400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Наурыз-жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне қажетті материал. Сабақтарын түрлендіріп өтетін жас мамандарға қажет болады деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы:1 «А»

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:Наурыз-жыл басы.Заттың қимылын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: 

Білімділігі: Заттың қимылын білдіретін сөздер оның сөйлемде атқаратын қызметі туралы түсінік беру. Заттың атын білдіретін сөздермен заттың қимылын білдіретін сөздердің байланысын меңгерту.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын,ойлау өрісін дамыту.Шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға дербес жұмыс жасауға үйрету.Өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды мейірімділікке, салт-дәстүрді бағалай білуге үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі:Жаңа білімді меңгеру

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс:Дүниетану

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру,сұрақ-жауап,талдау,топтастыру.

Қолданылатын құрал- жабдықтар: дидактикалық материалдар.

Уақыт

Белсенді жұмыс түрлері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3 минут




Топқа бөлу.

Психологиялық дайындық

Сәлем саған алтын күн,

Сәлем саған ұстазым.

Сәлем саған достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

Түгендеу

3 топқа бөлініп отырады

1. «Алма»

2.«Алмұрт»

3.«Өрік»

Оқушылармен сәлемдесемін.





Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгендеймін.

Оқушыларды жемістер арқылы топқа бөлемін

Мұғаліммен,сыныптастарымен сәлемдеседі.



Сынып басшысы келмеген оқушыларды айтып шығады.


Түрлеріне қарай өз тобына отырады

Білу

8 минут


“Кім алғыр?”

1-топ:Адамға қатысты сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Мысал келтір.

2-топ: Заттар мен жануарларға қандай сұрақтар қойылады? Мысал келтір.

3-топ:Қандай сөздер бас әріптен басталып жазылады?Мысал келтір.

Оқушыларды мұқият тыңдап жауабын толықтырып отырамын.


Топта талқылай отырып орындайды.

Түсіну

10 минут






"Не?"-------------------"Кім?"
... құлындайды----...емдейді
...қоздайды--------...оқытады
...боталайды--------...тігеді
...бұзаулайды-------...жазады

109-жаттығу.Әңгіменің мазмұнын айтып,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қоямыз.


Оқушыларға бағыт беремін.


Әр топ өзіне берілген тапсырманы тиянақты орындайды .


Сергіту сәті

1 минут

Біз бақытты баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Сабақта тыныш отырып,

Жақсы білім аламыз.

Кілең бестік аламыз

Жақсы оқушы боламыз

Оқушылармен бірге сергіту сәтін орындау.

Оқушылар жатқа айтады.

Қызығушылық танытады.

Қолдану

8 минут

Наурыз – жыл басы
Өлеңді хормен оқу.
Өлеңдегі әр сөздің бірінші әрпі жыл санау ретін білдіретіндігін атау.
Наурыз – жыл басы.
Түйе сеніп бойына,
Қалған ұмыт жылдардан.
Жатпа қарап,мойыма
Талма именіп ділмардан. С.Мұқанов

Бүгінгі тақырыпқа сай өлең шумақтарымен танысайық

Оқушылар мұқият тыңдайды.Сұрақтарға жауап береді.

Талдау

8 минут

110-жаттығу.Мәтінді көшіріп жазып,іс-әрекетті білдіретін сөздердің астын сызамыз.

Көмектесіп отырамын


Берілген тапсырманы топта талқылап,жауап береді.

Жинақтау

5 минут

Сәйкестендіру. Адасқан сөздерді сәйкестендір.
Арыстан............боздайды
Түйе.................ақырады
Аю...................мөңірейді
Жылқы............маңырайды
Қой.................кісінейді
Сиыр ...............бақырады

Әр топқа бүгінгі тақырыпты бекіту үшін берілген әрбір заттың атын білдіретін сөздерге,заттың қимылын білдіретін сөздерді байланыстыра білу

Әр топ оқушылары жауап береді.

Үйге

Ереже жаттау

Өлеңді жаттау



Бағалау

2 минут

Белсенділік танытқан оқушыларды мадақтау,марапаттау

Менің көңіл күйім .Топты бағалау.

Рефлексия





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 мамыр
442
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі