Материалдар / Наурыз-Думан

Наурыз-Думан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекші, тәлімгерлер үшін маңызы зор
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
405
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сыныбы: 6б –сынып. Мұғалімі: А.Қ.ШайтімТақырыбы: Наурыз-Думан!!!1-жүргізуші: Халқымыздың ежелгі наным –сенімінде күн мен түн теңелер шақта «әз» жүреді деп есептелген. Әз – болар-болмас діріл, естілер-естілмес гуіл. Қазіргі ұғымда «әз» дегеніміз- ауаның жылы ағысы. Әдетте оны қой ғана сезеді екен. Қой арқылы қойшы да аңғарады. Әздің жүруімен ағаштар бүршік атып, тіршілік атаулыға жан бітеді. «Әз болмай, мәз болмайды»-деген мәтел содан қалған.2-жүргізуші: Наурыз қайдан басталды? Аңыз бойынша Нұх кемесі Қазығұртқа келіп қайырылғанда, күн мен түннің теңескен мезгілі екен деседі. Сол сәт Пайғамбар да мерейленіп, қолдағы асын кемедегі тіршілік иелеріне үлестіріп берген екен. Кеме тау басына келіп тоқтаған соң, үш жүз жылдан кейін Наурыз атты адам ежелгі мерекені тойлауды қайта бастаған. Демек, осыдан 12600 жылдан астам бұрын жер бетін топан су қаптаған екен.1-жүргізуші: Наурыздың 21-інен 22-сіне қараған түнінде даланы Қыдыр ата аралайды. Қыдыр атаның назары жерге түссе, оның тоңын жібітеді, ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді.2-жүргізуші: Халқымыз наурыз айында «Көрісу күнін» атап өтеді. Араз болған адамдар татуласады.ІІ. Олай болса көрініс : Наурызды қарсы алу

ЕрнарТыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!Ұлыс тойы басталды!Наурыз туын көтеріп,Жар салайық әлемге!

Райымбек:Наурыз құтты болсын!Жыл басы-Ұлыс тойы жасасын!Қыдыр ата, Қыдыр ата келеді,Қыдыр ата бізге бата береді!

Қыдыр ата:Ау, аман бол, жарандар!Алтын таңға қараңдар!Ерте жайнап атты таң,Естіліп тұр шаттық ән.

1-жүргізуші: Төрлетіңіз Қыдыр ата! Армысың, әлемнің алтын шырағы, Күн ана! Төрлетіңіз! Атар таңға, батар күнге тәу-тәу!

Күн ана:.-О, қасиетті жер ана! Алла-тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Зарыға күткен Жаңа жылым да, Наурызым да келді-ау!Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.Ұрпақтарымды аман ет. Жамандық әрі кет, әрі кет, Алас, Алас!Бар бәледен қалас.Құтты болсын мерекең!Наурыз айы туыпты.Әне, Наурыз келеді,Әсемденіп Жер енді!

2-жүргізуші:-Бүгін Ұлыстың Ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ «Ақ түйенің қарны жарылған күн». Ендеше, Наурыз мейрамының салтанаты Наурызды шақырайық.

Наурыз батыр:ЕрнарСәлем анам алтын күн,Нұр шуағы халқымның.Ашық болсын аспаным,Аман болсын жас-кәрің.

Қыдыр ата:Ал, тыңдаңдар батамды:Ардақтаңдар атаны.Ұлыс оң болсын,Бестік баға мол болсын,Қайда барсаң жол болсын,Денсаулығың зор болсын.Көйлектерің көк болсын,Қарындарың тоқ болсын.Қуаныш, шаттық көп болсынУайым-қайғы жоқ болсын.Күлімдесін көкте күн,Шуақ шашып көктемнің.Түлек етіп ұшырсынЫстық ұя мектебің.Келешегі елімнің,Көк жиегі көгімнің.Адамзат боп саналыпБиіктерден көрінген.Орындалсын ойларың,Тойға ұлассын тойларың!Аумин!

1-жүргізуші:Рахмет, Қыдыр ата, Күн ана, Наурыз батыр, тойымызға келген қадамдарыңызға нұр жаусын!

ІІ. Әдеби монтаж.Ән: Мұхаммед:Көрініс: «Қазақ халқының ұмытылып кеткен салт-дәстүрлері»Күй: орындайтын Сыныбымыздың күйшілеріБи: орындайтын Сыныбымыздың биші қыздары:Ұлттық ойын: Асық ату. Бұрымды қыздар.Тиын алу.Арқан тартыс



1-жүргізушіКүлейік те ойнайық,Бал қызыққа тоймайық.Күн шуақты көктем тойКүндей күліп тойлайық.

2- жүргізуші:Жыл келді деп жар салып,Би билейік, ән салып.ұлыстың ұлы күніндеДумандатып қарсы алып.

Сабақты қорыту.Келген қонақтарға сөз беріп, бата-тілектерін айту.Ендігі сөз кезегін: апайымызға береміз!!!Бірге: Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!