400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз думан

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушыларға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Наурыз думан» мерекелік іс-шараға арналған әзірлеме

 

1-жүргізуші :

Армысыздар, құрметті көрермен қауім. Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді.  Оны барлық түркі халықтары: қазақтар, қырғыздар, өзбектер, тәжіктер, тағы  басқалар атап өтеді. Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз  көктемнің ең көркем  айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі.

Баршаңызды ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесімен шын жүректен  құттықтаймыз. Жер жаһанға шуағын ала келген наурыз мейрамы елімізге береке мен құт болып дарысын. Дүниені жандандырып жарқыраған кезі ұлыстың ұлы күнімен барша адамзатты қуана құттықтаймыз.


2-жүргізуші :

Армысыздар, ұстаздар, шәкірттер мен қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!
Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты болсын, тілектеріңіз қабыл болсын!


3-жүргізуші :

Наурыз мерекесінің шығу тарихын мен айтып берейін. Бұл мерекені Шығыс елдері ерте кезден өткізеді екен. Ал, біздің қазақ елінде ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Наурыз – жыл басы, парсы тілінде «Нау» – жаңа, «рыз»-күн деген мағынаны білдіреді.


1-жүргізуші :

Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады. Ыдыстар ернеуіне тиіп, айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл тоқшылықтың белгісі.

Осы кезде екі бала келіп екі шырақ жағады.


2-жүргізуші :

Онда Ұлы мерекемізді неге қыздырмаймыз. Осы ауылдың өнерлі балалары қайда? Өнерімізді.Ұлыстың Ұлы күні көрсетпегенде қашан көрсетеміз ?


3-жүргізуші :

Наурыз келді ал тойлаңдар жарандар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап күліп тараңдар.

Тойла бүгін тауларым мен боз далам,

Тойла бүгін қарттарым мен бозбалам.

Қайта оралған намысымдай Наурызым,

Жаңа жыл боп қош келіпсің Наурызым.

Наурыз мерекесімен құттықтау үшін мектебіміздің директорна сөз кезегін

 береміз.


Апа келіп тілегін айтып, шашу шашады.


1-жүргізуші :

Ақбоз үйді үлпілдеткен,

Боз даланы бүлкілдеткен.

Қуанышты күлкің – көктем,

Әсем едің, шіркін, неткен, Наурызым!

Құлпырады сәнді бақтар,

Жұлқынады арғымақтар.

Сылқылдайды бал бұлақтар,

Мерекемсің мәңгі мақтар, Наурызым!

1-жүргізуші :

Жарқыраттың шығыс Күнін,

Бар адамдар туыс бүгін.

Тілеп елдің тыныштығын,

Жүректерде жүр ұшқының, Наурызым!

Аңсап жүрсең осы күнді,

Ашып таста есігіңді.

Болайықшы кешірімді,

Ән тербетсін бесігіңді, Наурызым!

1-жүргізуші :

Бұл әлем қалғығандай,

Ұшты көкке ән қырандай.

Наурыз көже дәмді балдай,

Сенің көшің сәнді қандай, Наурызым!

Аталардың – Қара Нардың,

Ақ жаулықты Аналардың.

Бас иетін саған әр күн,

Ақ батасын ала барғын, Наурызым!

Ғашықтардың түр-түсінде,

Сәбилердің күлкісінде.

Ел үшін де, жұрт үшін де,

Қара Жерге кір түсірме, Наурызым!

1-жүргізуші :

Бүгінгі Ұлыстың ұлы күні Наурыз тойында салт-дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, ұлттық биімізді, ән-жырымызды көрсетпегенде қашан көрсетеміз.

1-жүргізуші :

Әрбір отбасы үшін бала-қуаныш, бала-бақыт. Дүниеге іңгәлап келген нәрестенің өмір жолында өзінің шілдеханасы, тұсаукесері, сүндет тойы, мектепке алғаш қадам басқан қуанышы, соңғы қоңырауы, отау тігіп өз алдына шаңырақ көтеруі және т.т бастау алады да кетеді. Бұл ретте шілдехана тойының алар орны ерекше десек те болады.

Олай болса, 3-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар.*Шілдехана*


Ән: Шілдехана бесік той


Ұлттық ойын: Атбақыл. Ойынға екі бала қатысады. Біреуі сақаны иіріп, екіншісің сол сақаны атыңдар. Егер сақаға тигізсеңдер, атқан бала сол жерден сақа жатқан жерге дейін екінші баланы көтеріп апарады. Біріңнің сақаңды бірің атып екеуің алға қарай жылжи бересіңдер. 

