Сценарий
мақсаты: Балаларға
ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық
салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік
қасиеттерін қалыптастыру.
Жүргізіуші: Армысыздар,
ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға
күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті.
Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа
күн» деген сөз. Бұл күн – біздің
ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған
жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл
басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты
болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған
Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,
тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы
– Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы
айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде
күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз
жыл басы болып саналады. Осы көктемнің
мерекесіне арналған әнімізді шырқап
берейік
«Наурыз
біздің жаңа жыл»
Жүргізуші: Балалар
біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,
шашу шашатын кім екенін білесіңдер
ме!
Балалар: Қыдыр
Ата! Наурыз Әже!
Жүргізуші: Ендеше
ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды
шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!
ҚЫДЫР
АТА:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Әумин!
Наурыз
Әже:
"Наурыз
келсе, құт келгені, халайық!"
Есік
ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық
(отырған қонақтарға шашу шашу)
Жүргізуші: Қыдыр
ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар
бүгін біздің «Құлыншақ»ауылында
үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге
тойлатыңыздар!
Қыдыр
Ата: Жарайды
құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар
ешқандай қарсылығымыз жоқ.
Жүргізуші:
балалар. Енді біздің балалар ұлттық
ойын ойнайқ, асық ату, қол күресі,аударыспақ,
соқыр теке, ақ сүйек. ұшты- ұшты,тақия
тастамақ,ақ серек көк серек
«Ұшты-ұшты». Ойын
бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру
үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды
араластырып айтады. Шарт бойынша
ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын
көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа
қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін
көрсетеді. Ойын бастаушы негізінен
адамдарды былайша жаңылыстырады: - Ұшты,
ұшты – тарғақ ұшты! (ұшады). - Ұшты, ұшты
– жарғақ ұшты! (ұшпайды). - Ұшты, ұшты –
тырна ұшты! (ұшады). - Ұшты, ұшты – тырма
ұшты! (ұшпайды).
«Соқыртеке». Ойыншылар
дөңгелене тұрады. Ортаға орамалмен көзі
байланған адамды – «соқыртекені»
шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойынға
қатысушылар «соқыртекені» түрткілейді.
Ол сол кезде түрткен ойыншыны ұстап
алып, атын айтуға тиіс. «Соқыртекенің»
тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алуына
болады. Ұсталынып қалған ойыншы
«соқыртекеге» айналып, ойын жалғаса
береді.
«Тақия
тастамақ»
Тәрбиеші
балаларға ұлттық ойын мазмұнымен
таныстырады. Балалар дөңгеленіп, шеңбер
құрап отырады. Балалардың арасынан бір
бала таңдалады да қалғандары көздерін
жұмып отырулары тиіс. Таңдалған бала
дөңгеленіп отырған балалар сыртымен
ақырын жүріп, бір баланың артына тақияны
білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші
белгіснен кейін балалар көздерін ашады.
Жан жағына жылдам қарап, тақияны өзінде
екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы
керек. Егер орнынан дер кезінде тұра
алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ,
өлең, би және т.б. Және де орнынан тез
тұрып үлгірген балаға ұлттық ою өрнек
бейнесі беріледі. Көп ою жинаған бала
жеңімпаз
Тәрбиеші: Наурыз
мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда
өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай
кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау
кесу» рәсімін назарларыңызға ұсынамыз.Тұсау
кесу бала тәй- тәй басқанда жасалатын
думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген
бала» көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу
рәсімі ұлға да, қыз балаға да жасалады.Тұсауды
ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала
жібін аттамасын» деген ниет білдіреді.
Жүйрік бол, шауып кет т.б. тілектерді
айта отырып, баланың аяғына байланған
тұсауын кесіп жібереді.
Тәрбиеші: Әжей,
Сіз бізге көмектесесіз ба? Сіздің
жолыңызбы берсін!
«Тұсау
кесу» рәсімі
ата-аналарға ұсынылады.
Жүргізуші:
Топ қыздарының биін тамашалаңыздар. Би
«Қамажай».
Жүргізуші».
Ән Наурыз көктем
«Батамен
ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер»,
дегендей Қыдыр ата өзіңізден бата
сұраймыз.
Қыдыр
ата батасы:
Ұлыстың
ұлы күні оң болсын!
Ақ
мол болсын!
Қайда
барсаң жол болсын!
Дастарқаның
кең болсын!
Уайым
- қайғы жоқ болсын! Әумин!
Жүргізуші:
Әумин, айтқаныңыз келсін! Бүгінгі
ертеңгілігіміз өз мәресіне таяп қалды.
Наурыз тойларыңыз тағы да құтты болсын!
Елімізде тек жақсы күндер көп болсын!
Ұрпағымыз ата - баба дәстүрін ұлықтап
өтсін! Баршаңызды Наурыз көжеден дәм
татуға дастарқанға шақырамыз. Сау
болыңыздар! Көріскенше күндеріңіз
шуақты болсын! Келесі Наурызға уайым -
қайғысыз, аман - сау жетейік!
Балалар,
қане бәріміз «Қара жорға» биін билейік