Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз жыл басы

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз құтты болсын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні: 04.03.2013 ж

1-сабақ

Пән: ана тілі

Тақырыбы: Наурыз жыл басы.

Мақсаты: 1. Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

2.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту

3.Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

көрн: түрлі түсті суреттер, түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Наурыз көже түсініп оқу.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Наурыз қандай мейрам?

  • Наурыз күні қалай аталады?

  • Наурыз көже қалай жасалады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Наурыздағы тілек

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс. Сөзжұмбақ шешу:

1.Наурыз

2.Бидай

3.Уыз

4.Құрт

5.Тары

6.Уыз

7.Күріш

8.Көже

9.Шұжық

10.Ет.

Наурыздағы тілек. Оқып, мазмұнын ашу.

Ата-анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жаз.

ҮІ Түсінгендерін тексеру

а/ сұрақтарға жауап алу: Наурыз мейрамында қандай тілек айтылады?

ҮІІ Бекіту: Құттықтау хат жазу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау



2-сабақ

Пән: қазақ тілі

Тақырыбы: Етістіктің зат есіммен байлынысы. (423-425 жаттығу)

Мақсаты: Жаттығулар орындай отырып, етістіктерді тауып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.Тілін сөздік қорларын дамыту.Адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, үлестірмелер.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру: 421-жаттығу

ІҮ. Білімдерін тексеру. Оқулықпен жұмыс. а/ 423-жаттығу өлеңді мәнерлеп оқы, етістіктерді тап, етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсет.

Shape4 Төскөйден жел еседі,

Shape7 Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін

Көк майсасын төседі.

424- жаттығу өзгертіп жаз .(көрді- көреді, ...)

Көрді – көреді, боздады-боздайды, емдеді – емдейді, ойнады – ойнайды, жазды – жазады.



Сергіту сәті.

Ү.Бекіту.Етістік дегеніміз не?Етістіктің сұрақтары?Мысалдар келтіру.

ҮІ. Үйге тапсырма: 425-жаттығу

Айнұр ертеңгі сабаққа дайындалды. Ол көк көйлегін үтіктеді. Көйлегінің жеңін тікті.

Бағалау.





3-сабақ

Пән: математика

Тақырыбы: Үшбұрышты, тіктөртбұрыш, шаршыны еркін өлшеммен сызу және оның элементтерін анықтау.

Мақсаты: Үшбұрыш, тік төртбұрыш, шаршы сызып, олардың элементтерін анықтап, дәлелдей білуге үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа, байқампаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: геометриялық фигуралар

Әдісі: түсіндіру, сұарқ-жауап, іздену, өзіндік.

Түрі: аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:- Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:№7 оқу , талдау.

ІІІ. Өткенді пысықтау:Үлестірмелермен жұмыс

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Үшбұрышты, тіктөртбұрыш, шаршыны еркін өлшеммен сызу

және оның элементтерін анықтау.

ҮShape8 . Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс. № 1 . кез келген үшбұрыш сызу, оның үшбұрыш екенін дәлелдеу.

А) Үш бұрышы, үш төбесі, үш қабырғасы бар.

Бұрыштары сүйір бұрыш.


Ә) Кез келген тік төртбұрыш сызу, оны дәлелдеу. Шаршы сызу.

Shape9 Төрт бұрышы, төрт қабырғасы, төрт төбесі бар. Бұрыштары тік.

Ол шаршы бола алады.




2

Shape11 Shape10

Shape12

Shape13 Shape14



3 Есепті шығару.

А)Сылақшы – 45

Тас қалаушы - ? 19 – ы кем

Жұмыскер - сонша

Шешуі: /45 – 19 / + 45 =71

45 + 26 + 71 = 142


Ә) Сылақшы – 45

Тас қалаушы - ? 19 – ы кем

Шешуі: 45-19═26 Жауабы: 26 тас қалаушы

в/ Сергіту сәті.


4

Өрнек құру және оның мәнін табу.

27+44═71 18+23═41 56+15═71


5

2дм 7 см + 4дм 3 см = 7 дм 0 см

27 см+43 см =70 см =7дм 0 см

7 дм 0 см - 2дм 7 см 4дм 3 см

70 см -27 см43 см═4дм 3 см


6

27+43═70 27+0═27

70-27═43 27-27═0

ҮІІ. Бекіту: Бүгін не өттік?

Шығармашылық тапсырма: әр бала 1 партия

ҮІІІ. Үйге тапсырма

5 , 168бет. Бағалау.



4-сабақ

Пән: дүниетану

Тақырыбы: Астана-қазақстан Республикасының астанасы.

Мақсаты: Астана қаласы және ондағы өндіріс, демалыс орындары жайлы түсінік беру.

Танымдық қабілеттерін дамыту. Патриоттық тәрбие беру.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өзіндік, әңгімелеу.

Көрнекілігі: оқулық, арнайы суреттер

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:Астана.Тақырыпты оқу.Мазмұнын сұрау.

ІІІ. Өткенді пысықтау.Сұрақтар қоя отырып, өткен материалды пысықтау.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:Тақырыбын , мақсатын хабарлау.

Жаңа сабақ:а/ Астана қаласы туралы кіріспе әңгіме жүргізу.ә/ Астана тақырыбын оқып, түсіндіру.

б/ Тақырыпты оқу:іштей оқу, тізбектей оқу, жеке-жеке оқу

1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы 10 маусымда тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.


Қазақстан Республикасының өмірінде бұл - төртінші астана. Алғашқы астанасы - Орынбор қаласы, екінші астанасы – Қызылорда қаласы, үшінші астанасы - Алматы қаласы болса, төртінші астанасы осы - Астана қаласы болып отыр.

Астана қаласы өте әдемі қала. Онда көптеген ғимараттар бой көтерді.

Онда 80-нен астам ұлт өкілдері тұрады.

ҮІ. Түсінгендерін тексеру:а/ Сұрақтарға жауап алу. Астана сөзінің мағынасы нені білдіреді? Қала туралы сен не айта аласың? Астанада қандай өндіріс орындары бар? Одан нелер өндіреміз? Қандай демалыс орындарын білесіңдер? Өздерің қандай жерлерде бодыңдар? ә/Сергіту сәті б/ тапсырмаларды орындау. в/ Астана туралы білетін тақпақтарын айту. г/ Ойын: Қала аттарын атау.

ҮІІ. Бекіту. Бүгін не өттік? Елін, жерін сүюге тәрбиелеу.

ҮІІІ. Үйге тапсырма1. оқу, мазмұны2. бағалау













Күні: 05.03.2013 ж

1-сабақ

Пән: ана тілі

Тақырыбы: Наурыз жыл басы.

Мақсаты: 1.Ақынның наурыз айындағы көктемгі даланы суреттеуі, табиғаттағы өзгерістер туралы түсінік беру.

2. Өлеңді мәнерлеп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту3. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

көрн: түрлі түсті суреттер, түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Наурыздағы тілек өлеңін жаттап келу.

ІІІ. Өткенді пысықтау. Сұрақ-жауап. Наурыз ммейрамында қандай тілектер айтылады?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Наурыз жыл басы.

Ү. Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс. 1. Бата сөзді оқу, жаттап алу.

2. Наурыз жыл басы. Оқып, мазмұнын ашу.

б/ тақырыпты оқу: іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу

ҮІ Түсінгендерін тексеру: Сызбамен жұмыс

1-бөлік – көктем мезгілі

2-бөлік – Наурыз мейрамы

Наурыз айы келгенде күн жылына бастайды. Қар, мұз еріп жылғалардан су ағады. Ағаштар бүршік атады. Құстар келе бастайды. Жерге шөп шығады.

Адамдар Наурыз мейрамына дайындалады. Бау-бақшаны тазалайды. Ағаш отырғызып, арықтарды тазалайды. Келіге жүгері, бидай түйеді.

а/ сұрақтарға жауап алу: Наурыз мейрамын сен қалай қарсы аласың?

ҮІІ Бекіту:Табиғатты қорғай білуге баулу

ҮІІІ. Үйге тапсырма:Оқу, мазмұны.Бағалау



2-сабақ

Пән: математика

Тақырыбы: Тіктөртбұрыш салу, оның периметрін табу.

Мақсаты: Тіктөртбұрышты салып , оның периметрін таба білуге үйрету. Ой-өрісін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Алғырлыққа тапқырлыққа тәрбиелеу

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, үлестірмелер

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі - Сабаққа әзірлік

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5 оқу талдау.

ІІІ. Өткенді пысықтау: Сұрақтар қоя отырып, жауап алу.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Тік төртбұрыш салу оның периметрін табу.

Ү. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс.

1 3 см

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.10.2020
549
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12