәтті,
Ананың қолы жұмсақ,
Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.

Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?
Малды теппе,
Ақты төкпе,
Отты шашпа,
Күлді баспа,
Бүіріңді таянба,
Жағыңды таянба,
Бос бесікті тербетпе,
Бесікті ашық қалдырма.

Жеті атаңды ата
Әке, бала, немере, шөбере,шөпшек, немене, туажат.

Сүттен жасалатын тағамдарды ата.
Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз,қаймақ, май, іркіт т.б.



Ұлттық ойындарды ата
Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақ сүйек,
тоғызқұмалақ т.б.

Жеті қазынаны ата
Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық.

Наурыз көже қалай жасалады?
Наурыз көже жеті түрлі тағамнан жасалады.

Би:


(Қонаққа әже келеді. Шашу шашады)
Бата беру
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Төрт түлік ақты болсын,
Ұлыстың ұлы күнінде
Ұлыс оңға қонсын.
Менің берген бұл батам,
Алланың құлағына салынсын!
Әумин!







































«Наурыз-жыл басы!» ертеңгілі
«Күнайым» тобы











Тәрбиешілері: Мурзабаева А.Б.
Орынбаева Қ.Ж





2017ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
04.04.2019
198
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі