жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Наурыз-жыл басы"
«№8 Н.Оңдасынов атындағы жалпы орта мектебі»
мемлекеттік мекемесі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы:
НАУРЫЗ-ЖЫЛ БАСЫ

3 Бсынып жетекшісі:Абдрасулова Ажар
Сабақтың тақырыбы: «Наурыз-жыл басы»
Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт-дәстүрін бойына дарыту, шынайылыққа, адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны: Бүкіл тіршілік атаулы түрленіп, жаңаруы паш етіледі. Мейрамның ең қадірлі дәмдері мен қасиетті сөздері кеңінен насихатталады.
Көрнекілігі:(Ресурстар) АКТ, проектор, қазақтың киіз үй жабдықтары, ұлттық тағамдар, қанатты сөздер
Түрі: Мерекелік сазды әдеби-музыкалық кеш.
І. Қонақтарды қарсы алу
ІІ. Халық әндері мен билерін тамашалау.
ІІІ.Тұсау кесу рәсімі.
Қыдыр атадан бата алу.
ІV.Ұлттық ойындардан көрініс (қол күрес, асық ату ойыны, күрес)
«Достығымыз жарасқан» Әр ұлт өкілдерінің киімін киген бозбала мен бойжеткендер билейді.
Барысы:
Әнұран
Баяндама оқу (Сынып жетекші)
1-жүргізуші:
Армысыздар қымбатты ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған 3 Б сынып оқушыларының «Наурыз-жыл басы» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші:
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Наурыз тойын жұп жазбай
Жылда қарсы алайық.
1-жүргізуші:
Аққар кетіп, қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның бұл кенелген
Күн мейрамы ежелден,
Құтты болсын, бұл Наурыз!
2-жүргізуші:
Күн менен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді салтымыз:
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеді.
Наурыз тойы – береке,
Наурыз тойы –
жыр-аңыз.
«Наурыз көктем» әні орындайтын
Өмірзақ Айсұлу
1-жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ қазақ емес,
Нағыз қазақ- домбыра.
Рысбек Диасбектің орындауында «Кеш жарық» әні
2-жүргізуші: Ал, халайық, тұрмайық,
Әндетейік жырлайық!
Ортамызды ашайық,
Ырыс тілеп бұл жылға,
Биден шашу
шашайық!
«Айшолпан биі» бишілер
тобы
1-жүргізуші:
Наурыз мейрам жүректерге нұр
сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығыңмен, шуағыңмен Күн-Ана, Алып келдің жер бетіне гүл
көктем.
«Нұрлы көктем» әні орындайтын
Амирхан Айнара
2-жүргізуші: Әжемді жақсы көремін
Өлең айтып беремін.
Үлкен болып өскенде,
Бәрін алып беремін.
«Сағындым әже» әні орындайтын Мейірбекова Жұлдыз
1-жүргізуші:
Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым
Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді, ақ сүтін,
Кең құшағың-аясында гүл бақтың.
«Аналар» әні орындайтындар: Әбдіғаппар Мақпал, Елмұрат Нурислам
2-жүргізуші:
Сән-салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке бұл тойға
Бимен шашу шашайық!
«Алтынай» биімен ортада биші қыздарымыз
1-жүргізуші: Наурыз тойын әдемі Анам еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды.
Анам наурыз көжеге
Жеті түрлі ас салды.
Әже: Ау, аталар, аналар!
Айналайын балалар!
Жеп-ішсін деп тамсанып
Жеті түрлі дәм салып
Наурыз көже пісірдім
Құйдым алтын табаққа
Құлшыныңдар тамаққа
Бұл көжеден татыңдар
Бар қызыққа
батыңдар.
Ұлттық тағамнан ауыз
тию. Наурыз көже
ұсыну
Ал енді Қыдыр атадан бата алайық
Қыдыр ата: Армысыңдар, балалар,
Бармысыңдар, балалар!
Батаменен ел көгерер,
Жаңбырменен жер көгерер.
Сұрасаң, бата берейін
Үстем болсын мерейің!
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін!
Бәле-жала жерге енсін!
Аумин!
2-жүргізуші:
Өнер қуған жасынан,
Өнері судай тасыған.
Келесі біздің жігіттер,
Көрінген көштің басынан.
«Жігіттер» биімен ұл балаларды қарсы алайық!
1-жүргізуші:
«Тұсау кесу» рәсімі
«Тұсау кесу жырымен» ортада Өмірзақ Айсұлудың анасы
Наурыз мерекесі – елімізде атап өтілетін мерекелердің төресі. Халқымыздың терең тарихынан сыр шертетін бұл мейрам салт-дәстүрімізді жаңғыртып, өткеніміз бен бүгінімізді сабақтастыруда маңызы зор. Ұлыстың Ұлы күнін тек қазақ халқы ғана емес,
Азияның өзге де көптеген елдері ерекше құрметпен қарсы алады.
Ал енді әр ұлттың биін тамашалаңыздар.
Ата-аналарға сұрақтар беру.
Мерекелік іс шарамызды ары қарай ұлттық ойындармен жалғастырамыз.
Ол үшін ұл балаларды ортаға шақырамыз.
(қол күрес, асық ату, күрес т.б)
«Менің Қазақстаным» әні орындайтындар Балерке, Мақпал
2-жүргізуші:
Қош болыңыз, Наурызым ардақты,
Халқым саған бір үмітін жалғапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп жан-жақты.
Осымен наурыз мейрамына арналған мерекелік іс шарамыз аяқталды.
Ұлыстың Ұлы күні әрбір отбасына қуаныш, бақыт әкелсін!
1-жүргізуші:
Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын. Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Зейін қойып тыңдағандарыңызға РАХМЕТ!
Қош сау болыңыздар!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген