«Наурыз-думан,
наурыз-шаттық мереке» атты
мерекелік бағдарламаның
сценарийі
20 наурыз
2018жыл
сағат
11.00
мектеп
ауласы
Фанфары
ойналады
Құттықтау
сөз
Қазақша киінген бір топ
аталар,ағалар, жеті нан ұстаған әжелер, бір топ шашу ұстаған
жеңгелер,қамшылары бар жас жігіттер мен тостаған ұстаған ару қыздар
сахнаға шығады.
Домбырамен арнау
айтылады.
Мақсат:
Жиылған мерекеге бар
халайық,
Қазыналы қарттарды қарсы
алайық! (бір топ аталар
шығады)
Бірлік пенен адалдықты өсиет
еткен,
Ақсақалдың әр сөзіне зер
салайық!
Гүлназ:
Алдымызда ақ баталы
бабалар,
Бақыт құсы ақ батадан
таралар.
Үлкен тойда ақ тілекпен
шығатын,
Жомарт жүрек ақ сақалды
аталар.
Мақсат:
Келді көктем, нұрлы көктем,
гүл көктем,
Жарқыратып шуақ шашты күн
көктен.(әжелер
шығады)
Шықты ортаға ақ жаулықты
әжелер,
Жанарынан мейіріммен нұр
төккен.
Гүлназ:
Қастерлемей кім ата салтын
сақтар,(әжелер шығып,жеті нан
таратады)
Береке тілеп әжелер нан
таратар.
Ұлыс күні жеті шелпек
пісірген,
Риза болсын еліме
аруақтар.
Мақсат:
Шашу шашар инабатты ақ
келін,
Етек жиып еркелеткен жас
келін. (жеңгелер
шығады)
Бар тілегін беріп тұрған
елімнің,
Өңі қандай, өмір қандай жақсы
едің.
Гүлназ:
Шашу-шашу сыйың елден
тағылғаны, (шашу
шашады)
Жүректердің ағынан
жарылғаны.
Керек бізге атағы
қазағымның,
Шашудай боп жер жүзіне
таралғаны.
Мақсат:
Бас иемін дәстүріне
халқымның,
Халқым барда талай тасып
шалқырмын.
Жаса-жаса тіпті жайсаң
жігіттер, (жас жігіттер шығады
қолдарында қамшылары бар)
Жарқыраған сынығындай
алтынның.
Гүлназ:
Дүниенің құлағына жетті
бүгін,
Қақ төрінде құлпырып тұр көк
туың.
Артса даңқың жас талантты
жігіттер,
Ат терлетіп жарқылдадың текті
ұлың.
Мақсат:
Әсем ою зерімен, берекелі
сәнімен,
Арулар шықты ортаға ,ауыс ти
ақ дәмінен. (ару қыздар шығады
)
Гүлназ:
Наурыз тойы нұрлы күн, мерейің
асып тұр бүгін,( көже құйған ыдыс,ожауы бар
қыздар)
Аруларды аяла, бірлігін сақта
елімнің.
Жүргізушілер ортаға
шығады
Мақсат:
Армысыздар
ағайын!
Ұлыстың ұлы күні біз жарқын
да, жасампаз наурыз мерекесінің табалдырығында тұрмыз. Бұл шығыс
халықтарының ерекше қастерлейтін мерекесі.
Гүлназ:
Наурыз - халық мерекесі, елдің
мерекесі
Мақсат:
22 наурыз игіліктің,
жаңарудың, үміт пен жақсылықтың бастауы болатын
күні.
Гүлназ:
Бүгін жер бетіне жақсылық
ұялаған күн!
Мақсат:
Самарқанның көк тасы еріген
күн!
Гүлназ:
Ұзақ ұшып келген
күн!
Мақсат:
Көк құс көзін ашқан
күн!
Гүлназ:
Кең байтақ дүниеге тағы да бір
көктем келді, егеменді еліміздің босағасын тағы да бір жыл
аттады.
Мақсат:
Сіздерді Ғ.Ақтаев атындағы № 6
орта мектептің ұстаздар ұжымының атынан ұлы мерекелеріңізбен
құттықтаймыз.
Мереке берекелі
болсын,құрметті халқым!
Гүлназ:
2018 жылдың Наурыз мерекесі
біздің мектебіміз үшін лайықты табыстарға бастайтын алғашқысы
болсын!
Мақсат:
Жаңа жыл
молшылық,бейбітшілік,қуаныш әкелсін!
Домбырамен арнау
айтады.
Күй ойналып
тұрады.(Бәрі сахнадан шығып
кетеді)
(Қара киген 3 мыстан
кемірлер шығады)
Мақсат:
Топтың тынысын
тыңдап,
Жердің тамырын басқан ,тұрмыс
тіршілігі,
Шордың баққа, жоқтың барға
басатын бұл күн шырайлы көктем жамандықты жақсылық ,зұлымдық
иелігін ,мыстан кемпірді қуып шығатын күн.
Мыстан
кемпірлер:Жамандықты қолдаймыз,
жамандықты қолдаймыз!
(Жақсылық шығады) қазақ киімін
киген адам)
Менің атым
жақсылық,
Тілейтінім
адалдық,
Қозғайтыным
адалдық
Болмасын деп
жамандық
Көргенім жоқ залал
қып,
Бұл мінезім елге
құт
Еңбек менің
жолдасым,
Жұрт мұнымды
қолдасын,
Тойда сендере орын жоқ,арам
пиғыл болмасын,-(деп жамандықты итеріп
жібереді)
(Қыс шығады.Аппақ
киініп,айналып жүреді)
Мақсат:
Кәрі қыс тозған тоңын кие
алмай жүр.
Азулы қыс қайда барса,қартая
сыя алмай жүр
Асқар таулар атасын
шақырады,
Ой мен қырын зәрлі қыс қия
алмай жүр
(Көктем шығады жасыл
киініп)
Гүлназ:
Көктем жетті көл көсір шуақ
құрып,
Қыс барады қиылып жылап
тұр
Қысты қуып еліме наурыз
жылы
Көк көрпесін ақпанның
лақтырып.
Музыка ойналып тұрады
Наурызбен(жасыл киім киген қыз) ортаны айналып би
билейді.
Бәрі бірігіп “Cаумалық”
деген өлеңді айтады.
Екі жүргізуші бірге
айтады.-Саумалық,
саумалық,
Халық:
Қарыз дауының көк құсы ұйқыдан
көзін ашты ма, жүгірді ме,көрдің бе?
Екі
жүргіші:
Саумалық,саумалық
Халық:
Сарыарқаның көк тасы жібіді
ме, білдің бе?
Жүргізушілер:
Саумалық,
саумалық
Халық:
Жаңа келген жақсылықты көрдің
бе, көрмедің бе?
Жүргізушілер:
Саумалық,саумалық
Халық:
Ескі жыл есірке, жаңа жыл
жарылқа!
-Бәледен алас, бәледен
талас,-деп қазақша киінген жас жігіт адам шығып отпен
аластайды.
Күй
Мақсат:
О, жарандар-жарандар кең
әлемге қараңдар,
Құтты болсын мерекең, арта
берсін берекең.
Наурыз айы туыпты, әне наурыз
келеді,
Әсемденді жер
енді.
(костюм киген Наурыз айы
келіп айналып жүреді)
Гүлназ:
Наурыз келсе құт келеді
халайық,
Жарқын жанмен ұлысты қарсы
алайық!
Келді наурыз сағынып, қыздарға
алқа тағынып,
Сағына күткен ауылыма
кел.
Наурыз ұлыстың ұлы
күнінде,
Дін мұсылман
қауымым.
Наурыз құтты
болсын!!
Ұлыс оң
болсын!
Наурыз құтты болсын
халқым!
Би
билейді
Гүлназ:
Мол болсын қазағымның
дастарханы,
Қарттарым даналықтың асқар
тауы.
Ел ағасы үлкенге қамқор
болып,
Ойласа болашақта жастар
қамын.
Бүгінгі жақсы сөзді біз
ұғалық,
Бірлік барда тірлік бар дейді
халық.
Ел ағасы бастаса біздер
қостар,
Ынтымақпен қиындықтан біз
шығамыз.
Мақсат:
Халықымызды мифологиялық
түсінігі бойынша наурыздың 21-22 –не қарған түні даланы қыдыр ата
аралайды, сол себепті осы түні қыдыр түні деп атайды. Қыдыр баба
адамдарға дәулет таратып, бақыт қондырыатын ақсақал бейнесіндегі
қиял- ғажайып дүние.
О,
жарандар-жарандар!
Алтын таңға
қараңдар!
Қыдыр ата
келеді,
Қарсы алайық тұрыңдар. (Қыдыр
ата келіп бата береді)
Мақсат:
Бар жаһанға шапағаты нұр
төккен,
Ілтипаты күлім қағып гүл
көктем.
Ажарланып ана отан
дидарың,
Шешек жарды мың құлпырып гүл
көктем.
Гүлназ:
Көктем өсу, көктем көркі
көбею
Сән салтанат, құлаш жайып
көркею
Көктем күні, ұлы наурыз жыл
басы
Жаратады күліп саған қарап бас
ию
(Күн ана сары киініп келеді.
Соған қарап келіншектер сәлем береді)
Гүлназ:
Армысың қайырымда күн
ана
Кеудесі түкті жер
ана
Құт дарып
жарылқа
Жарқырасын алтын
күн
Бақыты бол
халқымның
Күн нұрына
шалқытып
Ашық болса
күніміз
Бай тұлғалы
Елімде
Айтылады
жырымыз.
“Наурыз” әні (осы әнмен концерт
аяқталады)