"Наурыз-жыл басы" бастауыш сынып

Тақырып бойынша 23 материал табылды

"Наурыз-жыл басы" бастауыш сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Наурыз -жыл басы" бастауыш сыныпқа арналған тәрбиелік шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағаты:  «Наурыз-жыл басы»

Мақсаты: Наурыз мерекесі туралы толық мағлұмат беру, халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Ұлыстың ұлы күні  екенін  ашып көрсету;

Дамытушылық: -оқушылардың санасына халықына деген мақтаныш сезімін ұялату, өнерін, мәдениетін қастерлей білуге дамыту;

Тәрбиелік: -мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына, адамгершілікке, елін, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, буклеттер, ұлттық аспаптар, ұлттық киімдер, қамшы.

Сабақтың барысы.

Мұғалім: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

1-оқушы: Уа жарандар, жарандар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық...
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырық
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Жарапазан жыры бар.

2-оқушы: Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата–бабам тойлаған
Наурызым армысың!

3-оқушы: Келе жатыр жылымыз
Мейрамдаймыз мұны біз
Жас балаша нұрланып,
Жадырасып бәріміз.
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды.

4-оқушы: Наурыз келсе құт келгені, халайық!
Есік ашып, шашу шашып, ел болып қарсы алайық!
Ақ әже Наурыз шашуын шашады.
Наурыз: жайнатамын бар гүлді, сайратамын бұлбұлды
Мейрам етіп бұл күнді.
Ән: «Наурыз думан»

5-оқушы: Хош келіпсің, Наурыз!
Арман тойы халықтың
Қуанышы халықтың
Құтты болсын қадамың!
Сені тойлап қарсы алып,
Бар әлемге жар салып,
Сәлем бердік біз сізге!

6-оқушы: Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен,
Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем.
Жарығымен,шуағымен, күн – ана
Алып келді жер бетіне жер көктем.

7-оқушы: Күн мен түн теңелді,
Жер шуаққа кенелді,
Қуанышта ел енді.
Наурыз келді, салтымыз
«Көгерсін» деп халқымыз
Көшеге тал егеді.

Көрініс  «Күн мен түн»
Күн: Сәулесі мол Күнмін
Түн: Жұлдызы көп түнмін.
Бірге: Бірдей болып біздер,
          Теңелеміз біз бүгін.
Түн: Ал ертең  күн ұзақ
Күн: Түн қысқарар бірақ
Бірге: Ұйқы қанбай қалып
           Жүрмеңдер, тек жылап.

8- оқушы: Жүріңіздер Наурызда басып аяқ,
Қалыс адам болмасын некен- саяқ.
Ән айтылсын, би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайтын өнерді аяп
Би «Қазақ биі»

9- оқушы: Халқымыздың  аңыздары бойынша 21-наурыздың түнінде сағат 3-те даланы Қыдыр ата аралайды екен. Жаңа күн табалдырықты аттап үйге кіргенде «Жалғыз шала сәуле болмас» деп қос шырақ жағылып  қойылады. Ыдыс атаулыны «Ырысқа» деп жеті түрлі тағамға толтырып қояды. Жыл бойы ырысымыз мол болсын деп тілейді.
Ортаға Қыдыр ата келіп, бата береді.
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің
Ықыласпен қол жайсаң
Ақ тілекті төгейін.
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын.
Ұлыс  бақты болсын
Төрт түлік ақты болсын.
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін.
Ұлы халқым тоқ болсын.
Көйлектерің көк болсын.
Уайым –қайғы жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын.
Ән : «Наурыз жыры»
Көрініс. «Үш бидің өсиеті»
Төле би: Жаңбыр жаумаса жер жетім,
               Басшысы болмасаа ел жетім,
               Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
               Атың жақсы болса – ер жігіттің пырағы,
               Балаң жақсы болса – жан мен тәннің шырағы.
Қазбек би: Тату болса ағайын жақын,
               Ақылшы болса апайың жақын,
               Бауырмал болса інің жақын.
               Алдыңа тартқан адал асың,
               Қимас жақын қарындасың.
Әйтеке би: Ашу бар жерде ақыл тұрмайды,
               Ашу деген ағын су,
               Алдын ашсаң арқырар.
               Ақыл деген дария
               Алдын тоссаң тоқырар.
               Кісі бірге туыспау керек,
               Туысқан соң сөз қуыспау керек.
               Сөз қуған бәлеге жолығады,
               Жол қуған олжаға жолығады.
Ән: «Көктем келді»
10-оқушы: Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді.

Қонақтарға наурыз көже тарату.

11-оқушы:Бата беру.
Наурыз тойы құтты болсын!
Деніміз сау мықты болсын.
Наурыз тойы келе берсін,
Барлық халық бақытты болсын,
Еліміздің несібесі көп болсын!
Қош сау болыңыздар, халайық! Көріскенше күн жарық болсын!



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2024
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі