400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» тәрбие сағаты. 3-сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Тәрбие сағаты


Тақырыбы: «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні»

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық  тұлғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген  сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. 
Көрнекіліктер: Наурыз мерекесіне арналған суреттер, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік. 
І. Ұйымдастыру кезеңі 
- Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты 3- сынып оқушылары ұйымдастырған ертеңгілігімізді бастауға  рұқсат етіңіздер! 
1-жүргізуші:

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді. 
- Ал, достар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір-бірімізді құшақтап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 

2-жүргізуші:Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
Ұлы күні кәрі - жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып өсірген.
Наурыз той құтты болсын!- дей келе
ІІ.Қыздардың «Қамажай» биін тамашалаңыздар!

1-жүргізуші:
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» - жаңа, «руз» - кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 

Құдайы қонақтар ( 2-3 балалар қолдарында домбыралары бар, шашу шашып кіреді)
- Ассалаумағалейкум!

-Уағалейкум, ассалам! Наурыз құтты болсын! Ақ мол болсын! Жылдан жылға аман-есен жетейік!
Қош келдіңіздер!

Төрлетіңіздер!

Астан дәм тата отырыңыздар! Мерекеге арнап ән-жырымызды айта отырайық.

Хор: «Наурыз көктем» әні

Келген қонақтардан қонақ кәде сұрайық.

Сұрасақ сұрайық.

ІІІ. «Кел,балалар ойнайық» Адина қызықты сұрақтар дайындау.

1.Көктемнің алғашқы гүлі қалай аталады?

2. Қазатың салт-дәстүрін ата.

3. Қонақтың неше түрі бар?

4. Үш арсызды ата?

5. мақалды жалғастыр, Сөз атасы-құлақ, Жол атасы-тұяқ, су атасы---- бұлақ
ІҮ.Біз сіздерге Наурыз мейрамына жыр арнаймыз

Данияр:Кіргізіп көркін даланың, 
Бәйшешек қырда қаптады. 
Қызығып ылғи барамын, 
Үзуге бірақ батпадым. 
Айгүл: Күн мен түн теңеледі, 
Жер шуаққа бөленеді, 
Соны тойлар ел енді. 
 Наурыз тойы - салтымыз, 
«Көгерсін» - деп халқымыз, 
Көшеге тал егеміз. 

Нұрсәт: Наурыз келді далама, 
Наурыз келді қалама. 
Қуа
нады ата-ана, 
Қуанады бала да. 
Оң болды да жорамыз, 
Төлге толды қорамыз. 
Айран, қымыз толығып, 
Аққа толды шарамыз. 

ИнабатБалалар-ау, балалар! 
Шақырады далалар. 
Көктем келді гүл алып, 
Құстар келді жыр алып. 

Қайда барсаң жол болсын.

Ү.Қыз бен жігіт» айтысы

-Келген құдайы қонақтардың кәдесін сұрайық.

-сұрайық

-Бұл қонақтар өнерлі ақындар сондықтан «Қыз бен жігіт» айтысын сұрайық.

-Жырласақ жырлайық, өнерімізге мына қауым жұрт баға берсін.

- Ой, бәрекелді.

Мөлдір мен Диярхан. Еркеназ бен Уәли

- Өнерлерің өрге жүзсін! Қонақтарға кәде сыйымыз ( сыйлығымыз қыздарға орамал, ұлдарға шапан)

VІ. Ұлттық ойын «Арқан тартыс» , «Асық ату», «Білектесу»

- Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 
Рахмет! Отырамыз! 
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» - деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған.

Ата-аналарымыздан Бата  тыңдайық. 
Рахмет! 

1-жүргізуші:Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп, 
Қар, суық, аяз, боран - бәрі кетіп. 
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды, 
Табиғат барша жанға рахым етіп. 
Жетпекке үлкендікке жас балалар, 
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп. 
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай, 
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп. 
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып, 
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп. 

2- жүргізуші: Бүгінгі «Наурыз – Ұлыстың ұлы күні» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.







«Бітік мектеп-бөбекжай кешені» КММ





Тәрбие сағаты

Тақырыбы:

«Ата-баба дәстүрі ұрпаққа өнеге»









Күні:19.03.2019ж

Сыныбы: 3

Өткізген: Ж.С.Таутенова





З-сынып оқушылары «Ұлыстың ұлы күні»

«Қыз бен жігіт» айтысы

«Қол күрес» ұлттық ойыны

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.05.2019
1984
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі