400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу. Ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, сыйлап, түсінуге үйрету. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету.

Жүргізуші:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! 
Босқа қарап тұрмаңыздар. 
Наурыз тойы басталды. 
Көргендер де армандар, 
Көрмегендер де армандар, 
Қызықтан тыс қалмаңдар!


Жүргізіуші: Армысыздар, ата-аналар, қонақтар! Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын! Наурыз – «жаңа күн» деген сөз. Бұл күн – біздің ата-бабаларымыз, арғы тегіміз мыңдаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Наурыз тойымыз құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты, тілектеріңіз қабыл болсын! Наурыз айы – Шығыс күн есебі бойынша жылдың алғашқы айы. Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі, сол себептен Наурыз жыл басы болып саналады.

Осы көктемнің мерекесіне арналған әнімізді шырқап берейік

Ән «Наурыз»

Жүргізуші: Балалар біздер Ұлыстың Ұлы күні ақ бата алып,  шашу шашатын  кім екенін білесіңдер ме!


Балалар: Қыдыр Ата! Наурыз Әже!

Жүргізуші: Ендеше ортаға ақ батасын беруге Қыдыр атамызды шашуын шашуға Наурыз әжемізді шақырайық!

ҚЫДЫР АТА:  Сұрасаң бата берейін,
                      Үстем болсын мерейің 
                      Ықыласпен қол жайсаң,
                      Ақ тілекті төгейін
                      Ұлыс оң болсын
                      Ақ мол болсын
                      Қайда барсаң жол болсын!
                      Ұлыс бақты болсын,
                      Төрт түлік ақты болсын!

Әумин!

Наурыз Әже:

"Наурыз келсе, құт келгені, халайық!"
Есік ашып, шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық (отырған  қонақтарға шашу шашу)


Жүргізуші: Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Алтын дән»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!


Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

Тақпақтар

Аягоз:Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы

Нұрасыл: Қош келіпсің Наурыз!

Арман тойы халықтың.

Қуанышы халықтың,

Құтты болсын қадамың! 


Бауыржан: Кел балалар ойнайық

Наурыз тойын тойлайық.

Баянды болып мереке

Қыр гүлдей жайнайық.


Айзере: Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

Қуанышта ел енді

Наурыз келді, салтымыз

«Көгерсін » деп халқымыз.

Көшеге тал егеді.


Жүргізуші: Рахмет балалар.



Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!


Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!


Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай”. Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.


Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік - қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.


Бала: Әже! Бесікке баланы жатқызбас бұрын қандай ырым жасалады?


Әже: Баланы қырқынан шығарады.


Бала: Баланы қырқынан қай кезде шығарады?


Әже: Туылғанына қырық күн толғанда қырқынан шығарады. Қырық қасық суға түсіріп, ит көйлегіне тәттіні түйіп, оны иттің мойынына байлап жібереді. Балалар итті қуып жетіп, тәттіні бөліп жейді. Ит көйлек – нәрестенің алғашқы көйлегі


Жүргізуші: Наурыз әже Қыдыр ата сіздер алыс жолдан шаршаған шығарсыздар біздің балалар көңілді би билеп берсін

Би: Көңіл шашу

Фатима:Келе жатыр жылымыз,

Мейрамдаймыз мұны біз.

Тахир:Халқы сүйген мейрамды,

Қарсы алайық Наурызды!

Одина: Арпа, бидай, тары бар,

Қатық, малта тағы бар.

Ішілетін жейтінің,

Бүл көжеде бәрі бар.

Дияр: Бата беріп атамыз,

Бата беріп әжеміз.

Тәтті болып жасаған,

Көжеден дәм татыңыз.

Тәрбиеші: Наурыз мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау кесу» рәсімін назарларыңызға ұсынамыз.Тұсау кесу бала тәй- тәй басқанда жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала» көп сүрінеді дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлға да, қыз балаға да жасалады.Тұсауды ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала жібін аттамасын» деген ниет білдіреді. Жүйрік бол, шауып кет т.б. тілектерді айта отырып, баланың аяғына байланған тұсауын кесіп жібереді.

Тәрбиеші: Әжей, Сіз бізге көмектесесіз ба? Сіздің жолыңызды берсін!

«Тұсау кесу» рәсімі ата-аналарға ұсынылады.

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай тақпақ білесіндер?

Мадияр: Осыншама жақсылық

Алып келген Наурызым

Төрлет бізге нұр беріп

Шуақ шашып ақ жүзін.

Альмира: Наурыз шаттық әніміз

Салтанатты әніміз

Ән саламыз бәріміз

Би билейміз бәріміз!

Мейіржан: Наурыз келді тамаша,

Ән айтамыз таласа.

Атам, әжем, той тойлап,

Қуанып жүр балаша,

Би билейміз тамаша.

Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ойындарды білесіндер?

(балалардың жауаптары) олай болса сендерді «Арқан тартыс» ойынына шақырамын.

Ойын: «Арқан тартыс».

Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымызды айтып берейік!

Мадина: Сәнді көктем - Наурыз!

Наурыз тойы жырымыз

Көңілді гүлдей жайнасын

Құлпырсын күн мен ай

Құтты болсын Наурыз!

Алихан: Уа, халайық, халайық

Әсем әнге салайық

Наурыз тойын көңілді

Бирге қарсы алайық!

Сезім: Төрт түлік ақты болсын,

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жәле жерге еңсін!

Тәрбиеші: Ортаға «Радуга» тобының бишілерін «Мама »биімен шақырамыз.

Осыменен Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік аяқталды. Сіздерді Наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.



















Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі



«Нұр – Серік» бөбекжай балабақшасы









ЕРТЕҢГЕЛІК





Тақырыбы: Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!







Тәрбиеші: Р. Абдукаримова



























Қарасу 2018-2019ж.ж.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 мамыр
480
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі