400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы қаласы Алатау ауданы №95 бөбекжай-балабақшасы

Тәрбиеші: Ақылбекқызы Алтынай

Жетекші: Дуйсенбаева Зухра Жылқыбаевна



НАУРЫЗ ЖЫЛ БАСЫ!

Зал төрінде сәнді киінген ата қамшы өріп, әже оюлы тостағандарды сүртіп, Наурыз көже араластырып отырады. Күй күмбірлеп ойнап тұрады.

Келін:

Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!

Босқа қарап тұрмаңыздар.

Наурыз тойы басталды,

Қызықтан тыс қалмаңыздар.

Жиналыңдар алаңға,

Салт – дәстүрмен жараса.

Қайта құрып жаңаша,

Той тойлайық тамаша.

Наурыз: Әуен ырғағымен балалар залға кіреді.

Балалар, бүгінгі Наурыз мерекесі құтты болсын! Осы мерекеде ата мен әженің үйіне қонаққа келдік, қане бәріміз амандасайық.

Балалар: Сәлеметсіздер ме, ата- әже және қонақтар!

Ата: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!

Ән: Көктем

Әже: қош келдіңдер, құлындарым! Наурыз мерекесі құтты болсын! Айналайын , балаларым сендерді бүгінгі Ұлыстың Ұлы күнінде арнайы қонаққа шақырдым! Немеремді бесікке бөлеп, «Бесікке салу» рәсімдік салт-дәстүрін көрсетпекшімін. Ең кенже баламның баласын бесікке салғызамын. Бірақ құдағиым өте алыста тұрады, сендер айналайын құлындарым тойды бастай беріңдер, қонақтар демалып қызықтап отырсын.

Келін: Құрметті ата- әже, қонақтар Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Шалқытып мерекеде ән салайық,

Би билеп ән өнерге тамсанайық.

Аңызбен , ертегімен бізге жеткен,

Наурызды қонақтарды қарсы алайық.

Ата, әже наурыз айының бізге келіп жетер уақытыда болды. Ол өзі дүниені құлпыртып жылына бір-ақ рет келеді.

Шуақ болып төгілер,

Жерге гүл болып егілер.

Наурыз тойын күтуде,

Кіп-кішкентай балалар.

(Осы кезде Күн мен түн кіреді.)

Күн (Айерке): Армысың ару Наурыз айы, Күн мен Түн төрлетіңдер! Сендерді біз асыға күтудеміз:

Наурыз айы: Жақсы ма ата халіңіз,

Менің атым- Наурыз.

Балдай тәтті сары уыз,

Алып келдім алыңыз.

Күн: Сәулесі көп күнмін.

Түн (Алдияр): Жұлдызы көп түнмін.

Күн мен Түн: Бірдей болып біздер теңелеміз бүгін.

Түн : Ал ертең күн ұзақ.

Күн: Түн қысқарар бірақ.

Наурыз:Ұйқыларың қанбай жылап жүрмеңдер. Күн мен түн, көктем,жаз мезгілдерінде балалар бақшаға кешікпей келеді.

Келін: Төрлетіңдер! Рахмет сендерге, Ұлыстың Ұлы күнінің қасиетті ерекшеліктерін түсініп айтып бергендеріңе. Ортаға .......... шақырамыз.

Тақпақтар:

Келін:

Салтанатты сәніміз,

Қызық думан құрамыз.

Ән салып жас- кәріміз,

Би билейік бәріміз.

Би «Қарлығаш» биі.

Құдағи кіреді: Төс қағыстырып амандасады.«Бесікке салу» рәсімін көрсетеді.

Бесікке салу — нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді. Және Бесік жыры айтылады:

Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Шебер болар ма екенсің?
Таңдайларың тақылдап,
Сөзіңді жұрт мақұлдап,
Шешен болар ма екенсің?

Тағы бір нұсқасы:

Әлди-әлди ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін.
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
[1]







Келін: Әже, рахмет сіздерге балаларды халқымыздың салт-дәстүрімен таныстырғандарыңызға.

Музыка ойнатылады. Залға Қыдыр Ата кіреді.

Қыдыр Ата: Амандасады. Бата беріледі.

Келін: Әумин ата! Айтқаныңыз келсін. Қане балалар, осындай берекелі қуанышта барлығымыз бірлесе керемет бір ән салайық.

Ән: «Наурыз»

Келін: Балалар, наурыз мерекесінде айтыңдаршы қандай тағамдар дайындаймыз?

Келін: Әже, Наурыз көже қалай жасалады?

Әже: 7түрлі дәмнен жасалады. Оған: тары, бидай, құрт, айран,ет, тұз,су қосады.

Ойын: «Түрлі түсті асықтар»

Мақсаты: Балаларға асық толы қоржын ұсынылады. Асықтар қызыл, көк, сары түсті болады. Әр бала қоржыннан бір асықтан алады. Барлығы алып болған соң түстері бойынша үш топқа топтасып тұрады. Әр топ қандай түске топтасқандарын айтады.

Келін: Бәрекелді балалар, ұлттық ойындарды қызықтыра ойнадыңдар. Көңілді ойынымызды көңілді биімізбен жалғастырамыз.

Би: «Тұлпарым»

Әже: Ой шырақтарым тамаша өнер көрсеттіңдер! Аталарың бағанадан ризашылығын айтып отыр. Өз қуанышын сендерге сыйлық тарту ету арқылы білдірмекші.

Қыдыр Ата:

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын.

Қайда барсақ жол болсын!

Музыкамен балаларға сыйлық таратады.

Әже: Ал Қыдыр Ата сыйлықтарыңызға рахмет. Сіз берекесі кең үйлерді аралауға асығып барады екенсіз. Жолыңыздан қалмаңыз! Сәт сапар тілейміз!

Балалар: Сау болыңыз!

Наурыз:

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел наурызды тойлайды

Келін:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даланың ежелгі,

Қазақ деген халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де,

Бар дәстүрмен салтымыз.

Әже:

Ал шырақтарым кішкентай нәрестеміз тәтті ұйқыға кетті, барлығымыз дастархан басына жиналып наурыз көжеден дәм алайық.

Келін:

Осымен шағын ғана оқу іс-әрекетіміз аяқталды. Көріп тамашалағаныңызға көп-көп рахмет!

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
381
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі