Тақырыбы: «Наурыз-думан»
Жүргізуші:
Ардақты ана,аяулы ана
бармысың
Мұз құрсаудан босанады қарлы
шың
Келіп жетті елімізге
наурызың
Шуақ болған елімізге наурызың
Қуат болып елімізге наурызым Дәулетті күн,сәулетті күн көбейіп
Құтты болсын баршаңызга наурызым
Құрметті қонақтар, ата-аналар,
балабақша бүлдіршіндері!
Ұлыстың ұлы күні наурыз
мрекесі құтты болсын! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Жыл басы
наурыз баршаңызға жаңа бақыт, жаңа табыс , денсаулық әкелсін.
«Жауқазын» балалар бақшасының бүлдіршіндері дайындаған !
«Наурыз-думан » атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Құттықтау
сөз балабақша меңгерушісі А.Қарабалинаға беріледі. Жүргізуші:
Шашу,шашу,шашайық.
Ақ сандықты ашайық, Бүл
мереке,бүл тойдың Бастаңғысын ашайық, - деп тойымызды кіші топ
балаларының бишілерімен ашамыз. Би: «Шабандоздар » - ер балалар
тобы. Би: «Киіз басу» - кыздар тобы. Наурыз тойың,наурыз тойың.
Құтты болсын халайық , Күй төгілсін,күй төгілсін. Шырқап әнге
салайық,
Ән: «Наурыз келді алақай»
Хор
Мың бұралып билейді
қыздарымыз
Қолдары майысқанда таң
қалмаңыз
Қазақтың «шашу» биін
білмейтұғын
«Жауқазын» бақшасының биші
қыздарын қарсы алыңыз
Наурыз мейрам жүректерге нұр
сепкен
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн
көктем
Жарығыңмен, шуағыңмен жер
ана
Алып келдің жер бетіне гүл
көктем
Наурыз мерекесіне арналған
балалардың тақпағын тыңдаңыздар.
Келіңдер Наурыз күнін қарсы
алайық
Билейік, жыр жырлайық, ән
салайық
Қаһарлы қыстан өтіп наурыз
келді
Арқаңды кеңге созып, уа
халайық
Уа халайық Ұлыстың ұлы күні
даланы Қыдыр баба аралайды деседі. Қыдыр баба адамдарға бақ
қондырып, дәулет береді екен, бізге де Қыдыр баба келіп қалған
сияқты
Қыдыр
баба:
Ау, аманба
жарандар
Алтын таңға
қараңдар
Бақыт тілеп келдім
мен
Бақыт тілеп
адамға
Асың-асың
асыңа
Береке берсін
басыңа
Достарың көп
болсын
Дұшпандарың жоқ
болсын.
Жүргізуші:
Бата беріп
атамыз
Тәтті болып
жасалған
Наурыз көжеден, шелпектен дәм
татамыз.
(Наурыз көже
тарату)
Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған
тірлікте
Қастерлейтін, қадіріңді
білдікпе?
Құтты болсын ұлыс күн
жұмылдырған
Бәрімізді ынтымақ пен
бірлікте,-деп осы мерекеге арналған ән, биімізді
тамашалаңыздар.
Ән: «Қош келдің, Наурыз»
Орындайтындар: Рахмина, Кәусар, Ысқақ,
Әлихан.
Балалардың
тақпасғы
Би: Мың бұралып
билеген
Ұлдарды кім
сүймеген
Өнерлі біздің
ұлдарға
Кімдер басын
имеген
Би: «Шабандоздар» орындайтын:
ер балалар тобы
Би: «Киіз басу» Кіші топ биші
қыздары
Кең болсын қазағымның
керегесі
Кетпесін Алла берген
берекесі
Алаштың баласына нәсіп
болған
Құтты болсын Наурыз
мерекесі
Ән: «Көктем келді»
Орындайтындар: Шаттық, Ерасыл, Аңсаған, Мирас,
Шынболат
Би: «Қамажай» Орындайтындар:
Рахмина, Көркем
Жүргізуші:
Жер әлемді
жайнатып,
Әнші құстарды
сайратып,
Наурыз тойын
тойлатып,
Ұлыстың ұлы күні
келді
Той құтты болсын
ағайын
Ұлыс оң болсын, ақ мол
болсын!
Тойымызға келген ақындарымызды
қарап алайық. Қыз бен жігіт айтысып, өтірік өлеңмен айтысатын жас
бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалаңыздар.
Жүргізуші:
Ал,халайық,
тұрмайық
Әндетейік,
шырқайық
Думандатып би
билеп,
Өнерден күмбез
жасайық
Би: «Бипыл» Орындайтындар:
Көркем, Кәусар, Алтынай, Раяна
Шапағатын аямай бұл жақта
аспан
Жадырайды әр адам мұң
шалмастан
Оу, ағайын, келіңдер, бүгін
бізде
Тойлап жатыр халқым біздің
елімізде
Би: «Адай күйіне қойылған би»
орындайтындар: ер балалар тобы
Ән: «Наурызым» орындайтындар:
Көркем, Ақылхан, Қайсар, Кәусар
Қорытынды:
Ой қосылып
ойыңа
Бой қосылып
бойыңа
Аман-есен
жетейік
Келесі Наурыз тойына-дей келе
ертеңгілігімізді аяқтаймыз.