400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Наурыз -той думан" мерекелік сценарий

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлы наурыз мерекесінде бейнеленетін ұлттық құндылықтарды дәріптеу үшін ұстаздар қауымына таптырмас тәрбиелік шара.
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Наурыз- той думан»

Жігіт: Ассалаумағалейкум жиналған топ

Бұл тойға тілекші боп келгендер көп,

Бұрын соңды көрмеген ұлы тойға

Таң қалып қарағандай жер менен көк

Қыз: Тойыңды баста десе атым бастар

Жүйрік ат төрт аяғын, жәй кем тастар

Шынымен той иесі мырза болса

Ат мінгізіп алдыма шапан тастар

Жігіт:Бұл тойды баста десең біз бастайық

Бәйге алған жүйрік аттай ойқастайық

Ағайын қуанышпен келгеннен соң

Жел сөзден бір екі ауыз біз қоштайық

Қыз: Байлатып құнан тойын сойдырған үй

Ет тартып табақ-табақ қойдырған үй

Аптаның сәтті күні той жасапты

Тойыңыз құтты болсын той қылған үй

Уа, қадірлі көпшілік бүгінгі тойға жиналған қауым. Сіздер үлкен қуаныштың куәгері болып отырсыздар. Қазақта екі тойың қабат болсын деген жақсы тілек бар. Бүгін Ұлыстың ұлы күні Ұлы Наурыз мерекесімен бірге, әулетіміздің батыр ұланы мұсылмандық міндетін орындап, сүндетке отырғызылды. Ұлдарыңыздың жігіт болып, атқа мінгені құтты болсын, ағайын! Ендеше орнымыздан тұрып, шапалағымызды ұрып, мұсылман баламызды қарсы алайық.

Музыка ойнайды Домалақ ана баланы алып келеді.

Домалақ ана:Құтты болсын Жасұлан

Болғандығың мұсылман

Үстем болсын мерейің

Бақ кетпесін басыңнан-

Бір үйдің баласы болма

Көп үйдің панасы бол

Бір елдің баласы болма

Бар елдің данасы бол

Бір малдың жағасы болма

Көп қойдың ағасы бол

Ақты Ақ деп бағала

Қараны қара деп қарала

Өзегің талса өзен бойын жағала

Басыңа іс түссе көпшілікті жағала

Өзіңе өзің кәміл бол

Халқыңа әділ бол

Жауға қатал бол

Досыңа адал бол

Ардақты елім армысың, Ағайын туған бармысың,

Сүндет тойға жиналған, Баршаңыз аман саумысың (иіліп сәлем береді)

Ж: Уа жамағат бүгін Қазағымның жерінде, Сыр бойының төрінде, Әйтекедей бабаның, ұрпағының үйінде Ұлы той Сүндет тойы, Той құтты болсын! Осындай той бәріңе жұғысты болсын! Ал енді баламызға Қыдыр бабамыздан бата сұралық:





Сол кезде музыка ойнап Қыдыр баба келеді

Қыдырбаба:Ассалаумағалейкум,Уарахмами,уабарахатук.Бәрекелді.!!! Бәрекелді!!!Айналайын ұрпақтарым, той жасаған бұтақтарым, тойларың тойға ұлассын.!

Ал енді баламызға ақ батамда берейін:

Жай қолыңды жамағат

Мен бір бата берейін

Қыдыр дарып жолыңа

Үстем болсын мерейің

Басыңа қайғы қонбасын,

Жолыңды Алла оңдасын.

Бабалар берген ақ бата,

Өмірде Лайым қолдасын-.

Ер қанаты тұлпар деп

қамшы ұстатам қолыңа.

Сұңғылалы сұңқар деп,

Ақ тіледім жолыңа

Қоржының толы болсын

Лайым жолың болсын

Сөз бастар ақын бол

Қол бастар батыр бол

Ел бастар көсем бол

Ауыз дуалы шешен бол

Сүндет тойың пыраққа айналсын

Мінген Аша майың таққа айналсын

Астарыңнан тақ, бастарыңнан бақ кетпесін, қарақтарым. АУМИН!

(Музыка ойнайды)

Домалақ ана. Уа ағайын, ағайын

Шашайын шашу сәбиге

Боз балалар бөліп же

Ақсақал мен қартымыз

тізені бүк ерінбе.

Алланың нұры жаусын, бүгінгі айтылған ақ тілектердің бәрі періштенің құлағына шалынсын !

(Күй ойнайды)

Қыз: Уа, қадірлі ағайын, жиналған қауым! Бабаларымыздан бері келе жатқан салтымыз бойынша мұсылмандық міндеттің бірі – ұланды сүндетке отырғызу рәсімін жасадық. Енді сол ұлағатты іске ауыл-аймақ куә болсын деген ниетпен тойға жинап отырған ауыл ақсақалдары, Сіздерден , немерелеріңізге бір бата сұрасақ дейміз...( Үлкендер бата береді)

Жігіт: Ау, ағайын, ендеше не тұрыс.Тойды тойға ұластырайық.Кәне, ауылдың жастары қайда, әуелетіп ән салып, би билейік жан салып.

Құтты болсын ұлыстың ұлы күні

Шаттандырған елімді тәңір нұры

Думандатып мерекені біз басталық

Баршаңызға жырдан шашу шашалық


Мерекелік әндер орындалады




Зарипова Бақытгул

Қызылорда облысы,

Қазалы аудандық оқушылар үйі

бұқаралық бөлім меңгерушісі




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
1348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі