15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Наурыз аруы
«Наурыз аруы» сайыс
Міндеттері: Ойын тәсілі арқылы оқушылардың
ойын дамытып, пәнге деген қызығушылығын ояту; Өнерді түсініп,
бағалап, меңгеруге бағыт-бағдар беру; Өнер үйренуде өз беттерінше
ізденудің қажеттілігін сезіндіру.
Мақсаты: Оқушылардың танымдық және
шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.
Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлағатты асыл сөздер жазылған
плакаттар, қабырға газеттері.
Сайыс барысы:
Жүргізуші:
Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
Жақсы жолды таңдайық.
Жамандық тәлім алмайық,
Мектептің дәстүрін
Жаңалайық, жалғайық,
Ары адал, жаны жаз,
Арулар жолын таңдайық, - деп «Наурыз
аруы» атты сайысымызды бастайық.
Армысыздар қадірменді көрермен қауым! Ақылына көркі сай
қыздарымыздың өнері мен өнегесін, білімі мен парасатын тамашалауға
баршаңызда қош келдіңіздер!
Ендігі сәтте бүгінгі сайысымыздың шартарымен таныстырып
өтейін.
1-кезең. «Сәлем – сөздің атасы» – деп
аталады, әр қыз өзін-өзі таныстырады.
2-кезең. «Бәйге» сұрақ-жауап
сайысы.
3-кезең. «Кім жылдам?»
Әр қыз өздерінің шеберліктерін, икемділіктерін көрсетеді.
1 мин ішінде инеге бисер өткізу (кім көп тізіп
шығады).
4-кезең. Жұптасып ән
айту.
5-кезең. «Тіл өнері»
Мақал-мәтелдерден, жұмбақтардан жасырылған сөздердің жауабын
табу.
6-кезең. «Ас – адамның
арқауы»
7-кезең. «Сұлулық
сыры»
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық
,
Сайыста көнілменен қол
соғайық!
Тамаша би биленіп, ән
салады.
Соныменен сайысымыз
басталады
-деп, ортаға сайысқа қатысатын қыздарымызды
шақырамыз.
Сыныптағы ең өнерлі балса
дағы
Үлгі болар кейінгілер баршаға
да
Топты бастап шықсын қазыр
ендеше,
Қол соғып
Сымбат
қызды қарсы
алайық
Сыныбының ар-намысын
қорғауға
Келіп отыр қазір сенің
ортаңа
Ал қанекей қарсы алыңыз қол соғып
,
Нұрсая
қыз келді
ортаға.
Қол соғып қарсы алыңыз шығады
енді
Сіздерге де берейін бүгін
төрді,
Олай болса
мінекей,
Арайлымды
қарсы алуға кезек
келді
Сыныптың намысын қолдаған
жан,
Сайысқа қатысқалы келіп
тұрған,
Қошаметпен қарсы алайық барша
адам
Шақырайық ортаға
Аяулымды.
Сымбатына сән киім
жарасатын,
Аспандағы айменен
таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп
тұрған,
Зерделі
келер ортаға қол
соғайық.
Өнер, білім, өнеге тұнған
дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Сайлайық әділқазы алқаларын.
Қыздар өздерінің реттік сандарын алады.
1-кезең «Сәлем – сөздің атасы»
Мың бұралған арулар билей
басып,
Келеді міне, ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық! Ендігі кезекте , арулар өздерін
таныстырып өтсін.
Таныстыру:
Сымбат:
Ортаға мың бұралып мен шығайын,
Өмірдің шапрағатын мен ұғайын.
Көрсетіп өнерлерді барша жұртқа ,
Иемденіп бас жүлдені мен алайын.
Бүгін міне сайысқа қатыспақпын,
Шаққандаймын өте бір қиын жолға.
Таныстырып өзімді сөз сөйлейін.
Аруақ ата бабам жар боп қолда
Сұрасаңыз есіміді –атым Сымбат
Тумады Сөгетіде Сымбаттай гүл.
Сұрасаңыз руымды аты-Бағыс.
Досым көп, дұшпаным да аз емес бірақ
Досбол деген – асқар таудай әкем бар
Гүлзира деген ақ бұлақтай анам болған
Көп сөйлеп кідірмейін, тоқтамайын.
Енді мен жеті атама тоқталайын,
Шығыпсыздар сайысқа
Сұлу қыздар, арулар.
Мен де жеттім табысқа.
Зерделі:
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қардайсыздар,
Аруларға әділ баға беретұғын
Әділеттен жаралған жамбысыздар?»
Атым Зерделі болады сұрасаңыз,
Бағыс екен кешегі бір атамыз.
Әкем аты Кенжебек асқар тауым
Пана болып біздерге жүз жасаңыз!
Анашым Жұлдызай Әбсамат қызы,
Жүзінен төгілетін күннің нұры.
Атыңа кір келтімей өтсем сенің,
Мойнымнан түсер ме екен перзент жүгі!
Ұстазым Надира әпки аяулы адам,
Біздерден бар білгенін аямаған!
Осындай ұстаздардың арқасында,
Көпшілік көңілі тояр маған!
Көп айтып өз жайымды не қылайын,
Өнеріммен одан да таң қылайын!
Кішіге үлгі, үлкенге өнеге боп,
Сахнаның төрінде сән құрайын!
Арайлым:
Армысыздар жиналған көпшіл қауым,
Биік қойған жанынан қыздың арын!
Қыз өсірген қазақтың қайғысы осы,
Қатал сынға салатын әр қадамын!
Шын сыналған жүрікте мін болмайды,
Ақылы озық – біреуге күң болмайды,
Көпшілік мен де өзімді сынға салдым.
Ұлықтап қазағымның дәстұр салтын!
Әділқазы алқасы армысыздар!
Бейне бір жауатұғын қармысыздар.
Қыздарға әділ баға бретұғын.
Әділеттен жаралған жанбысыздар?!
Таныстырып өтейін мен өзімді,
Атым Арайлым, Аманбай тегі боламын
Әкем аты Артығали, ардақты адам,
Руымды сұрасаңыз Суан Бағыс
Қазақтың ибалы қызы мен боламын.
Нұрсая:
Армысыздар апа –әже, аналарым.
Дарытқан барша әлемге өмір нәрін.
Құттықтап шаттық сыйлап келіп тұмыз
Бүгінгі бұлдіршіннің , ертеңгі болашағың
Гүлжан қызы Нұрсая мен боламын
Сүйкімді қызымын мен ата –ананың.
Қүштармын сусындауға білім алып,
Асқақтатар биік туын Қазақстанның.
Аяулым:
2-кезең «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы
Ақылдылық қыздарға
жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға
жауап береді.Қыздар сұрақты алу үшін, алдымен 2- шарды жару
керек
Әр қызға 2-сұрақтан беріледі, тез әрі нақты жауап беру керек.
1.Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т.б.)
2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам
(құрт)
3. Қазақ қыздарының бас киімі қалай аталады?
4.Қазақ қыздары тақияның төбесіне не таққан?
5. Анаңа қандай көмек көрсетесің?
6. Қазақтың ұлттық сусыны қалай аталады? (қымыз,шұбат)
7. Қыздардың әшекейлерін ата.
8. Қамырдың негізгі шикізаты (ұн)
9.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
10. Сәндік үшін әшекейлі алтын немесе күміс теңге таққан шашбау
қалай аталады? «шолпы»
3-кезең. «Кім
жылдам?»
Бисер тізу. (1 мин ішінде сабақталған инеге бисер өткізу керек. Ең
ұзын тізбек тізген оқушы жеңеді)
4-кезең. Жұптасып ән айту.
Өнер-білім тапқырлықтың
тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та.
5-кезең. «Тіл
өнері»
Ал, қанеки, қыздар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық – дегендей жұмбақ шешіп
көрейік.
1-қыз
Бар екен дүниеде жалғыз көзді,
Сол көзбен дүниенің бәрін кезді.
Әлемді он сегіз мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді. (Ине) Оқу инемен құдық
қазғандай.
Құрғақ жерде сақтайсың
Онсыз тамақ татпайсың. (Тұз) Доссыз адам – тұссыз
ас.
2-қыз
.Екі семсер айқасқан, Асыл
қайшы пішуге сән,
Оқта-текте шайқасқан. (Қайшы) Күміс қасық – ішуге сән.
Арық ат қарны қабысқан
Бір көлді ішіп тауысқан. (Қасық) Құрғақ қасық ауыз
жыртар.
3-қыз
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, Қоныс көркі – там,
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. (Дастархан) Дастархан көркі –
нан.
Бір сусын бар жұртымда,
Ішсең уыз ұртыңда.
Бәрі содан шығады, Жылқыда өт жоқ,
Ірімшік май құртыңда. (Сүт) Құста сүт жоқ.
4-қыз
Дастарханға шуылдап,
Күніне үш жиылар,
Жарты сағат қимылдап, Шешесін көріп, қызын ал
Жарты сағат жуынар . (ыдыс-аяқ) Ыдысын көріп, асын іш.
Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер (Қол) Көз қорқақ, қол батыр.
5-қыз
Дүниеде бір дария беті қатқан,
Бетінде бетегесі шығып жатқан,
Қараса сол құдыққа көз жетпейді,
Құр қалмас сол құдықтан дәмін
татқан. (Оқу,білім)
Бірде төмен, бірде шығып жоғары Бас кеспек бар болса
да,
Сөз сөйлесең, қозғалыста
болады. (Тіл) Тіл кеспек жоқ.
6-кезең «Ас адамның
арқауы»
Ендеше іске сәт сайыскерлер!
Ас көңілдің ажары деген ырым
Жақсы ғой тағамның да білген сырын,
Көрсетсін келесі сәт сайыскерлер
Дайындаған үйдегі ас мәзірін.
Өнер-білім тұңғиығынан нәр
алған сайыскерлеріміздің тағам дайындау жағынан сыналар уақыты да
жетті.
7-кезең. «Сұлулық
сыры»
Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам-дегендей қыздарымыздың сән үлгісін тамашалайық.
Осымен бүгінгі сайысымыз мәресіне жетті. Ал қазір кімнің ұпайы көп
екенін білу үшін әділқазылар алқасына сөз кезегін береміз. Жеңген
қыз марапаттау қағазымен марапатталады.
Қыздар, бүгін сендер өз білімдеріңді ортаға салып тамаша өнер
көрсеттіңдер. Сайысқа қатысқан қыздарымызға және көрермендерімізге
үлкен алғысымызды айтамыз.
Қорытынды: Салт-дәстүр, әдет-ғұрып
ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан халқымыздың асыл
мұрасы. Салт-дәстүрлер қоғамдық әлеуметтік дүние, ол халықтың
мінез-құлқы мен іс-әрекетінің рухани негізі. Халқымыздың осындай
баға жетпес құнды қазынасын бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, әрі
қарай жалғастыруына мүмкіндік жасау басты мақсатымыз.Құрметті
ұстаздар, қадірді аналар! Сіздерді алдағы келе жатқан 8-наурыз
мерекесімен құттықтаймын. Сіздерге қажымас қайрат, талмас қанат
тілеймін.
Сөгеті бастауыш мектебі.
« Наурыз аруы»
сайысы
4-сынып
Орындаған: Бошкаева Н.
2013-2014 оқу жылы
Сөгеті ауылы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген