жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Наурыз думан"
Заңғар ауылында болатын « Наурыз думан» атты бағдарламаның сценариі
Фанф. Керней-сырнай Басталуы сағ: 11.00.
Жай музыка (күй)
1-жаршы. Тыңдаңыздар тыңдаңыздар .босқа қарап тұрмаңыздар, Қызықтан құр қалмаңыздар,
Көргенде арманда, көрмегенде арманда
Шақырамыз ортаға қария мен қарттарды
Қыз-кліншек жастарды.
Ән кернесін аспанды. "Наурыз тойы» 1-2жүрг. басталды
Фанф. Брабандар или күй
2-жаршы. Құрметті ауыл тұрғындары жәнеде қонақтар .2019шы Жаңа-жылдың «Наурыз думан» мейрамына. Қош-келдіңіздер. 1-2жаршы.
Жай музыка (күй)
1-жаршы. Армысыздар, ауылдастар. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз келіп жетті. Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата – бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан Жаңа-жыл- « Наурыз мейрамы» Құтты болсын! 1-2 жүрг.
2-жаршы. 2019 жылғы Наурыз мейрамымен құттықтау үшін, сөз кезегі Заңғар ауылының әкімі
Руслан Қанатұлы Смановқа беріледі.
1-дәстүріміз
«Шашу шашылады» Жаңа жылдың, жаңа күннің шашуын теріп алыңыздар, елімізде татулық, бірлік, ынтымақ, болсын ағайын. Ауылымызға құт береке келсін,мал жанымыз көп болсын. Қарттарға иман жастарға өмір берсін. «Наурыз тойы» құтты болсын.
1-жаршы ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ
Наурызды ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Алдымен «Наурыз» деген сөздің өзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақша аударсақ, алғашқы буыны нау-жаңа, рыз-күн деген ұғымды білідреді. Сонда жаңа күн деген сөзден шыққан екен.
Наурыз-жаңа күн, яғни жылдың алғашқы күні-жыл басы.
Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл-наурыз айының 22-нші жұлдызына сәйкес келеді. Бұл-қыс бойы
жатқан
қар еріп, жер жүзі көгеріп, көктеп,
тіршілік атаулыға жан бітіп, жасарып
жаңартқан шақ.
Бұл күні
аталарымызбен әжелеріміз үй-үйді,
ауыл-ауылдарды аралап, наурыз көжеден
дәм тататын. Үлкен-кішіге ақ баталарын
беріп, бір-біріне ізгі тілек тілйтін
күн болған.
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.
Жыл
басы наурыз-күні айтылған бұл тілектер
ақ болып, толық орындалады деп ырым
ететін.
2-Бата
-2-жаршы. 2-сөз. Эпизод Ақсақал ата немесе Ақ жаулықты әже батасын береді , -------------------------------------------------------
2-дәстүр Наурыз көже. Наурыз көже таратылады.
1-ән ---------------------------------------------------------------------------------
1 – жүрг: Наурыз – көктем мерекесі. Наурыз – жыл басы. Наурыз – жаңа серпін, жаңа леп..
2 - жүрг: Наурыз – қуаныш мерекесі, Бақыт пен шаттық мерекесі.
1 - жүрг: Наурыз – шаруа мерекесі. Наурыз – еңбек мерекесі.
2 - жүрг: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
2-ән----------------------------------------------------------------------------------
1-жүрг.
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз – жыл басы!
3-ән----------------------------------------------------------------------------------
2-жүрг. Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Жырдан шашу шашайық!
Әнім де саған, биім де,
Құтты қонақ өзің үйімде.
Қуаныш сыйлар еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.
4-ән-----------------------------------------------------------------------------------------
1-жүрг. Наурызым ғажап туысың,
Ұлыстың ұлы күнісің.
Жылыттың жердің жүрегін,
Жүрегі елдің жылысын.
Наурызым – тойлы нұрлы күн,
Мерейің асып тұр бүгін.
Жерімнің жүзін жылыттың,
Елімнің сақта бірлігін!