 

2-жүргізуші :

Уа, жараңдар, жараңдар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар. 


3-жүргізуші :

Наурыз келді, көктем келді ағайын,

Жадырайды, жаңғырады маңайым.

Назды, сазды науан Наурыз, армысың?

Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.

Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,

Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.

Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,

Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.


2-жүргізуші :

Көргенде қуанасың таза ауаны,

Құлаққа естілгенде жаз әуені.

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи,

Наурызым құтты болсын қазақ елі.

Той дегенде қазақтың жаны кірер,

Бағаңды жас білмесе, кәрі білер.

Наурызың құтты болсын нар ағалар,

Наурызың құтты болсын,бар інілер.

2-жүргізуші :

Бір анадан туғандай,
Бір ұядан ұшқандай,
Бір аспанның астында,
Бір дастархан басында,
Береке-бірлік болсын, — деп
Көп көжеден дәм татып,
Күшейтейік бірлікті.
Еңбек пенен тірлікті.
Салт-дәстүрмен жараса,
Қайта құрып жаңаша,
Жарыса өнер көрсетіп,
Той тойлайық тамаша!


2-жүргізуші :

Біздің қазақ, жаңа туған нәрестені 40 күнге дейін сыртқа шығармай, бөтен көзге көрсетпей, тығып ұстайды. Бұл ғұрпын «қырқынан шығару» деп атайды. Шілдехана кешінен кейінгі қуаныш кеші – баланы қырқынан шығару. 20-30 күн өтіп, буындары аздап та болса қатайғанша, нәрестені өз анасы мен әжесінен басқа адам ұстамаған, шомылдырмаған. Және сәбиді қырқынан шығармайынша, қолына алып жұбатқанымен, үлкен қарт кісілер оның бетінен сүймеген. Мұсылмандардың түсінігі бойынша қырқынан шығарғаннан кейін ғана баланың тәні тазарады-мыс.


Ендеше 2-сынып оқушыларының орындауындағы Баланы қырқынан шығару*рәсімін тамашалаңыздар.


Ән: Дастархан


2-жүргізуші :

Наурызым – салтым, жоғалып қайта табылған
Шырағым болып алдымнан бүгін жағылған.
Бабамның үні ақ бата беріп жеткізген
Әр қадамыңнан жаныма мейірім табылған.


2-жүргізуші :

Біреуім екеу болды - мал қосылды,

Қораға бұзау, лақ, қозы толды.

Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,

Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.

Ұзамай қарда кетер, жаз да болар,

Сай-сала гүрілдесіп суға толар.

Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,

Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.

Жаз иісі бүгін келді, жан жайланды,

Кешегі көрген бейнет артта қалды.

Өмірге жаңа жолдар ашатұғын,

Жаңа жыл - бүгінгі күн, жаздың алды.


2-жүргізуші :

Сен ортақ дастарқансың бәрімізге,

Татырған сары уыздың нәрін бізге.

Наурыз, сен көктемдегі үмітіміз,

Жарылқар берекеміз сары күзде.

Наурыз – ол емес әсте дырду-думан,

Киік емес қиқулап бір күн туған.

Ол – қыздың кісілікпен көшеленіп,

Рухани есеюі ұлдың туған.

Наурыз – ол ұсақтықтан арылуың,

Халықтың бірлігінің мығымдығы.

Күдіктің безбеніне тартылмайтын,

Қазақи Ата дәстүр Ұлылығы.


2-жүргізуші :

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:


1-сынып оқушыларын.*Бесікке салу*дәстүрімен қарсы алыңыздар


Ән: Бесік жыры


2-жүргізуші :

О, халайық! Жараңдар!
Қане, бері қараңдар!
Ит жылы баршаңды
Кенелтсін зор бақытқа
Білмеңдер бір шаршауды
Бөлеңіздер шаттыққа.


2-жүргізуші :

Көктем тойы – әніміз,
Көркем өнер сәніміз
Өлең-әнмен той сәнін
Өрнектейміз бәріміз.
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз, дәстүрлі.


2-жүргізуші :

Әнім де саған, білім де,
Құт қонақ өзің үйім де
Қуаныш сыйлап еліме
Күлімде, Наурыз, күлімде


2-жүргізуші :

Дос-жараңдар келіңіздер сүндет той,
Болмайды той күнде мұндай думан той.
Ер жігіт боп аттың жалын тартпақшы
Болсын тойым бар жиғанды жуған той.


2-жүргізуші :

Баланың сүндетке отыруы – оның азаматтыққа апарар жолға қадам басумен тең. Сүндет – пәктіктің, тазалықтың, мұсылмандықтың белгісі. Сүндетке отырған баланың нағашылары оған нағыз азамат болдың ғой деп тай мінгізетін болған, ата-аналары түрлі базарлығын сыйға тартқан.

Осы Сүндет той дәстүрін көрсетуге ортаға 4-сынып оқушыларын шақырайық. Қарсы алыңыздар.


Би: Қамажай


2-жүргізуші :

Наурыз – гүл көктем
Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.


2-жүргізуші :

Халқының әдеп-салтына
Ойлана қарап түйін түй.
Шаттығын сыйлап жалпыға
Жалғаса берсін ән-күй, би!


2-жүргізуші :

Жаңа жылым келіп жетті аңсаған,

Басқа ұлттармен татулыққа жар салған.

Дәстүрімен мақтанамын елімнің,

«Мен қазақ!» - деп дүниеге жар салам.

Наурыз келді ал тойлаңдар, жараңдар,

Келген мына мерекеге қараңдар.

Шашу шашып ақ жаулықты әжелер,

Тойда бүгін ойнап-күліп тараңдар.

Апалардан ән сұралады.


5-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар.*Тоқымқағар*


Ән: Тұлпарым


Би: Бәйге


Ұлттық ойын: Көтермек:

Ортаға екі бала шығып, бір- бірлерін арқаларын тіреп, қолдарын шынтақтастырады. Жүргізуші белгісінен кейін жерден қайсысың бұрын екіншісін көтеріп аласыңдар,  ұтқан болып есептесесіңдер. Жеңіске жеткенше ортада қалып, келесі баламен сайысқа түсесіңдер.

 

2-жүргізуші :

Ұлыстың ұлы күні даланы Қыдыр баба аралайды екен. Қыдыр баба адамдарға дәулет беріп, бақ қондырады екен. Жүзінен шуақ тараған, жанары жылы, ақ сақалды қария кейпінде көрінеді. Қыдыр бабаға жолыққан жанның бақ жұлдызы биікте жанбақ. Уа, халайық, қараңдар, Қыдыр ата келе жатыр.


2-жүргізуші :

Ұлыс күнгі ұлы тілек, Қыдыр атаның ақ батасы алатын болдық.


2-жүргізуші :

Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түні даланы Қыдыр аралайды. Сол себепті осы түн «Қыдыр түні» деп аталады. Қыдыр түні Жаңа жыл табалдырдық аттап үйге енгенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп төрге қос шырақ жағып қойылады. Қыдыр- ата адамдарға дәулет дарытатын, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінетін қиял-ғажайып бейне. Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе, оның тон кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты ерітіп жібереді екен.

(Қыдыр ата келеді)


2-жүргізуші :

Алтын күні шуақ шашып аспаннан

Жаңа жылым жыр думанмен басталған

Ақ дастархан жайып қазақ төріне

Ақ ниетпен үлкендерден бата алған, Уа ағайын «Наурызым- бабамның сөзі, Наурызым- анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі» демекші, қыдыр ата өзіңізден бата сұраймыз


Қыдыр ата:

Армасың, жамағат!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Аман сақтап төл басын,

Еккен егін солмасын,

Орта толып ырысқа,

Бейбіт өмір орнасын.

Бостандықтың ордасын

Періштелер қорғасын.

Бесіктегі бөпеңнің

Бақайшығы тоңбасын.

Ұлыс күні ұл мен қыз

Тайпалдырсын жорғасын.

Көл жиналып тамшыдан

Теңіз толсын қансыған.

Атамекен тазарып

Асыға түссін алшыдан.

Бақыт ашып қақпасын,

Мәңгі-бақи жаппасын.

Пәле-жала қазақты

Іздесе де таппасын!

Әумин!


2-жүргізуші :

«Малдар төлдеп, қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Көгімде күн өрлетіп,
Төрт түлігін төлдетіп,
Қаймақ сүтін көлдетіп,
Ыризық-құтын селдетіп,
Келді Наурыз – Ұлыс күн!
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!


2-жүргізуші :

Наурыз – бақыттың  бастамасы, жақсылықтың жаршысы,

Наурыз – елмен  елді, бірлікке, ынтымаққа шақырған күн.

Наурыз – татулықпен  достықтың мерекесі,

Наруыз – ізгілікпен молшылықтың мерекесі.


2-жүргізуші :

Қашанда құт – береке орнасын деп,

Тойларда шашу шашу — салты елімнің.

Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,

Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!


2-жүргізуші :

Нәресте алғаш қадамын тәй-тәй басып әрекеттенген күннен бастап оның ата-анасы тұсауын кесуге дайындық жасайды. Бала өз өміріне сүрінбей, биіктерге кедергісіз ұмтыла берсін, тосқауылдың бәрін жеңе білсін деген ниетпен аяғына ала жіптен күрмеу салып, оны кесіп жіберетін болған.

2-жүргізуші :

6-сынып оқушыларының «Тұсауыңды кесейін, күрмеуіңді шешейін» – деп сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген ниетпен жасалатын ғұрып, әрі ырым, тұсау кесер көрінісін тамашалаңыздар.


Би: Қаражорға


Ұлттық ойын: Теңге алу

Екі командадан екі баладан шығады. Бірінші бала екінші баланың арқасына мініп алып, жердегі теңгелерді жинап қазандыққа салады. Қай команданың тиыны көп болса, сол команда жеңіске жетеді.


2-жүргізуші :

Наурызым міне келді жайраңдаған,

Ынтымақ пен достық бір сайраңдаған

Мол дастархан ақ ниет ырыс толған,

Көктемнің бұл күніне қайран қалам.


2-жүргізуші :

Сәнді көктем-Наурыз,

Наурыз тойы жырымыз.

Көңіл гүлдей жайнасын,

Құлпырсын Күн мен Ай,

Құтты болсын Наурыз той!


2-жүргізуші :

Бір кездері «тілашар» тойын балақай енді-енді сөйлей бастаған уақытта оның ата-анасы «баламыз жылдам сөйлеп кетсін, шешен болсын» деген ырыммен жасаған екен. Одан соң қария сәбиге: «тілің тез шықсын» деп қойдың піскен тілін, «шешен бол» деп таңдайын, «көреген бол» деп көзін жегізеді. «Сөз тыңда, айтқанды құлағыңа құйып алатын құйма құлақ бол» деп құлақтан дәм татқызады» деп жазылған.

2-жүргізуші :
Осыдан кейін ата-анасы баламен сөйлесіп, алдымен оған түрлі сөздерді, дыбыстарды қайталатып, кейін сөз тіркестері мен сөйлемдерге көшетін болған.
Бүгінде бұл рәсімнің мағынасы сәл өзгерген. Нақтырақ айтқанда, заманауи ата-аналар «Тілашар» тойын баласы мектепке барар кезде жасайды. Яғни, баламыз мектеп табалдырығынан аттағалы отыр, сабағы жақсы болсын, зейінді болсын деп, осы қадамы сәтті болсын деп, үлкендердің батасын алу үшін бастарын қосады.


2-жүргізуші :

Мектеп, менің мектебім,

Ақылсыздан шеттедім.

Білімдімен дос болып,

Сеннен аттап өтпедім.

Қару-жарақ – сабағым,

Қалам-парақ – садағым.

Жалқау менен наданды,

Білімменен қададым – деп 7-сынып оқушыларын*Тілашар* салтымен ортаға шақыраыйқ.


Би: Асатаяқ


Ұлттық ойын: Арқан тартыс

Екі командадан 4-5 баладан шығып, арқанды екі жаққа тартады. Ортадағы белгіден өтіп кеткен команда жеңіледі. Ал екінші команда жеңіске жетеді.


2-жүргізуші :

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын,

Нығайып ел іргесі мықты болсын.

Наурыз көже қайнасын қазанында,

Құнды болсын сауда-саттық базарында.

Күн менен түн теңеледі Наурыз айда

Мол болсын, ырыс, береке, кіріс-пайда.

Адал ас, ақ кетпесін таңдайыңнан,

Дәулет асып, бақ кетпесін маңдайыңнан.


2-жүргізуші :

Қар кетіп, Наурыз келді ауылыңа,

Береке берсін бар мұсылман қауымына.

Мол ырыс, құт әкелсін Наурыз айы,

Көктемнің шомылсын нұр жауынына.

Құтты болысын жылдың басы Әз Наурыз,

Ыдыстарға толсын тәтті сары уыз.

Наурыз келіп, жаз кірсін есігіңе,

Ақ мол бола берсін несібеңе.


2-жүргізуші :

Наурыздың жанға жайлы самалы есіп,

Еліме сыйлап жатыр жаңа несіп.

Дәстүрін жалғастырып бабалардың,

Кеңейді жан сарайы, сана өсіп.

Көксеген қасиетті іңкәрларың,

Ардақтап асқақ ұстап жұрт арманын,

Ұлтымның қанға сіңген мұңын емдеп,

Наурыз деп байтақ елде шырқалды әнім.


2-жүргізуші :

Бастаңғы — қазақ жастарының дәстүрлі сауықтарының бірі. Үйдің үлкендері жолаушылап кеткенде ауылдың қыз-келіншектері сол үйге жиналып, Бастаңғы жасайды.

10-сынып оқушыларын *Бастаңғы*салтымен қарсы алыңыздар


Ән: Жанна


2-жүргізуші :

Жаңа жылда ұлыстың ұлы күнінде,

Қуаныш-тойда көппенен бірге күлімде.

Көңілің өсіп, көбейсін жаңа достарың,

Абырой беріп, молайсын елге қосқаның.


2-жүргізуші :

Наурыз күні жарассын көңіл хоштығы,

Бірлік болып, бекісін халық достығы.

Бар халыққа Ақ орда шатыр болсын,

Ұрпақтарың шетінен батыр болсын.


2-жүргізуші :

Ұлы күнде аман болсын мал басын,

Үй ішіңде еш жамандық болмасын.

Ақ тілекпен дастарханың мол болсын,

Денің сау боп, сәттілік болсын жолдасың.


2-жүргізуші :

Үйлену той. Үйлену – алдымен бірін-бірі сүйіп ұнатқан қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-туғандары танысып-білісумен басталады. Алғашқыда күйеу жігіттің әке-шешесі, ағайын-туыстары болашақ келіннің үйіне келіп – қыз ата-анасының, туыстарының ризалығын алып, құда болысып келісімі бойынша қыз ұзату, келін түсіру тойлары бөлек-бөлек өткізіледі.


9-сынып оқушыларын қошеметпен қарсы алыңыздар.*Қыз ұзату*


Ән: Сыңсу


Ойын: Қол жығыс. Ұл балалар қол жығыстырып ойнайды.


2-жүргізуші :

Наурыз көктем, Наурыз жыр,

Ана мейірім, шуақ нұр.

Жан иесін жаңартқан,

Аққан бұлақ нәзік сыр.

Ақ қар кетіп қыс өтті,

Шырайлы шуақ жаз жетіп.

Шаруаның ұлы кенелеген.

Күн мейрамы ежелден – Құтты болсын бұл Наурыз.


2-жүргізуші :

Үйлену Тойы — жігіттің некелесуіне байланысты өз үйінде ұйымдастыратын той-думаны. Мұны кейде келін түсіру тойы деп те атайды. “Үйлену” деген атау еркектің әйел алып үйлі болуына, жеке түтін түтетіп, отау тігуіне байланысты қалыптасқан. Дәстүрлі қазақ қоғамында ұзатылатын қызға міндетті түрде отау (киіз үй) тігіп беретін, яғни жігіт әйел алып, неке құрумен бірге үйлі болып бөлінетін. Сондықтан да осы қуанышқа байланысты ұйымдастырылатын мереке Үйлену тойы деп аталған.


2-жүргізуші :

Оның барысында түрлі жосын-жоралғылар жасалып, тойшылар рухын, көңіл-күйін көтеретін бәсеке, сайыстар, сауық думандар өткізілген .Қазақ халқының ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келе жатқан өзіндік салт-дәстүрлері бар.


*Үйлену тойы*дәстүрін тамашалауға 8-сынып оқушыларын шақырайық


Ән: Қазағым


Тойбастар әкелу:


2-жүргізуші :

Өсіп еккен дәніміз,
Бүршік жарды бағымыз.
Сәскеде – жаз,
Түнде – қыс,
Секілді екен Наурыз.
Төлдеп жатыр малымыз,
Қазан толы сары уыз.


2-жүргізуші :

Наурыз тойын әдемі,
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем Наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды. 


2-жүргізуші :

Ашық болсын қас қабақ,
Таспен атқанды аспен ат
Бейтаныс та, таныс та
Бүгін төрде бас қонақ

Арпа, бидай, тары бар
Қатық, малта тағы бар
Ішілетін, жейтінің
Бұл көжеде бәрі бар


2-жүргізуші :

Күн мен түн теңелді
Жер шуаққа кенелді
Соны тойлар ел енді
Наурыз тойы салтымыз,
«Көгерсін» деп халқымыз


2-жүргізуші :
Көшеге тал егілді.

Ән қосылсын сәніңе!
Ырысты боп жаңа жыл!
Бақ дарысын бәріңе!
Ой қосылып ойыңа
Бас қосылып бойыңа
Аман-есен жетейік
Келер Наурыз тойына.


Ән: «Наурыз»

Осы кезде залда отырған көрермендерге «Наурыз көже» мен бауырсақтар таратылады

Шашу шашылады































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
527
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі