400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз -келді

Материал туралы қысқаша түсінік
Ортаңғы топқа арналған "Наурыз келді" мерекелік шарасының сценарийі. Бұл шараларның мақсаты балалардың ұлттық дүниетанымын кеңейту.
Материалдың қысқаша нұсқасы

42«Айналайын» МДҰ «Bekzat&Co» ЖШС









Тақырыбы:

«Балапан» ортаңғы топ

Тәрбиешілер:Абдуова Ж.А

Канапиева С.С

2022-2023 оқу жылы

« Наурыз келді» тақырыптық сағаты

Балалар залға көңілді ән-күймен, кіреді .

Жүргізуші:Құрметті қауым!

Наурызға арналған мерекелік ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Күн мен айға әлемнің,

Берем ыстық сәлемін.

Қарттарыма сүйсеніп,

Сәлем берем иіліп!

Қымбатты ата-аналар, балалар, қонақтар, құрметті менің әріптестерім, көптен күткен Наурыз жаңа жылымызды алып ортамызға қайта оралды.

Наурыз – мұсылман қауымның ұлттық мейрамы.

Наурыз – жыл басы. Наурыз ұлыстың ұлы күні.

Бұл күні ата-аналарымыз бен әжелеріміз үй үйді аралап, наурыз көжеден дәм татады, баталарын береді.

Тойдың көркі ән дейді халқымыз

Сіздерге деген балаларымыздың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

Ән: «Қош келдін төрлет - Наурызым»

Музыка залға бір бала атқа мініп шауып келген «Сүйінші, сүйінші» Сара апамның ауылында той басталды.Келіңіздер! Көрініздер! Қуанышқа ортақ болыңыздар –деп жар салады.

Тәрбиеші:Міне ботам, сүйеншініңді алағой деп оған ырымын беремін.Ал балалар ендеше Сара апамның ауылына тойға барайық.


Сара апамның ауылына келдік:

Ақ әже: Сәлеметсіздер ме, ботақандарым! Наурыз ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Міне наурыз мейраммен менің немерем беске толып отыр, ол енді жігіт болды енді міне «Ашамайға мінгізу» тойда бірге келіп қалды!

Кіріңдер, төрлетіңіздер, жоғары шығындар.


Ашамайға мінгізу (салт). Баланың сана-сезімін жетілдіру үшін жасалатын тәрбиелік салттың бірі – осы ашамайға мінгізу болып табылады. Жас бала есі кіріп, 5 жасқа келген соң оған жеке тай атап, ашамай істетіп қамшы өріп "сен азамат болдың" деген сенім ұялатып,  үйретілген жуас тайға әсем ашамай ерттеп мінгізіп, жүргізеді. Бұл баланың көңілін өсіреді, басқа балалар алдында мерейі көтеріліп, мақтаныш сезімде болады, тез есейеді. Оны еңбекке ,адамгершілікке, тәрбиелеудің ұлттық әдістемелік жолдарының бірі – осы ашамайға мінгізу арқылы көрінеді. Осындай қуанышты сәтте ақсақалды атасы баласына:Ал, ақ тілек, ақ тілек,
Атқа тоқым сал білек,
Атқа да жақсы шаба біл,
Жасыңнан малды баға біл,
Өнеге, өнер таба біл,
Аймағыңа жаға біл,
Атқа міндің, ақжол болсын –


Жүргізуші: Әже, біздің балалар наурыз мейрамына өнерлерін дайындап келген тойынызға шашу болсын.!


ӘН: «ӘЖЕМНІҢ ШАЙЫ»














Тәрбиеші: Балалар Наурыз мерекесінде қандай ұлттық тағамдар дайындалады:Жеті нан,бауырсақ,Наурыз көже,қазы-қарта,жалы-жая,құрт-ірімшік,айран,қымыз,шұбат т:б


Балалар: Наурыз көже


Жүргізуші: Дұрыс айтасыңдар! Наурыз 7 компоненттен тұрады. Оларды атап өтейік.

Балалар: Ет, сүт, айран, құрт, бидай, тұз, су.

Жүргізуші: Дәстүр бойынша Наурыз көжені өзіміз дайындаймыз


Ұлттық ойын: «АРҚАН ТАРТУ»

«Қол күрес»

«АҚ СЕРЕК -КӨК СЕРЕК»









Би: «Бипыл»

Әже: Немеремнің « ашамайға отырар» алдында балалар қандай тілек айтар екен

Балалар:Бақытты болсын!

Дені сау болсын!

Әже: Рахмет қарлығаштарым!

Әже біздің балалар немеріңізге арнап ән дайындады.


Ән: «Наурыз »

Әже:Ой құлындарым, ботақандарым қандай жақсы ән айттындар, рахмет сендерге көп жасандар.

БИ: «ҚАРА ЖОРҒА»


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
05.04.2023
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12