5-ән-----------------------------------------------------------------------------
2-жүрг. Арда өсіп, адал емген ақ уызың,
Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін.
Көк бөрілі байрағын желбіретіп,
Көк түріктен тойлаған Наурызым.
Наурыз – достық, Наурыз – күн,
Барша халық бірлігі. Тағы келді Ұлы күн,
Жалғасып ғалам тірлігі.
6-ән-------------------------------------------------------------------------------
1 - жүргізуші: Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды, Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр. Уа, жамағат, теріп ал несібіңді, Ризығың болсын көл – көсір!
2 - жүргізуші: Қашанда құт – береке орнасын деп, Тойларда шашу шашу - салты елімнің. Уа, халайық! Теріп ал несібіңді, Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!
Халқымызбен
бірге жасасып келе жатқан мейрамдар
көп. Соның ішінде бірегейі-Наурыз.
Наурыз-түркі халықтарының жыл басы
болған. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін
халықты рухани тәрбие қайнары-ұлттық
дәстүрлерден айыру мақсатында діни
мейрам дегенді желеу етіп Наурызды
тойлауға тиым салған еді. Наурыз
мейрамы қазір жалғыз түркі тектес ұлттар
ғана емес, көп елдер мен ұлыстардың
мерекеленетін мейрамына айналып
келеді.
Мұндай мейрам өзге
халықтардың да дәстүрінде бар екен. Ал,
ежелгі түркілердің дәстүрінде тіптен
қызық. Ұлыс күндері барша ер азаматтар
бойларын түзеп, жаңа киімдерін киіп,
алтын күн садақ атып машықтанады.
Жетінші күні барлығы жиналып, жамбы
атады.
Түбі бір түркі халқы-Иранды
арабтар жаулап алғанға дейін наурыз
күні күн сөзінің бас әрпін «шин»-мен
басталып жеті затты дастарханға қояды
екен. Бұл үрдіс әлі күнге дейін
жойылған жоқ. Бұл күндері республикамызда
жасайтын барлық ұлттар мен ұлыстар
өкілдері мақтайтын наурыз көжемізде
жеті қасиетті тағаманан дайындалады
емес пе...
Қадірлі
жиналған қауім, ата – бабадан жеткен
халқымыздың тамаша жоралғылары мен
дәстүрлеріне құлақ салалық, зердемізге
түйіп, келер ұрпаққа мұра етіп қалдыра
алсақ, қандай ғанебет болар еді. «Наурыз»
күн мен түн теңеліп, жергегі көкке жан
бітіп, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың
ауызы аққа тиетін, тоң жібіп, Жер – Ана
бусанатын, қыстан аман шыққан шаруа
адамының арқасы кеңіп, қолынан айыр –
күрегін тастамайтын, ерекше күн деп
саналған.
2 жүргізуші: Айнұр Өтегенова
( сынып оқушысы )
Жаңа жылды,
Наурыздың 22 – сін халық Ұлыстың Ұлы
күні деп ұлағаттаған. Ұлыс күні қазақ
үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
Бұл күнгі болған әрбір өзгеріске үлкен
мән берген, қар немесе жаңбыр жауса, «
нұр жауды», « туар жыл нұрлы болады», «
Наурыздың ақша қарындай» деп әсем
теңеулер айтып, « ағынан жарыла қуанса,
мал төлдесе бір тал көк шөп артық шығады»
- деп ырымдаған, нәресте дүниеге келсе,
ұлағаттап есімін ерекше қойған.
1
жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Ұлыстың
Ұлы күні « көлденеңнен шөпке жан бітіп»
қырда саршұнақ інінен қылт етіп, бір
көрініп, қайтадан ініне кіріп кетіп,
жер беті әбден жылығанда шығады дейді.
Бұл сөзде дала мен табиғат арасындағы
көзге көріне бермейтін терең мәнді
тағылымды үйлесімділік жатыр.
Тілімізде
осы күнге қатысты – «жер бетіне жақсылық
ұялаған күн», «Ұлыстың ұлы күні», «Ұзақ
ұшып келген күн», «Жыл басы – жылқышы
торғай ( науірзек ) келген күн», «Көк құт
( өсімдік ) көзін ашқан күн», «Көк тас
еріген күн» деген сөз оралымдары
сақталған.
2 жүргізуші: Айнұр
Өтегенова
Нұрбек ағай сіз білессіз
бе? Наурыз мерекесін тойлау дәстүрлі
дүние жүзі халықтарының көпшілігінің
тұрмыс – салтында бағзы замандардан
бері орын алған деседі.
1 жүргізуші:
Бекбауов Нұрбек
Иә, иә, Айнұр менің
естуімше Ежелгі түркілер ұлыс күндері
жаңа киімдерін киіп, сақал – мұрттарын
түзеп, шаштарын алдыратын болған, алты
күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші
күні алтын теңгеден жамбы атып жарысқан.
Егер кімде – кім бірінші болып жамбыны
атып түсірсе, сол адам сол күні, яғни
бір күн елге патша болып, билік жасауына
ерік берілген деседі.
Ал қазақ
даласында ұлыстың ұлы күні бүкіл адамды
тең санаған, құл мен күң де шаруадан
босап, еркін бой жазуға мүмкіндік алған.
Бұл күнгі дастархандағы дәм, айтылар
әңгіме көпке ортақ болған екен.
2
жүргізуші: Айнұр Өтегенова
«Береке
басынан басталады» демекші, «жыл басы
жақсы басталса, аяғы да жақсы болады»
деген қағиданы берік тұтынған халық
бүкіл ыдыс атаулыны дәнге, аққа таза
суға толтырып бетін ашық қалдырған. Бұл
21 – Наурыз күнгі таң алдында орындалады
екен. Бұның мәні: дала аралаған Қызыр
Ата келіп «қыдыр, құт дарытып» кетеді
дейді екен. Олай болса бүгінгі біздің
Наурыз мерекемізге Қызыр Ата келе жатыр
дейді.
«Қызыр Ата» келеді бата береді.
Бекзат Аралбаев 10 в сынып оқушысы
1
жүргізуші: Нұрбек Бекбауов
Ерітіп
қарын даланың,
Жинатып гүлін
саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді
Наурыз – жыл басы.
Күлімдеп қарап
күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш
түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз
– жыл басы!
Ән « Наурыз – думан» орын:
Назым Қуанышева 10 в сынып оқушысы
2
жүргізуші: Айнұр Өтегенова
Ұлыс оң
болсын!
Ақпан кетті араз боп
Наурызбенен.
Наурыз жүр жоғалған
бағын іздей,
Көктем жетті көрісіп
жанын іздей
(көтеріңкі көңілмен
дабырласып көріседі, көрінісі көрсетіледі)
Осы жерден алдарынан келін иіліп сәлем
қылып, ал бойжеткендер ізет көрсетіп
қарсы алады да Наурыз көже ұсынады.
(«Бұл көжеде бәрі бар» өлеңінен үзінді
оқу ) ауылдың бозбаласы:
Берік
Исаұлы оқиды.
Ашық болсын қас –
қабақ,
Таспен атқанды аспен ат.
Бейтаныс
та, таныс та,
Бүгін төрде бас қонақ.
Арпа,
бидай, тары бар.
Ішілетін, житіннің,
Бұл
көжеде бәрі бар.
Ошақта көп шоқ
әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен
ешкім жоқ,
Қазан ауызы жоғары.
Ақсақал
жыл дастарханына бата береді.
Бата:
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын!
Қайда
барса жол болсын,
Ұлыс береке
берсін.
Пәле - жала жерге енсін!
1-көрініс Заңғар орта
Мектебі.--------------------------------------------------
2-Көрініс. «Балапан»шағын орталығы.--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
3-Көрініс Ауыл-1---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.
4-Көрініс Әкімшілік.----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- Құрметті ауыл тұрғындары және қонақтар осымен
«Наурыз мерекесіне» арналған концерттік бағдарлама соңына жетті. Тойымыз жалғасады.бәріңізді мерекелік дастарханға шақырамыз. Тойымыз тойға ұлассын ағайын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген