Материалдар / "Наурыз жыл басы" Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Наурыз жыл басы" Ашық ұйымдастырылған іс-әрекет

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2024
198
0 рет жүктелген
1900 ₸
Бүгін алсаңыз
+95 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +95 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағаты: «Наурыз-жыл басы»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні екенін ашып көрсету; Дамытушылық: -оқушылардың санасына халықына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге дамыту; Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды дәріптеуге,мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына , адамгершілікке, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу. Көрнекілігі:, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы.ұлттық тағам, Сабақтың барысы: Тәрбиеші: «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл – наурыз айының 22 жұлдызына сәйкес келеді. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан, дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр. Бүгінгі жиналған қонақтар алдымен наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мерекесі отбасыларыңызға құт береке,ынтымақ, молшылығын ала келсін. Жүріңіздер Наурызда басып аяқ, Қалыс адам болмасын некен- саяқ. Ән айтылсын, би биленсін қауым боп, Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп Тәрбиеші: Ендігі кезекті тақпақтарға береміз. Мансұр Наурыз тойым ,Наурыз тойым Жыл басы- Наурыз мереке Ақ нұрға әлем боянды. Алыс жақын қауышты Наурыз тойы береке Көктемдегі жарқын сәт Тіршілік жаңа оянды! Көңілдерге ауысты

Каусар Жылдың басы Наурыз, Наурыз жауын наурыз сән Жердің басы Наурыз. Әсем әуен сазды ән Мерекеге арналсын Қыз бозбала қыдырған Бүгінгі жыр- әніміз. Жасыл желек көк аспан

Бексұлтан Наурызбен құттықтап, Наурыз келді алақай Алыс жақын қауышты. Кел билейік балақай Көктемдегі жарқын сәт, Бізде қарап тұрмайық Көңілдерге ауысты. Тойға шашу шашайық

Тәрбиеші :Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен, Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем. Жарығымен,шуағымен, күн – ана Алып келді жер бетіне жер көктем –дей келе келесі кезекті «Көктем» биін ұсынамыз. Тәрбиеші: Дәстүрдің озығы бар, жазығы бар, Өткеннен бізге жеткен асылы бар. Сәбидің кейбір кезін қызықтайтын, Қазақта "Тұсау кесер" рәсімі бар. Тұсау кесу дегеніміз 1 жасқа толып, еркін жүре бастаған балбөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей, жүріп кетуіне тілек білдіретін салт. Күлгенің де той сенің, Жүргенің де той сенің. Қызықтасын халайық, Тұсау кескен бұл күнің Есте қалсын, жарқыным. Олай болса біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған тұсау-кесер көрінісін тамашалаңыздар. Тәрбиеші::Балалар-ау, балалар! Шақырады далалар. Көктем келді гүл алып, Құстар келді жыр алып дей келе келесі кезекте сыныбымыздың әнші қыз Камаладин Аяажан ортаға шақырамыз. Тәрбиеші: Қазақ қазақ емес,нағыз қазақ «Қара жорға» биін билеген нағыз. Келесі кезекте «Қара жорға»биі Қазақ халқы әр қашанда қонақжай халық. .Қонақ келсе қорадағы жалғыз малын сайған қазақ. Қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы айтып өтейін. Наурыз мерекесінде қазан- қазан ет асылады. Наурыз көже пісіреді. Сол мерекеге орай біздің сыныптың ата- аналарыда «Наурыз көже жасаған»олай болса барлығыңызды «Наурыз көжеден» дәм татуыңызды сұраймын.









Тәрбиеші: Ата-аналарға: «Сұрақ-жауап» 1.Бет ашар дегеніміз не? (Жаңа түскен келіннің бетін ашу) 2.Қыз ұзату дегеніміз не?(Ертеден келе жатқан екі елдің арасындағы байланыс болар ер адам мен әйел адамның ағайын мен халықтың алдынды бата алып,отау құруға бастау болар салт-дәстүр.) 3.Наурыз көже қалай жасалады?(Халықтың дәстүрі бойынша оған бидай,тары,сүр ет,бұршақ,сүт,су,тұз сияқты кем дегенде азақ салынады.) 4.Сырға салу дегеніміз не? (Қыз ұзату,келін түсіру жоралғыларының бірі.Сырға Салу кезінде жігіт жағынан 4-5 адам келіп құда түсер ырымын жасап қыздың құлағына сырға тағып,қызды алып кететін күнді белгілейді.) 5.Есік көрсету дегеніміз не?(Есіу көрсету,ескі ашар-жаңа түскен келінді күйеу жігітінің туған-туысқандары мен дос-жарандарының өз үйлерімен таныстыру мақсатымен қонаққа шақыру рәсімі.) Қазақ халқы әр мерекені батасыз өткізбеген олай болса, бүгінгі мерекеміздің батасын алуға «Қыдыр атаны» ортаға шақырамыз! Қыдыр ата: Сұрасаң бата берейін, Үстем болсын мерейің Ықыласпен қол жайсаң Ақ тілекті төгейін. Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын. Қайда барсаң жол болсын. Ұлыс бақты болсын Төрт түлік ақты болсын. Ұлыс береке берсін, Бәле-жала жерге енсін. Ұлы халқым тоқ болсын. Көйлектерің көк болсын. Уайым –қайғы жоқ болсын, Қуаныштарың көп болсын. Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте, Қастерледік, қадіріңді білдік те. Құтты болсын, Ұлыс күн жұмылдырған, Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке дей келе ынтымағымыз,бірлігіміз ажырамасын жыл сайын осындай ауыз біршілікте Ұлыстың ұлы күнін тойлай берейік.







Тәрбиеші

Ән қосылсын әніңе, Сән қосылсын сәніңе! Ырысты боп жаңа жыл, Бақ дарысын бәріңе! Ой қосылып ойыңа, Бой қосылсын бойыңа! Аман – есен жетейік. Келер Наурыз тойына! Осымен МАД тобының дайындаған Наурыз-жыл басы атты мерекелік іс-шарамыз аяқталды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!