жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Наурыз-думан!»
«Гаухар» балабақшасы
![]()

Дайындаған: «Ақ көгершін» тобының тәрбиешісі Куракова Гинура
2016 жыл
Бекітемін: Балабақша әдіскері Г. Наурызбаева
Тақырыбы: «Наурыз-думан!»
Мақсаты: Қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын өсіп келе жатқан ұрпақ санасына сіңіріп, ұлттық қасиеттерге баулу. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алу арқылы балаларды Отансүйгіштік, табиғатты қорғау, еңбектің қадір-қасиетін сезіну, үлкенді сыйлау, жаман әдеттен аулақ болу қасиеттерін бойларына сіңіру.
Залды безендіру:Зал ұлттық бұйымдармен әшекейленген, балалар әсем ұлттық киім, кимешек киген әже наурыз-көжесін құйып отыр.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, бүлдіршіндер!
Дәстүрге айналған Ұлыстың Ұлы күні- Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа жыл келді. Той құтты болсын! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын! Ұлыс мереке тек жақсылық әкелсін! Бүгінгі біздің «Ботақан» тобында болғалы тұрған « Армысың, әз Наурыз » атты ертеңгілік - жарысымызға қош келдіңіздер.
Бүгінгі мерекемізге арнайы шақырылған қонақтарымыз бар. Олар Зүлән апай мен Дариға апай. Бұл кісілер бұрын осы мекемеде көп жылдар бойы жұмыс жасап, зейнеткерлікке шығып , еңбегінің жемісін жеп отырған аяулы аналар. Қол соғып құрметтеп қояйық.
Құттықтау сөзді мекеме басшысы Күләш апайға және қонақтарымыз Зүлән апай мен Дариға апайларға берейік.
Бұл мерекелік кешіміз екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім . Мерекелік ән-шашу, 2-бөлім . Спорттық –эстафеталық жарыс .
-
Арай: Көктем келді, көктем келді сағынта,
Бүршік атты алма ағаштар бағында.
Біздің үйге ұя салды алақай,
Көптен күткен қарлығаштар тағы да.
Көктем келді, көктем келді далама,
Қуанып жүр ата-ана да, бала да.
Қар, мұз еріп, жылғалардан су ақты,
Үйрек, қаздар жайылып жүр жағада.
-
Ақтілек: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн –көктем.
Жарығымен, шуағымен Жер-Ана,
Алып келді жер бетіне гүл-көктем.
-
Жанерке:Қош келдің, Наурызым ардақты,
Халқым саған бар үмітті арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.
-
Азамат: Қыс өтіп, қар кетіп,
Шырайлы көктем жетіп.
Шаруаның кенелген,
Мейрамы ежелден,
Құтты болсын- Наурыз.
-
Зарина: Аспан ақ бұлт құрсанып,
Дала жатыр бусанып.
Наурыз келді ,алақай,
Бізге сыйлап нұр шабыт.
Көктем иісі бұрқырап,
Бәйшешектер гүл ашты.
Сөндірмейміз біз енді,
Наурыз жаққан шырақты.
Ән: Наурыз келді, алақай!
-
Ұлжан: Қалдырып асау жылдар ағыстарын,
Халқына мерей болып қауышқаның.
Ұлыстың ұлы күні сол үшін де,
Өзіңе бар жақсыны бағыштадым.
/осы кезде ішке әндетіп Алдар көсе кіреді./
-
Алдар: /Әділет/ О, ағайын, туысқан,
Наурыз күн туды шығыстан.
Сол тойға келдім шақырып
Ат терлетіп алыстан.
-Ассалаумағалайкүм, балалар. Сендер мені таныдыңдар ма? Мені бәрі біледі, мен алдамшы Алдармын. Керемет, керемет кітаптарда өмір сүремін. Мен үнемі кедей адамдарға болысып, ал мейірімсіз сараңдардың жазасын беремін, ал сендермен ойнаймын.
-Сендерге асығып келе жатқанда Байекеңнің де келе жатқанын көрдім. Ол әлі келген жоқ па?
Балалар: Жоқ /осы кезде залға Байекең кіреді/.
-
Бай /Әлихан/ : Мен ештеңе түсінбедім, сендер неге барлығын осында жиналып отырсыңдар? Неге жұмыс жасамайсыңдар. Мен барлығыңның жұмыс жасағандарыңды жақсы көремін, ал тектен-тек бос жүргендеріңді қаламаймын.
Бастаушы: Байеке, сіз сабыр етіңіз. Біз мұнда барлығымыз іспен айналысып, наурыз мерекесін тойлап жатырмыз.
Алдар: қандай тамаша, айтыңдаршы мен және Байекең де сіздермен бірге мерекелеуімізге рұқсат етесіздер ме?
Балалар: Жарайды.
Бай: Қайдағы мереке, мереке тек менде ғана болады, ал қалғандары жұмыс жасаулары керек.
Бастаушы: Байеке, сіз бұл жерге өз тәртібіңізді орнатпаңыз, қонаққа келген екенсіз, әдеп сақтап, біздің ойын сауығымызға қатысыңыз. Ән айтып, би билеп, ойын сайыстар ұйымдастырылып сол сайыста ең күшті, ең епті, ең шапшаңдар анықталады.
Бастаушы: Бұл не шу?
Бұлар кімдер?
Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.
Анау тұрған Қар екен,
Мынау тұрған Күн екен!
Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.
/Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/
Қар:-Т Бекзат
Қара жерді ақ көрпеге ораған,
Кең даланы боранымен бораған,
Қыс керемет емес пе?
Күн:- Меруерт
Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,
Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,
Жаз керемет емес пе?
Қыс:-Т. Бекзат
Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,
Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,
Жаздың несі керемет?
Күн:-Меруерт
Дүлей боран бораған,
Бетіңді аяз қарыған,
Қыстың несі керемет?
Қыс:-Бекзат
Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?
Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?
Күн /көніп/:-Меруерт
Жылан кетті,
Жылқы жетті,
Бер жолыңды, Қар аға!
Қыс:--Бекзат
Жолымды мақұл берейін,
Өз жөніме кетейін!
Көктем- С. Жанерке
Сәлем ата-аналар,
Айналайын балалар.
Көктем болып келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Тіршіліктің бастауы
Наурыз айы әманда.
Бастаушы: Төрлетіңіз! Тойымызға ортақ болып, балалардың өнерін тамашалаңыз.
Ән : «Наурыз – біздің жаңа жыл!»
12. Айару: Наурыз –шыр айналған жылдың басы,
Адамның өлшенеді өмір жасы.
Қазақтың пейіліне жарасады,
Әр үйде дастарханға толған асы.
13. Назым: Наурызым әкелсін деп береке- ырыс,
Көжеге толып тұрсын барлық ыдыс.
Жаңадан келе жатқан жылдың басын,
Ақ құйып қарсы алғаның өте дұрыс.
14. А. Бекзат: Қар еріді, су ақты,
Күндер келді шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем сияқты.
15. Ғ. Азамат: Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада , орманда,
Құстар әні төгілді.
16. Рүстембек: Жаңбыр жауып басылды,
Күлімдейді көкте күн.
Кемпірқосақ асылды.
Өрнегіндей көктемнің.
17.Анель: Ұлыстың күні бар халық
Бір-біріне жақындап.
Ізгі тілек тілейді,
Ниеттерін айқындап.
19. Аян: Наурыз құтты болсын деп,
Тілек айтам бәріңе
Жүрек тұрсын жол сілтеп,
Жарапазан әніне.
Ән: Көктем
Меруерт: «Ұзын-сары » келер деп,
Жуан - жіңішкелер деп.
Сақтағанын әжелер,
Наурыз күні берер тек.
Салтанатты сәнімен
Мәнері мен мәнімен,
Келді кемел әз Наурыз,
Тіл үйірер дәмімен.
20. Іңкәр:Наурызда оюлы,
Ұлттық киім киеміз.
Бастап ән-күй ойынды,
Би билеуді сүйеміз.
21. Дила: Жарқырап тұр күніміз.
Жайқалсын жас гүліміз.
Бақта бұлбұл сайрасын,
Мерейін төксін көкте күн.
Мерекесін көктемнің,
Бүкіл әлем тойласын.
22. Нұрсәт:Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің
Береке-ырыс сыйлашы.
23. Аружан: ЖЫЛ БАСЫ Наурыз мереке,
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке,
Тіршілік жаңа оянды.
24. Ұлханым:Шаттығымыз, жырымыз.
Жаңа наурыз жылымыз.
Ақ тілеумен осындай,
Бақ боп үйге кіріңіз.
Іңкәрдің орындауында «Ақтілек» әні
25. Арман: Тақпағым бар жаттаған,
Соны айтып мақтанам.
Бір жасқа мені өсірді,
Жаңа жыл жаңа аттаған.
Нұрғизат: Көже құйып отырған әжесінің қасына барып айтады.
наурыз тойын әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі,
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже,
Дәм әзірлеу басталды.
Әжем наурыз көжеге,
Жеті түрлі ас салды.
Бидай, күріш, тары бар.
Ащы құрты тағы бар,
Көже елдің ырысы,
Бұл көжеде бәрі бар.
Әже: Ішілетін, жейтіннің,
Бұл көжеде бәрі бар.
Ошақта шоқ көп әлі,
Астың ауыр обалы.
Астан үлкен ешкім жоқ,
Қазан аузы жоғары. «Наурыз көжені тоя ішсең –жыл бойы тоқ жүресің» деген ырым сөз бар, көже ішіңіздер.
ІІ.Спорттық –эстафеталық жарыс. Әділқазы алқасын сайлау. /3/
«Тұлпар» тобы /қызыл футболка/ «Сұнқар»тобы /сары футболка/
-
Азамат. Ғ Азамат. Н
-
Бекзат.Т Бекзат. А
-
Нұрғизат Рүстембек
-
Арман Нұрсәт
-
Арай Жанерке Ж
-
Ұлханым Меруерт
-
Дила Іңкәр
-
Жанерке.С Айару
-
Ұлжан Ақтілек
-
Анель Назым
-
Зарина Аружан
-
Аян
Бастаушы: Байеке, Сіз шаршап қалған жоқсыз ба?
Бай: Болды, бітті. Себебі бұл мерекеде ең күшті, ең мықты менмін. Менен басқа ешкім жоқ.
Бастаушы: Ой-ой ,Байеке, сіз тым мақтанып кеттіңіз! Шын мәнісінде кім ең күшті, ең ептіні сайыс анықтайды. Біздің балалар өте ұйымшыл, достықты, сыйластықты өте жақсы көреді, қиыншылықтардан қорықпайды.
Бай: Ә, жарайды. Онда не істеуім керек?
Бастаушы: Олай болса балалар, бізге қонаққа келген Алдар мен Байекеңді жарыстырып көрейік.
Ойын «Теңге алу» Шарты: атпен шауып келе жатып, жердегі дорбадағы теңгені алу.
Бай мен Алдар атпен шабады, сол кезде Байекең үнемі шалынып, құлай беріп, мәреге соңғы болып келеді.
Бастаушы: Ой, Байеке, неге соншалықты нашар шабасыз, спортпен айналыспағаныңыз көрініп тұр.
Бай: Ой, әбден шаршадым, маған демалу керек.
Бастаушы : жоқ, сіздер мына төңкерулі тұрған эмблеманы таңдау арқылы қай топта болатындарыңыз анықталады.
1 . Қаппен жүгіру
2 . Қыз қуу.
3. Кенгуру
4. «Күшті батырлар» сайысы /ұлдар гирь көтереді/
5.Қол күрес /қыздар арасында/
6. Арқан тартыс.
ӘДІЛҚАЗЫ АЛҚАСЫНА СӨЗ БЕРУ.
Жарысты қорытындылау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген