Материалдар / Наурыз – жыл басы тәрбие сағаты қмж

Наурыз – жыл басы тәрбие сағаты қмж

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз – жыл басы»
Авторы:
20 Қаңтар 2025
211
4 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Мектептің атауы

Сынып сағаты

Тақырып бойынша:

«Наурыз – жыл басы»










(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ бойынша) жоспар сынып сағатының


Педагогтың ата жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Сынып сағатының тақырыбы:

«Наурыз – жыл басы»

«Велосипедшілер, мопедшілер қозғалысының ережелері» ЖЖЕ №7

Қауіпсіздік сабағы

«Желідегі қауіпті хобби (треш -стрим)»

Сабақтың мақсаттары:

Қазақтың мейрамдары - Наурыз мейрамы туралы оқушыларға түсінік беру; ұлтжандылыққа, дәстүрлерді қастерлей білуге тәрбиелеу; ұйымшылдылыққа, өнерге баулу;

Құндылықтар тәрбиелеу

Тәуелсіздік және отаншылдық

Аптаның дәйексөздері

Ар-намыс қана тәуелсіздікке тірек бола алады


Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/ Уақыты

Педагогтың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

1.Сабақтың басталуы.

0-5 мин


1.Позитивті эмоционалды қатынасты қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалады


Мұғалімдерді қарсы алыңыздар. Өздерінің жұмыс орындарын ұйымдастырады, жеке оқу құралдарының болуын тексереді

Эмоциялық жағдайды бағалау

жай-күйлері







2. Сабақтың ортасы.

5 – 45 мин


Оқушылардың білімін өзектендіру

Қозғалысқа толы қала:

  Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған.

Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. Наурыз қазақ тіліне тікелей аударғанда «Жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Жаңа жылды қарсы алу – күн мен түннің теңелу күніне сәйкес келеді. Наурыз – табиғаттың жаңғаруының, малдың төлдеп, ақтың молаюының белгісі. Қазақ халқы бұлк үнді жаңа, таза киімдерін киіп, салт-дәстүр бойынша тазару,жаңару күні деп қарсы алған.

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы болумен бірге, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі,өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрамымыз. Наурыздың мағынасы – наурыз парсыша «нау» (жаңа) және «руз» (күн) Жаңа жылдың бірінші күні деген мағынаға ие. Ол күнтізбелік жылдың үшінші айы (31 тәулік), көктемнің басы. Қазақтар бұл мейрамды Әз-Наурыз мейрамы деп те атайды. Халықтың ежелгі наным-сенімінде наурыздың алғашқы үш күнінде жер-көкті жарып ерекше дыбыс естіледі. Мұны тек қана жұмақтан шыққан қой, сол арқылы оны бағып жүрген қойшы ғана естиді. Бұл күні бүкіл табиғатқа, тіршілік иесіне, өсімдік, жан жануарға ерекше сезім, қуат, қасиет нұры құйылады.

Оқушы: «Ұлыстың ұлы күні» жайында аңыз

Бір күні Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келген сәтте жердің бетін жайлаған топан су кері қайтады. Сол сәт жер бетіне табаны тиген барлық тіршілік иелері көк аспаннан түскен қасиетті қазаннан бірге дәм татады. Содан, бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп жариялайды. Наурызды тойлау тарихы Ұлы Абай өзінің «Біраз сөзі қазақтың қайдан шыққаны туралы» жазбасында Наурыз тарихын көшпелі халықтардың «хибиғи», «хұзағи» деп аталатын көне заманына ұштастырады. Парсының «нау» сөзі әртүрлі өзгерістерге ұшырағанымен, сол мағынада көп халықтың тілінде сақталып қалған. Ол орысша нов (ай), немісше нойе, латынша нео. Осылайша «нау» сөзі үнді-еуропалық халықтар дараланудан да бұрын пайдаланылған.

Оқушы: Наурыз неге жыл басы?

Жеріміз Күнді бір айналып шығатын мерзім жылдың шартты түрде үш үш айынан: наурыз, сәуір, мамыр көктем, маусым, шілде, тамыз жаз, қыркүйек, қазан, қараша күз, желтоқсан, қаңтар, ақпан қыс мезгілдері болып бөлінетіні баршамызға аян. Көктем наурыздың 22-інен, жаз маусымның 22-інен, күз қыркүйектің 23-інен, қыс желтоқсанның 23-інен басталады. Ендеше, Жаңа жылымыздың дәл 22 наурыздан басталуы жыл мезгілдерінің астрономия заңдылығымен де дәл келеді.

Оқушы: Наурызды кім қалай тойлаған?

Ұлы ғұламалар Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям тәрізді әлем таныған тарихи тұлғалардың еңбектеріндегі Шығыс халықтарының Наурыз мейрамын қалай тойлағаны туралы деректерге назар аударсақ, парсы тілдес халықтардың Наурызды бірнеше күн тойлаған. Яғни, олар Наурыз күндерінде мынадай салт-дәстүр, ырымдар жасаған:

Әр жерде үлкен от жағып, отқа май құйған.
Жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжаған.
Жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалық» ұсынған.
Ескі киімдерін тастаған.
Ескірген шыны аяқты сындырған.
Бір-біріне гүл сыйлаған.
Үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – «күн символын» салған.
Үйлеріндегі тіреу ағашқа гүл ілген.
Жамбы ату тәрізді түрлі жарыстар өткізген.
Бұл күні кәрі-жас мәз болып, бір-біріне жақсы тілектер айтқан, араздаспаған.
Оқушы: Наурыз атаулары, Наурыз көже
Наурыз мейрамына байланысты мынадай атаулар бар: Наурыз күні, Наурыз айы, Наурызнама, Наурызкөже, Наурыз тойы, Наурыз жыры, Наурыз жұмбақ, Наурыз бата, Наурыз тілек, Наурыз төл, Наурызкөк, Наурыз есім, Наурыз шешек, Наурызша, Әз, Қыдыр, Саумалық, Мұхаррам (тыйым), Самарқанның көк тасы
Ұлттық ойындар ойнау
Сондай- ақ, Ұлыстың ұлы күнінде адамдар бір-біріне тілек білдірген:
Ұлың ұяға, қызың қияға қонсын!
Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!
Айың тусын оңыңнан, Жұлдызың тусын соңынан!
Бақ берсін, Қыдырдарысын!
Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!


Қауіпсіздік сабағы;

Велосипедшілер, мопедшілер қозғалысының ережелері

Қауіпсіздік сабағы;

«Желідегі қауіпті хобби»

Оқушылар мұғалімді тыңдайды











Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді



















































Дескриптор:

Балалар сурақтарға жауап береді



























Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді



































Дескриптор:

Тыңдайды және сұрақтарға жауап береді







































































































































































Суреттер


















Суреттер



















Суреттер











































































































https://kk.1xmatch.com/mozhet-li-velosipedist-ezdit-po-proezzhej-chasti/







https://massaget.kz/syrly-alem/alemdeg-en-kaupt-10-hobbi--44162/

е3. Сабақтың соңы.

40 - 45 мин


Рефлексия жасау.

-Біздің әңгімеміз әрқайсыңыз үшін пайдалы болды ма?

- Сені не туралы ойлануға мәжбүр етті?


Бағалауды ұсынады .


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақтағы іс-әрекетін бағалайд






Рефлексияға арналған суреттер.











Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі