400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз думан

Материал туралы қысқаша түсінік
сценаримен бөлісейн деп
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөбекжайдағы «Наурыз думан»


Мақсаты: «Ақбота» бөбекжайының ұжымы мен балалары, ата-аналарымен ұйымдастырылған ұлыстың ұлы күні «Наурыз Думан» мерекесін қызықты етіп өткізу. Балаларды елін,Отанын сүйюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байланысты жабдықталады. Балалар, үлкендер ұлттық киімдерімен келеді. Залда әсем әуен ойнап тұрады.

Жүргізуші: Жер әлемді жайнатып,

Әнші құстар сайратып.

Наурыз тойын тойлатып,

Ұлыстың ұлы күні келді ағайын! Той құтты болсын! Ақ мол болсын! Армысыздар құрметті қонақтар!

Ұлыс күні кәрі – жас құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай жамырасып өріске.

Ұлыс күні қар өріп сай салалар гүрілдеп,

Көк шөбі шығып желкілдеп дүние біткен күлімдеп,

Наурыз тойың, Наурыз тойың,

Құтты болсын қалайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

«Ән» Қазақы дастархан

Ортаңғы жастар дастархан басында қонақтарды қарсы алып ән айтып отырады. (жеке дауыста Маулетова Н. Айдынгалиева Ш.)

Жүргізуші Уа, қалайық құлақ сал!

Жақсылыққа қашанда,

Жан баласы тоймаған,

Жаңа жылдың басы деп,

Ақ жаулықты аналар!

Көңілі көктем, жаны жаз,

Биязы мінез жеңгелер

Кер маралдай керілген

Кең пейіл керім жеңгелер!

Той шашуы шашылсын,

Шашудан құр қалмаңдар!

Үлкендер кіріп әже шашу шашады.





Сәуле әже: Наурыз мерекесі күлімдеген шуақты көктеммен бірге келеді.

Ал көктемде қырдың бетін жасыл шөп басып, осы әдемілік пен сұлулықтың ортасында қызғалдақтар нәзіктігімен көздің жауын алады және жылулық береді. Адамдар қызғалдақ гүлін көрсе қуанып, шаттанады.

Сондықтан қызғалдақ-наурыз мерекесінің символы болған екен.


Жүргізуші: Ендеше жүрегімізге жылулық сыйлайтын қызғалдақтармен би

билейік.

Қыздарым сұлу өнері асқан,

Билейді мың бұралып, сәби жастан.

Қайда біздің өнерпаз қыздарымыз,

Ортаға шығыңдаршы тартынбастан

Жастар тобының орындауында: «Гүлдер» биі


Замзагул: Менің немерелерім тақпақ айтады қалайық бірге тыңдайық.

Рамзан: Наурыз- это праздник веселья

Наурыз- это праздник весны.

Наурыз- это праздник цветенья

Наурыз- это праздник любви.


Алина: Наурыз келді еліме

Наурыз келді жеріме

Байлық бақыт тілеймін

Бүкіл қазақ еліне


Ақмарал әже: Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!

Ұлыс оң болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын!

Көрініс: «Тұсау кесу» (Айтмагамбетов М. Кереева А. Сәбиді алып шығып, үлкендердің алдына алып келіп батасын алады, тұсауын кестіреді. Үлкендерден Хасанова Ж.)


Ән: «Тұсау кесер». Аяпова Г.

Маулен: Наурыз тойы әдемі

Әжем еске түсірді

Біздерге арнап әдейі

Наурыз көже пісірді.


Майра әже: Дұрыс айтасыздар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. Ендеше наурыз көженің қалай дайындалатынын айтып берейін: 7 деген сан киелі сан. Қазақ киелілікке, ырымшылыққа аса мән берген. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады: оған ет, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдар қосады.


Осы кезде музыка қосылып, ортаға тайқазанмен Наурыз көже әкелінеді.


Жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй-деп Абай атамыз айтқандай

Келесі кезекті әнге береміз «Наурыз көктем» әні


Орындайтындар: Айзада, Эльмира, Нұртас, Жаннұр


Ортаңғы жастар:

Көрініс: Бастаңғы дегеніміз ертедегі ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан дәстүрлі кеш. Оны ата-аналары жол жүріп кеткенде үйде қалған жастары солардың аман-есен келуін тілеп, жастарды жинап жасайтын сауық кеші.


Үлкендер жыр, қара өлең айтады.

Ойын: «Орамал салу»

  1. Көрімдік дегенді қалай түсінесің?

  2. Шілдехана туралы не білесің?

  3. Кешірім сұрау дегеніміз не?

  4. Ақты төкпе, малды теппе не үшін?

  5. Таңдайды қақпа деп неге ескертеді?

  6. Босағада керілме, табылдырықта тұрма деп неге айтады?

Ал үлкендер келесі кезең сіздерден, «Қонақ кәде» жасап жіберіңіздер.

Жүргізуші: «Жігіттер биі»

Еділ: Ал- қанекей жігіттер ортаға шығайық .

Гумаров Х, ортаңғы топ ұлдары.

Ильясова М: «Қонақ кәде» туралы түсініктеме береді.

Қонақ кәде дегеніміз – келген қонаққа


Жүргізуші: «Ауылым» әнін қосып қою.

Ән: «Балабақшам менім» (Орындайтын Медет, Мерует, Санжар)


Дастархан қайыруға бата:

Наурыз тойға Габбасов М. бата береді.


Жүргізуші: Наурыз құтты болсын!

Дендеріміз сау болсын!

Наурыз тойы келе берсін!

Барлық халық бақытты болсын!

Қош, сау болыңыздар халайық!

Көріскенше күн жарық болсын!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 қаңтар
333
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі