Материалдар / Наурыз-жыл басы!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Наурыз-жыл басы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт – дәстүрді дәріптеу, құрметтеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Қараша 2021
292
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: Наурыз-жыл басы!

Мақсаты: Балалардың Наурыз мерекесі жөніндегі білген, түйгенін одан әрі толықтыра отырып, мерекедегі ұлағатты салт – дәстүрді дәріптеуге, құрметтеуге тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау: қуаныштарын үлкендермен бөлісуге, мейрімділікке тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық салт – дәстүрімен

кеңірек таныстыру, әртүрлі ұлттық салт дәстүр арқылы баланың тілін дамыту.

Ән: «Көңілді күн» Әселдің орындауында

Бақдаулет: Наурыз тойы – тамаша

Наурыз тойы – жаңаша

Табиғат та тамаша

Тамылжып тұр жараса



Дамир:Жылдың басы Наурыз

Жердің басы Наурыз

Мерекеге арналсын

Бүгінгі жыр – әніміз



Саят:Жыл басы Наурыз мереке

Ақ нұрға әлем боялды

Наурыз тойы береке

Тіршілік жаңа оянды



Айдын:Күн мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз

Наурыз бұл – береке

Құтты болсын мереке!



Айша:Жарасып, жаңғырып

Құлпырды жер мен көк

Әр жүректен ән тарап

Шаттанады шартарап



Ерсұлтан: Наурыз тойым, Наурыз тойым

Құтты болсын, халайық!

Қане достар, қане достар

Шырқап әнге салайық.

-Балалар,бізге «Балапан»телеарнасынан тілші келіпті.Сендердің «Наурыз»жайлы не білетіндерің жөнінде сұхбат алмақшы екен.Дайынбыз ба?

Наурыз туралы не білесіндер?

Жауабы: Наурыз – парсы сөзі. Нау – жаңа, рыз – күн, «жаңа күн, жыл басы» дегенді білдіреді. Ал қазақшасы – Ұлыстың ұлы күні.



Наурыз жыры деген не?

Жауабы: Наурыз мерекесінде айтылатын жыр, өлең, мадақтау, тілек, бата, әзіл. Оның түрлері халық арасында өте көп тараған.

Наурыздан тілек қандай мақсатта, қай ауқытта айтылады?

Жауабы: Наурыз тілек – достық көңіл мен тілек-тестіктің, адамгершіліктің белгісі. Әр адам өзіне, отбасына немесе жақын туыс-туғандары мен дос-жарандарын Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап жақсы тілек тілейді, бір-бірінің үйіне кіріп дәм татады.



«Наурыз төл» дегенді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар наурыз төлі деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, малжандық қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайтын болған, ешкімге сыйлауға да болмайды.



«Наурызкөк» дегеніміз не?

Жауабы: Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе» деп шықырып жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейтін болған.



«Наурызша» деген сөзді қалай түсінесің?

Жауабы: Наурыз айында жұп-жұқа, қиықша қырбық қар түседі. Оны халық «наурызша»деп атайды.

-Рахмет,балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер.Мен басқа да сыныптардың «Наурыз»жайлы не білетінін сурап көрейін.Сау болыңдар балалар!Келесі кездескенше.

Наурыз күні «Саумалық»айту дәстүрі де болады.

Саумалық,саумалық

Самарханның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?



Саумалық,саумалық,

Қан тауының көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?



Наурыз көже

Жаңа жыл күні 7 түрлі тағамнан –соғымнан қалған сүр ет,қойдың басы,сүт,езілген құрт,бидай тағы басқа салып,қазан толы «Наурыз көже» пісіріледі.Қойдың басы мен сүр ет салып пісіруі-қыс тағамымен қоштасып,құрамына ақтың қосылуы-жаз тағамымен қауышудың мәнісін білдіреді.Ал «Наурыз көжені»тойып ішу «Жыл бойына тоқшылық болсын»деген ұғымға саяды.

-Наурыз көжені тойып ішіп жастар айтысып,түрлі ойындар ойнап,ән салып,би билеген.\

Үлкендер жағы баланы «бесікке салу,тұсау кесу»деген сияқты көптеген рәсімдер жүргізген.

Ата аналардың ұйымдастыруымен «Тұсау кесу рәсімі» көрсетіледі.

Айтыс

Ұл:Азамат:

Жылдың басы – Наурыз,



Жырдың басы – Наурыз.



Наурызға айналсын



Бүгінгі жыр мен әніміз.



Наурыз деп, ей қыздар,



Кел шырқайық бәріміз.

Қыз: Камила



Көптен күткен айымыз



Келген шақта Наурыз,



Шараларға толғанда



Наурызкөже бал–уыз,



Досым әнін бастасын,



Қоштауға біз дайынбыз.

Ұл:Асқар



Қыздарға бұл не болған,



Тоймаған ба көжеге,



Ұқсайды екен шөжеге



Шөже, шөже, шөжелер,



Шөжелерге көже бер.

Қыз:Әсел



Жамыраған қаздай,



Маңыраған қозыдай,



Бірін–бірі тыңдамай



Ән салатын ұлдар–ай!



Көже көрсе тап беріп



Бас салатын ұлдар–ай!



Қыдыр ата:



Бәрікелді! Барлығы да сайрап тұр екен. Тіл – көзден сақтасын!



Менің әлі баратын жерлерім көп.

Мына кішкентай бүлдіршіндерге батаңызды беріңіз.

Қыдыр ата:

Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын!



Қайда барсаң, жол болсын



Төрт түлік ақты болсын,



Ұлыс береке берсін,



Бәле – жәле жерге енсін!



Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.

«Қара жорға» биі

Хормен: Наурыз тойы салтымыз



Аман болсын халқымыз



Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын



Наурыз құтты болсын!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!