Бірінші
кіші «Айналайын» тобындағы ұйымдастырылған
оқу қызметінің конспектісі.
Тәрбиеші:Муканова
Д.Д.
Күні:
14.03.2019ж.
Білім
беру саласы: Таным.
Өтпелі
тақырып:
«Жайнай
бер Қазақстаным»
Тақырыбы
:
«Наурыз
келді»
Мақсаты:
Тәрбиелік:
Балаларды
халқымыздың салт- дәстүрін қадірлей
білуге,достыққа тәрбиелеу.
Оқыту:
Мерекелік
тілектер, дәстүрлер туралы түсінік
беру.
Дамытушылық
:
Наурыз мерекесінің басқа мерекелерден
ерешелігін түсіндіру.
Әдіс-тәсілдер:
көрсету,түсіндіру,сұрақ жауап,
әңгімелесу,ойын.
Ресурстармен
қамтамасыз ету: бейнетаспадан
«Наурыз» мерекесін көресту.
Сөздік
жұмыс: наурыз
көже, тілек
Ұйымдастырылған
оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастыру
кезеңі.
Шеңбер
жасап тұрып, Наурызға арналған тіліектер
айту.
2.Негізгі
бөлім.
Балалар
тәрбиеші көмегімен бірге тілектер
білдіреді.
-Наурыз
мерекесі құтты болсын!
-Ақ
көп болысын!
-Жақсылық
мол болсын!
-Асапанымыз
ашық болсын!
1Әңгіме
жүргізу.
-Наурыз
-көктемдегі адамдардың асыға күтетін
мерекелірінің бірі. Наурыз жыл басы деп
аталады. Бұл күні барлық адамдар бір
біріне жылы лебіздерін білдіреді. Бір
біріне «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын»
деген тілектер айтады.
2.Суретпен
жұмыс.
-Адамдар
Наурыз мерекесін қарсы алып жатыр.
Балалар суретке қарап әр түрлі жауап
береді.
«Наурыз
мерекесінде үйге қаншама адамдар келіп,
наурыз көжеден дәм татса, үй иесіне
соншама жақсылық келеді, бақыт қонады»
деген ниетпен адамдар бір бірін қонаққа
шақырады. Балалардың жауаптары тыңдалады.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталап
айтады.
Наурыз
мерекесінің тағы бір ерекшелігі адамдар
үйлерін, аулаларын тазалап, көшеттер
отырғызады.
Наурыз
күні не пісіріледі? -Наурыз көже.
-Наурыз
мерекесінде қазақ халқының ұлттық
тағамының бірі ---Наурызкөже пісіріледі.
Балалар
наурыз көжені жеті түрлі тағамнан
дайындайды.
-Наурыз
мерекесінде ұлттық ойындар ойналады.
Ойын:
«Қуыр қуыр қуырмаш»
Қуыр
қуыр қуырмаш,
Балапанға
бидай шаш,
Тауықтарға
тары шаш,
Әжең
келсе, есік аш.
Балалар
қолдарын ашып, бас бармақтан бастап
шынаққа дейін саусақтардың атын түгел
атап береді: бас бармақ, балаң үйрек,
ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай
бөбек.
Үлестірмелі
материалмен жұмыс.
Тапсырманы
қалай орындау керектігін түсіндіру.
Балалар суреттегі қуыршақтың көйлегін
өздеріне ұнайтын түспен бояйды.
Қорытынды:
-Балалар,қандай мейрам келе жатыр?